Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет72/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Participatory action research, 19-55.
Wilson, E. and Abibulayeva, A. (2016). An Introduction to Educational Research 
Methods, British Council’s Researcher Links Programme.
Wilson, E. (2009). Action Research. In Wilson, E. (Ed.) School-based research: a guide 
for education students, 189-202. London: Sage.
Winter, R. (2002). Truth or fiction: problems of validity and authenticity in narratives 
of action research. Educational Action Research, 10(1), 143-154.


114
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Кілт сөздер:
кейс, аналитикалық ая, талдау бірлігі, 
жалпылау.
Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• білім беру зерттеулеріндегі кейс-стади әдісін анықтау;
• кейс-стади түрлерінің айырмашылығын түсіндіру; 
• кейсті аналитикалық аядан ажырату;
• өз зерттеуін жоспарлауда әдісті қолдану.
5 ТАРАУ
 
Кейс-стади сапалық зерттеудің 
әдісі ретінде
Лаура Қарабасова
Бұл бөлімде кейс-стади әдісінің анықтамасы мен оның негіз-
гі сипаты, кейсті (кейстерді) таңдау өлшемдері ұсынылады; сон-
дай-ақ кейсті зерттеу аясында деректерді жинау жұмысын жоспар-
лаудың нақты үлгілері және отандық зерттеулерде кейс-стади 
әдісін қолдану жайы қарастырылады. 


115
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
5.1 Кейс-стади сапалық зерттеудің әдісі ретінде
Кейс-стади әлеуметтік ғылымдарда, оның ішінде білім беру са-
ласында сапалық зерттеудің жиі қолданылатын тәсілдерінің (әді-
стерінің) бірі болып табылады. Аталмыш тәсіл медицина, психоло-
гия, заң, саясаттану және журналистика секілді басқа салаларда да 
кеңінен қолданылады. Кейс-стадидің тек әдіс қана емес, сонымен 
бірге осы әдісті қолдану арқылы жүргізілетін зерттеудің өзін де біл-
діретіндігін айта кету керек. 
Кейс-стади әдісі «оқиғаны» немесе «жағдайды» егжей-тегжей-
лі зерттеп, сипаттауға және түсіндіріп беруге, сондай-ақ кез кел-
ген зерттеу саласындағы практикалық мәселелерді шешуге бағыт-
талған. Бұл әдісті қашан таңдауға болатындығы жайында әмбебап 
ереженің жоқтығын айта кету керек. Дегенмен кейс-стади әдісі 
зерттеуге алынып отырған тақырып бұрын қарастырылмаған, де-
ректер өте аз, сәйкесінше, зерттеуші таңдалған тақырыпты толық 
та қысқа мерзімде түсінгісі келген жағдайда аса тиімді болып та-
былады (Verma & Mallick, 1999). Кейс-стади әдісін таңдаудың ең 
көп тараған себебі кейбір негізгі (орталық) құбылысты оның мән-
ді сипаты мен сапалық бөліктерін кеңірек сипаттау арқылы түсіну 
қажеттілігінде жатыр. Орталық құбылысты зерттеу аясында қара-
стырылатындар – негізгі концепт, идея немесе үдеріс деуге болады. 
Мысалы «оқу», «оқыту», «менеджмент», «реформа», «феминизм», 
«урбандану» және т.б. Кейс-стадидің міндеті зерттеудің орталық 
құбылысын зерттеуге қатысушылардың сөздерін талдау арқылы 
немесе жалпы бақыланған жайттардың көмегімен сипаттау болып 
табылады. Нәтижесінде жекелеген адамдардың немесе жағдайлар-
дың сипаты жасақталады.
Аталмыш әдіс дереккөздердің бай қорын пайдалана отырып, 
қандай да бір құбылысты «дәл қазіргі мәнмәтінінде» (Yin, 2014, 
16-б.) тереңдете зерттеуге де өте ыңғайлы. Өздеріңіз білетіндей, 
кейс-стадидің түпқазығы шынайы өмірде қарастырылатын зерттеу 
құбылысы болып табылады.


116
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет