29
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
зерттеу мазмұнын демократияландыру және қатысушылар зерт-
теу жүргізудің рәсімдері мен әдістері туралы шешім қабылдайтын
әдістерді демократияландыру арасын ажыратып алу қажет (Heron
& Reason, 1997). Бұл парадигманың эпистемологиялық бағыты
дәстүрлі ғылыми зерттеулерден бірден ерекшеленеді, онда зерт-
теу сұрақтарына берілетін жауаптар
сандық деректерге немесе
зерттеу жүргізіліп жатқан қоғамдастыққа бейтаныс сыртқы са-
рапшылардың пікірлеріне негізделген жағдайда ғана шынайы
деп санауға болады.
Партиципаторлық зерттеу парадигмасы
трансформациялық
парадигмамен тығыз байланысты, өйткені зерттеушінің басты мақ-
саты шешім қабылдауда, мақсат қоюда, деректерді жинап, талдау
әдістерін айқындауда, зерттеу жобасын түйіндеуде қатысушының
зерттеуге белсенділігін дамыту болып табылады. Әрі қарай атап
өтетініміздей, «іс-әрекетті зерттеу» (Action Research) әдісі парти-
ципаторлық
парадигмаға жатады, себебі зерттеуге қатысушылар
«бірлескен зерттеушілерге» айналады.
Достарыңызбен бөлісу: