213
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
2. Жиналған деректер мен нәтижелердің дұрыстығын қайта
тексеру үшін респонденттердің кері байланысы.
Бұл ре-
спонденттерге олардың дұрыстығын тексеру үшін өңделме-
ген транскрипттерді ұсыну керек дегенді білдірмейді. Зерт-
теуші респонденттерге тақырып,
кейс талдау, мәнмәтінді
сипаттау және т.б. секілді өңдеуден өткен өнім бөліктерін
ұсынады. Бұл шара зерттеуге қатысушылардан қайта сұх-
бат алуды және оларға нәтиже
бойынша пікір білдіруге
мүмкіндік беруді қамтуы мүмкін.
3. Оқырмандарға тиісті жағдай жасап, өз тәжірибесін түйсіну-
ге жетелейтін нәтижелерді егжей-тегжейлі сипаттау. Зерт-
теушілер тақырып бойынша жан-жақты сипаттама немесе
көптеген пікір ұсынғанда,
нәтижелер шынайы әрі қанық
шығады. Бұл жайт қорытындылардың сәйкестілігін артты-
руы мүмкін.
4. Зерттеушінің дүниетаным мен ұстаным сипаты. Өзіндік
рефлексия ашық та шынайы баяндайды, ол оқырмандарға
жол табады. Сапалы жасалған
зерттеуде зерттеушілердің
нәтижелерді интерпретациялауы олардың шығу тегіне, жы-
нысына, мәдениетіне, тарихына және әлеуметтік-экономи-
калық жағдайына байланысты пікірлерінен көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: