214
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Айнымалылар түрі
Сандық деректерді талдау әдістерін талқылауға көшпес бұрын,
айнымалылардың түрлерін түсініп алған маңызды болмақ. Айны-
малы – аты айтып тұрғандай, бір жағдайдан екіншісіне қарай өз-
геруі мүмкін шарт, фактор немесе сапа; бұл жағдайдан-жағдайға
өзгермейтін тұрақтыға қарама-қарсы мән (Cohen et al., 2011).
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар
Ғалымдар сандық зерттеулер жүргізу барысында айнымалылар-
ды жиі басқарады (Thomas, 2013). Мысалы, зерттеуші түрлі типтегі
мектеп мұғалімдерінің үш тілдік білім беруге деген көзқарасын са-
лыстыра алады. Бұл жағдайда айнымалы «мектеп түрі» болып табы-
лады. Ал айнымалыны эксперимент жүргізуші басқарғанда, ол тәу-
елсіз айнымалы деп аталады. Эксперимент тәуелсіз айнымалының
(«мектеп түрі») тәуелді айнымалы «мұғалімдердің үш тілде білім
беруге қатынасына» қалай ықпал ететінін анықтауға бағытталған.
Не болмаса, мысалы, оқуға кеткен уақыт тест нәтижелеріне қалай
әсер етеді? Бұл мысалда оқу көлемі тәуелсіз айнымалы болады да,
тест нәтижесі тәуелді айнымалы деп танылады. Тестке қойылатын
бағалар тестке дейінгі оқу көлеміне байланысты. Зерттеуші, мы-
салы, тестіленушілердің жасы немесе жынысы тест нәтижелеріне
қалай әсер ететінін бағалау арқылы тәуелсіз айнымалыны өзгерте
алады. Әдетте зерттеуші тәуелсіз айнымалыны басқарады да, оның
тәуелді айнымалыға ықпалын бағамдайды (Thomas, 2013).
Достарыңызбен бөлісу: