Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет127/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

250. Доп дарытпа
Ойынға кішірек доп пайданылады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер ішіне тұрады. Екінші топтағылар бірінші топтағыларды 10-15 метр қашықтықта шеңбер сыртында орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Олар шеңбер ішіндегі ойыншыларды дәлдеп доппен ұрып шығарулары қажет. Ал бірінші топтағылардың міндеті – бойларына допты дарытпау. Доп тиген адам ойыннан шығады. Сөйтіп ортадағы адамдар ойыннан шығып біткенше ойын жалғаса береді. Одан соң сырттағы топ іштегі топпен орын ауыстырады.
Келісім бойынша, ортадағы ойыншылардың бірі өзіне бағытталып лақтырылған допты жерге түсірмей қағып алса, ойыннан шығып қалған ойыншылардың бірі қайтадан ойынға кіреді.
Ойнаудың басқа түрі. Ойыншылар аралары 5-10 метрден үш қатарға тұрады. Екі шеткі қатардағылар ортадағы қатардағыларды доппен дәлдеп соғып тигізулері қажет. Ал ортаңғы қатардағылар өздеріне допты дарытпау үшін, үнемі қозғалып, жалтарып тұрады. Ортаңғы қатардағылар ойыннан шығып біткенше ойын жалғаса береді.
251. Әріп таңдау
Ойыншылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріп А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:
– Сен қандай әріп алдың?
– А.
Ойын басқарушы одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпімен басталатын сөздермен жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт. Мысалы:
– Сенің атың кім?
– Асан.
– Тегің кім?
– Ахметтегі.
– Қайдан келдің?
– Ақтөбеден.
– Қайда барасың?
– Алматыға.
– Немен барасың?
– Автобуспен.
– Онда не өседі?
– Алма.
– Тағы не?
– Алмұрт, алша.
– Сені Алматыда кім қарсы алады?
– Айдар.
– Оған сыйлыққа не әкелдің?
– Альбом, атлас, аквариум, т.б. осындай «А» әріппен бастаушы келесі ойыншыға (басқа әріпке) әр түрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет