Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет118/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

218 « Әтеш тартыс»
Ойын көгалды жерде, спорт залда (жұмсақ төсеніш, кілемде) өткізіледі. Ойнаушылар тең екі топқа бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір жұптардың біріншілері “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына немесе иықтарына отырады. Белгі бойынша әр топ бір-біріне жақындайды және “жоғарғылар” бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуінің денесінің бір жері жерге тисе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады.
Ең көп жерге құлатқан топ жеңімпаз аталады. Ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.
219. Қандық-сандық
Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді, өз араларынан капитандар сайлайды. Ойын ережесін сақтаушы тағайындалады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Ойыншылар бір-біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқастыра ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (еденнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені ойын басталар алдында шынтақтарын айқастырып алған ойыншылар жартылай отыру қалпында болады. Қарсыласын көтеріп алғаны жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен топ жеңімпаз атанады.
220. Аңшылар мен үйректер
Ойын алаңына радиусы 10-15 м болатын шеңбер сызылады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Шеңбер сыртында тұрғандар «аңшылар» болып саналады. Екінші топтың ойыншылары «үйректер» болып шеңбер ішінде тұрады. Шеңбер сыртындағы «аңшыларға» бір немесе екі доп беріледі. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша «үйректер» шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, жүргізушінің «тоқта!» деген бұйрығы берілісімен «үйректер» бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Денелеріне доп тиген «үйректер» «аңшыны» алмастырады немесе ойыннан шығып тұрады. Ойын барлық «үйректерге» доп тигенше жалғасады. Ойынды топтағылар өз орындарын ауыстырып қайта бастайды.
221. Арқан тартыс
Арқан тартыс ойыны жылдың барлық мезгілінде ойналады. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік жуандығы қолға ұстауға қолайлы арқан әзірленеді. Арқанның тең ортасына белгі ретінде мата байлап қояды. Арқан тартатын алаңның ортасына үш сызық сызылады, ортаңғы сызыққа мата байланған арқан ортасы қойылады да осы ортадан оң және сол жағына 2-3 метр қашықтықта екі сызық сызылады. Әр топтың мақсаты ортадағы байланған мата белгісін өз жақтарындағы 2-3 метрлік сызықтан асыра тартып алу болып табылады. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағындағы арқан ұзындығы бойымен арқанды ұстап, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылар қарсыластарын өз жағына қарай тартып, орамал байланған белгіні өздері жақтағы сызықтан өткізуге тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады. Ойынға топ-топ болып қатысқанда арқанның ұштарын түйіп байлайды. Арқанды тартқанда белге немесе білекке орап, басқа заттардан ұстап тартуға болмайды. Топтағы адамдардың қимылдарының ұйымшылдығы талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет