Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет16/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

«Сыни зертте-
удің басты болжамы барлық ойлауды тарихи және әлеуметтік 
билік қатынастары арқылы жүзеге асады деп табады» және 
«сыни» деп танылатын зерттеулер белгілі бір қоғамның әділет-
сіздіктеріне қарсы тұру әрекетімен байланысты болуы керек»
(McLaren & Steinberg, 2011, 10-б.).
Трансформациялық парадигмаға маргиналданған қауымда-
стықтар мен азшылықтың мәселелерін зерттеудің теориялық ба-
сымдықтары негізделуі мүмкін. Трансформациялық зерттеулер 
маргиналданған топтардың жағдайын өзгертуге бағытталған-
дықтан, оларда зерттеуге қатысушыларды зерттеу мақсаты мен 
сұрақтарын әзірлеуге тарту маңызды рөл атқарады. Қатысушылар-
дың зерттеуге тартылуы және олармен жетекші зерттеушінің ын-
тымақтастығы «реформалар мен өзгерістер үшін біріктірілген үн» 
болып табылады (Creswell & Creswell, 2020, 9-б.).


28
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Зерттеуге қатысуға негізделген парадигма (партиципа-
торлық парадигма)
Заманауи білім беру зерттеулерін жүргізуде «партиципатор-
лық парадигма» түрі де маңызды болып табылады. Оның басты 
ерекшелігі – зерттеуге қатысушыларды оның мақсатты тұжы-
рымдаудан бастап талдауға, деректерді түсіндіруге және қоры-
тынды жасауға дейінгі барлық кезеңінде тартып отыру. Партици-
паторлық парадигманы жақтаушылар зерттеуге қатысушыларды 
тәжірибеге қатысуға тарту арқылы адамдар «өздерінің қабілеттері 
мен мүмкіндіктері туралы өз сенімділігін нығайтады» деп есептей-
ді (Maguire 1987, 30-б.). Партиципаторлық зерттеу – ең алдымен, 
алынған деректерді зерттеушілер тобы түгел пайдалана алатын 
ұжымдық зерттеу.
Адамдар өз өміріндегі маңызды мәселелерді анықтай отырып, 
алған білімі мен дағдыларын қалай пайдалану қажеттігін шеше 
алады. Білімге ұмтылғандар оларды пайдалануда да, күнделікті 
өмірде қолдануда да шешім шығара алатын маңызды мәселе деу-
ге болады. Партиципаторлық парадигма аясында зерттеу пробле-
масы мен мақсаты туралы шешімдер қабылдауға тартылған кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет