Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет120/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

225. «Жаяу көкпар»
«Көкпар» деген сөз «көк қасқыр», «көк бөрі» деген сөздерден шыққан деп саналады. Бұрынғы уақыттарда мылтық қаруы болмаған кезде қасқырды соғып алғаннан соң аңшылар ауылға қайтып келе жатқанда, кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарыс ойынын жасаған. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын “көкпар” деп аталып, көптеген елдерде кең тараған ойын түріне айналды.
Ойын орыны үлкен алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін “көкпар” (нығыздалған доп немесе іші жұмсақ заттармен толтырылған екі жағы байланған үлкендеу дорба) алынады. Ойын алаңның екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы сөре сызығы сызылады. Әр сызылған сөре сызығы ортадан санағанда мөлшермен бір-бірінен 50 м (келісім бойынша одан да ұзақ болуы ықтимал) қашықтықта орналасады. Алаңның дәл ортасына диаметрі 10 метр болатын шеңбер сызылып ортасына көкпар заты қойылады.
Ойнаушылар екі топқа бөлініп, өздеріне көрсетілген сөре сызығы бойымен қатарласып тұрады. Басқарушының белгісі бойынша ойыншылардың бәрі алға ортадағы “көкпарға” қарай жүгіреді. “Көкпарға” ие болған ойыншы қарсылас топ орналасқан сөре сызығына қарай жүгіріп, өз тобы ойыншыларының көмегіне сүйене отырып “көкпарды” қарсыластар сөресіне жеткізу. “Көкпарды” ұстаған ойыншыны қарсы топ ойыншылары қуып жетіп “көкпарды” тартып алуға әрекеттенеді. Қай құраманың ойнаушысы “көкпарды” қарсыластар сызығынан бірінші өткізсе, сол топ жеңімпаз атанады. Ойыншы алған “көкпар” затын өзінің тобындағы ойыншыларға беруіне болады, зат қолдан-қолға ғана беріледі, затты бір-біріне лақтырып беруге болмайды. Кімде-кім заты бар ойыншыны қуып жетіп затты тартып алса, ойын жалғаса береді, мақсаты затты алып белгілі мәреге бұрын жеткізу.
“Көкпар” ойыны адамның күшін, жылдамдығын, шыдамдылығын, ептілігін, батылдығын дамытады. Ойынға төрешілік жасау үшін 2 адам тағайындалады.
226. Аяқ астындағы жіп
Ойынға дайындық. Ойнаушылар саны әр топта 6-10 адамнан 2-4 топ жасақталады. Әр топ бір-біріне параллель сызылған сызықтар бойына бір тізбекке тұрады. Әр ойнаушы арасындағы қашықтық 1 метрден кем емес. Әрбір ойнаушы өз орнын дөңгелек сызықпен белгілейді. Әр топтың алдына 8-10 метр қашықтықта бір ойыншы тұрады, ол да өзі тұрған орынды шеңбермен сызып белгілейді немесе таяқты қояды. Топтар алдында тұратын ойнаушыларға секіргіш (немесе ұзындығы 2 м жіп) беріледі.
Ойынның жүргізілуі. Белгі бойынша тізбек алдында 8-10 м. Қашықтықта тұрған ойнаушылар секіргіштермен бірге өзінің топтарына қарай жүгіріп, оны айналады да топтың алдында тұрған ойыншыға секіргіштің бір ұшын ұстатады. Секіргішті екі шетінен ұстаған бойда олар өз топтары ойыншыларының аяқтарының астынан өткізеді. Тізбекте тұрған ойыншылар секіргіш жіпті аяқтарына тигізбей жоғары секіреді. Жіп тізбектің аяғына дейін өткізіледі. Ойынды бастаған бірінші ойыншы тізбектің аяғында қалады, ал екінші ойнаушы секіргіш жіпті алып 8-10 м қашықтықтағы шеңберді айналып өз тобына жүгіріп келіп, қайтып тізбек алдында тұрған ойнаушыға беріп, екеуі бүкіл тізбекте тұрған ойыншылардың аяқтарының астынан секіргішті өткізеді.
Ойын бүкіл тізбекте тұрған ойыншылардың бәрі рөлдері ауысып өтпегенше жалғаса береді. Ойынды бірінші бастаған ойнаушы өз алғашқы тұрған орнына келгенде, секіргішті қолына ұстап, оны жоғары көтереді және “Тік тұр!” бұйрығын береді. Бүкіл қатар “тік тұр!” бұйрығын орындайды. Қай топ бірінші орындайды, сол топ жеңіске жетеді. Айып ұпайлары жоқ, жіпті аяқтарына тигізбеген және ойынды ерте бітірген топ ойнаушылары жеңімпаз атанады.
Ережелер: 1) тізбек алдында тұрған ойнаушы секіргішпен қашықтықтағы шеңберге жүгіргенде, топтағы ойыншылардың бәрі бір орынға алға жылжиды;
2) егер секіргішті аяқ астынан өткізіп жатқанда қолдан жіберсе, онда қай жерде жіптен айырылды, сол жерден қайтадан бастаулары керек;
3) егер секіргіш жіпті аяқпен басып қалса, онда ол ойыншыға айып ұпайы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет