191
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Іріктеу страте-
гиясының атауы
Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы
Максималды
нұсқа (maximum
variation)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе тұлғаларды зерттеуде
қарастырылатын көзқарастардың ауқымын барынша арттыру
мақсатында әртүрлі сипаттамаларына қарай таңдау. Мысалы,
университет студенттерінің ерікті ретінде қатысуын қарасты-
ру үшін зерттеуші түрлі әлеуметтік-экономикалық топтардан,
түрлі нәсілдерден,
ұлттардан, мәдениеттерден және түрлі жұмыс
тәжірибесі бар студенттерді таңдайды (Mertens, 2010).
Ыңғайлы кейс
(homogeneous)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды ұқ-
састық сипатына қарай таңдау. Мысалы, 6-7 жасар саңыра-
у-мылқау балалардың ата-аналары ерекше қажеттіліктері бар
балаларды мектепке дейінгі білім беруде
бірдей тәжірибесі бар
ата-аналар тобы деп есептеледі (Mertens, 2010).
Сыни кейс
(critical case)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды нақты
сипаттама негізінде таңдау, себебі олардың зерттеуге тартылға-
ны зерттеушіні қызықтырған құбылыс туралы дәлелді ақпарат
береді. Мысалы, егер ерекше қажеттіліктері
бар балаларға толық
инклюзия жоспарланса, зерттеуші мұндай балаларға арналған
бөлек мектепте олардың білім алуына қанағаттанған ата-ана-
лары бар жерлерді анықтай алады. Егер ондай елді мекенде
инклюзия бағдарламасы сәтті жүзеге
асырылды деп танылса,
онда ерекше қажеттіліктері бар балаларының бөлек білім алуы-
на көңілі толмайтын ата-аналары бар басқа елді мекендерде
бағдарламаның қаншалықты сәтті болатынын көруге болады
(Mertens, 2010).
Теориялық жақтан
негізделген
(theory based)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе
жеке тұлғаларды
зерттеушіге зертету жұмысын теориялық жағынан дамытуға
көмектесетін негізде таңдау. Мысалы, зерттеуші студенттердің
онлайн-нұсқаушы болуын қабылдау теориясын ойлап табу үшін
университетте онлайн оқитын студенттердің қабылдауын зерт-
тейді. Ол үшін зерттеуші онлайн режимде оқитын студенттерді
таңдап, олармен жаңа деректерді
анықтау аяқталғанша сұхбат
жүргізеді (Feeler, 2012).
Растайтын және
жоққа шығаратын
кейстер
(confirming and
disconfirming cases)
Деректерді жинау басталғаннан кейін зерттеуші бастапқы қоры-
тындыларды тексеру немесе теріске шығару үшін одан ары қарай
талдау жүргізеді. Мәселен, зерттеуші студенттердің онлайн-нұсқа-
ушының қатысуын қалай қабылдайтыны туралы теорияны ойлап
тапты және оны тексергісі келеді делік. Бұл үшін
зерттеуші
нәтижелерді растайтын немесе жоққа шығаратын бөгде қаты-
сушыларды табады, бұл зерттеушіге зерттеудегі кемшіліктерді
анықтауға және оған көбірек шынайы болуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: