Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


«Прагматиктер әлемге абсолютті бірлік ретінде қарамайды. Зерт-



Pdf көрінісі
бет15/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

«Прагматиктер әлемге абсолютті бірлік ретінде қарамайды. Зерт-
теушілер біріктіру әдістерінің көмегімен бір ғана зерттеу тәсілін 
ұстанып қоймай, деректерді жинап, талдаудың әртүрлі әдісіне жүгі-
неді» (Creswell & Creswell, 2020, 29-б.). 


26
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Батыс ғалымдары білім беру зерттеулерінің төрт негізгі (пози-
тивтілік, постпозитивтілік, конструктивтілік және прагматизм) па-
радигмасынан басқа трансформациялық парадигма және зерттеуге 
қатысушыларды оған қатысты мәселелер бойынша шешім қабылда-
уға тартуға негізделген парадигма
6
секілді тағы екі өзекті парадиг-
маны атап өтеді (Creswell & Creswell, 2020).
Трансформациялық зерттеу парадигмасы
Парадигма атауындағы «трансформациялық» термині нені 
білдіреді? Трансформация дегеніміз – өзгеріс. Сенім-түсініктері 
аталған парадигмаға сәйкес келетін зерттеушілер үшін зерттеу-
дің негізгі мақсаты қандай да бір әлеуметтік құбылыстарды түсін-
діру немесе себеп-салдарлық байланыстарда емес, атап айтқанда, 
қоғамды жақсы жаққа өзгерту, түрлі әлеуметтік топтар арасын-
дағы теңсіздікті азайтуға бағытталған.
Әзірше екі эпистемологиялық топқа жіктелген сандық және 
сапалық зерттеулерді жақтаушылар өз парадигмаларының ба-
сымдығы туралы пікір таластырып жатқанда, трансформациялық 
6
Бұл парадигма «партиципаторлық парадигмасы» (participatory paradigm) атауымен де белгілі. 

2 мысал. Мектеп таңдау прагматизм тұрғысынан зерттеу 
тақырыбы ретіндеа 
Мектеп таңдау мәселесін сандық әрі сапалық мәліметтерді пайдалана оты-
рып зерттеуге болады. Зерттеуші позитивтілік немесе конструктивтілік 
парадигмасын қатаң ұстанбайды. Оның басты мақсаты – зерттеу сұрақта-
рына жауап табуға көмектесетін әдістерді таңдап жұмсау. Прагматизмге 
негізделген зерттеу тақырыбы ретінде мектеп таңдауда біздің зерттеу 
сұрағымыз былайша өрбуі мүмкін: «Төмен және орта әлеуметтік тап от-
басылары арасында кездесетін мектеп таңдаудағы айырмашылықты қа-
лай түсіндіруге болады?». Зерттеуші бұл сұраққа жауап іздеу барысында 
мектеп таңдауға әсер ететін түрлі факторлардың статистикалық талдауын 
жүргізе алады, сонымен қатар ата-аналарды баласы/балалары үшін мек-
теп таңдауға қатысты өткізілетін фокус-топтарға қатысуға немесе жеке 
сұхбатқа шақыра алады. 


27
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
парадигманы жақтаушылар не постпозитивтіліктің, не конструк-
тивтіліктің зерттеуге қатысушыларға әсер ететін күш пен саясат-
тың рөлін есепке алмағаны байқалды. Нәтижесінде марксизм, 
феминизм және постколониалдық идеяларын біріктіретін сыни 
теориядан трансформациялық парадигма пайда болды (Merriam 
& Tisdell, 2016; Creswell & Creswell, 2020). Бұл парадигманы жы-
нысына, нәсіліне, этникалық тегіне немесе зерттеуге қатысушы-
лардың физикалық мүмкіндігіне қатысты әлеуметтік кемсітушілік 
мәселелерімен айналысатын зерттеушілер қалыптастырды.
Трансформациялық парадигма сыни зерттеулер үшін фило-
софиялық негіз ретінде қызмет етеді. Мерриам мен Тисделл атап 
өткендей, сыни зерттеу адамдардың өз әлемін тануын түсіндіру 
аясынан шығып кетеді (Merriam & Tisdell, 2016): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет