Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Категориялық, реттік және үздіксіз айнымалылар



Pdf көрінісі
бет138/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Категориялық, реттік және үздіксіз айнымалылар
Категориялық айнымалы – мән категориялары бар айнымалы. 
Мәселен, «жыныс» айнымалысының екі мәні бар: ер және әйел, бұл 
– дихотомиялық айнымалы. Төрт мектебі бар ауылдық жерде «сіз 
оқыған мектеп» айнымалысы әр мектеп үшін бір мәнге ие болады.


215
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Реттік айнымалының категориялық айнымалымен ұқсастығы 
бар. Олардың арасындағы айырмашылық категориялардың нақты 
реттелгендігінде. Білім беру тәжірибесі деген айнымалыны қара-
стырайық (бастауыш мектеп түлегі, орта мектеп түлегі, колледж 
түлегі және университет түлегі сияқты мәнде алайық). Біз оларды 
ең кішісінен ең үлкеніне қарай реттей алатын болсақ та, мәндер 
арасындағы аралық әр алуан айнымалы деңгейінде әр қилы болуы 
мүмкін. Мәселен, осы төрт білім беру тәжірибесінің деңгейіне 1, 2, 
3, 4 балл беріп, бірінші және екінші категория арасындағы білім 
айырмашылығын, екінші және үшінші категория арасындағы айы-
рмашылықты немесе үшінші және төртінші категория арасындағы 
айырмашылықты салыстырайық делік. 1 және 2 категория (баста-
уыш және орта мектеп) арасындағы айырмашылық 2 және 3 кате-
гория (орта мектеп пен колледж) арасындағы айырмашылықтан 
әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бұл мысалда біз адамдарды білім 
беру тәжірибесінің деңгейі бойынша реттей аламыз, алайда кате-
гориялар арасындағы айырмашылықтың шамасы сәйкес келмейді 
(себебі 1-ші және 2-ші категория арасындағы аралық 2-ші және 
3-ші категориялардан ауқымдырақ). Реттік айнымалылар рей-
тинг межесі және Лайкерт межесі (Likert scales) сияқты элемент-
терді қамтиды. Ол «толық келісемін» деген «келісемін» дегеннен 
күштірек, ал «өте көп» деген «өте аз» дегеннен күштірек деген 
секілді пікірлер мен көзқарастарды анықтау үшін қолданылады 
(Cohen et al., 2011). Элементтерді ең әлсізінен ең күштісіне, ең 
кішісінен ең үлкеніне қарай реттеуге де болады, дегенмен әлі де 
тең аралықтарды қолданатын ешқандай меже, өлшем жоқ.
Үздіксіз айнымалы, аты айтып тұрғандай, саны жағынан әртүр-
лі болуы мүмкін: мысалы, банктегі ақша, айлық табыс, аудитория-
дағы білім алушылар саны деген секілді. Айнымалының түріне қа-
рай статистикалық тесттердің әр алуан түрі қолданылады (Cohen 
et al., 2011). Бұдан әрі әлеуметтік ғылымдарда сандық деректерді 
талдау кезінде жиі жұмсалатын статистикалық әдістерді қысқаша 
қарастыратын боламыз. 


216
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет