194
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
8.3 Сапалық зерттеулердегі дерек жинаудың әдістері
Зерттеушілер сапалық зерттеулердің
көбінде уақыттарын та-
биғи ортада өткізіп, деректерді түрлі әдістер арқылы жинайды.
Сапалық зерттеуде мәліметтерді жинаудың негізгі әдіс-тәсілдеріне
бақылау, сұхбат, құжаттарды жинау, аудиовизуалды материал-
дарды жинау жатады (Creswell, 2013).
Бақылау – сапалық зерттеулерде
қолданылатын ең көне әрі
ең іргелі тәсілдердің бірі. Ол адамдар мен оқиғаларды бақылау-
ды немесе олардың табиғи ортасындағы адамдардың физикалық
ерекшеліктерін түсіру жолымен мәлімет жинауды көздейді. Субъ-
ектілер жағдайдың бақыланып
жатқанын білетін болса, бақылау
тәсілі ашық жүргізіледі, сонымен қатар жасырын да болуы мүмкін
(McKechnie, 2008). Бақылаушылар сапалық зерттеуде әртүрлі рөл
атқарады, соның ішінде толық қатысушы ретінде де қатыса алады.
Әдетте бақылау ашық болады, себебі зерттеуші қатысушыларға өз
пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беретін жалпылама сұрақтар қо-
яды (Creswell, 2009).
Сұхбатты сапалық деректерді жинау әдісі ретінде пайдалану
жолдары 6-тарауда жан-жақты баяндалған.
Зерттеуші мәселені қарастыру барысында көпшілікке жария
етілген (мысалы,
газеттер, кездесу хаттамалары, ресми есептер)
немесе жеке (мысалы, жеке журналдар мен күнделіктер, хаттар,
электрондық хаттар)
құжаттарды жинай алады.
Аудиовизуалды материалдарды жинау да сапалық деректерді
жинаудың әдісі болып саналады, ол фотосурет, өнерге қатысты зат-
тар, бейнежазбалар, веб-сайттың басты беттері, электрондық по-
шталар, мәтіндік хабарламалар, әлеуметтік медиамәтіндер немесе
аудиоматериалдар сияқты бөліктерді қамтиды (Creswell, 2009).
Деректерді жинау әдісі түрлерінің
өзіндік артықшылықтары
мен кемшіліктері бар (8.3-кестені қараңыз).
195
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Достарыңызбен бөлісу: