79
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Сауалнама – сандық деректерді стандартты түрде жинаудың ең
кең тараған әдісі. Ол алынған мәліметтерді статистикалық тал-
дауға септігін тигізуде жауап алу үшін респонденттерге ауызша
немесе жазбаша түрде жіберіледі, сол арқылы мәселені зерттеуге
көмектеседі.
Сауалнаманы сәтті жүргізу үшін сізге:
• деректерді жинауға арналған сауалнама әзірлеу керек;
• әлеуетті респонденттерді анықтау (іріктеу) қажет;
• сауалнаманы сынамадан өткізу керек;
• сұрақтарға жауаптардың белгілі бір пайызын алу (response
rate) қажет.
Сауалнама жүргізу кезеңдері:
• концептілерді іске қосу (1-тарауды қараңыз);
• сауалнаманы
және дизайнын әзірлеу;
• іріктеуді тізбелеу;
• сауалнаманы сынамадан өткізу;
• сауалнама жүргізу;
• жиналған деректерді статистикалық бағдарламаға енгізу.
Деректерді жинау үшін жүргізілетін сауалнама зерттеу мақса-
тымен және зерттеу сұрақтарымен байланысты болуы керек. Қой-
ылған сұрақтарға жауап беруге қажетті деректерді анықтау үшін
зерттелетін
ұғымдарды дұрыс анықтап, оларды қалай өлшеу ке-
ректігін шешу қажет. Зерттеуші зерттеуде пайдаланылатын кон-
цептілер мен терминдердің нақты
тұжырымдалған анықтамала-
рын келтіруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: