Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет124/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

238. «Ақсақ қарға»
Ойын эстафета түрінде ұйымдастырылады. Ойынның «Ақсақ қарға» аталуы ойыншының бір аяғы тізеден бүгіліп байланған болуы керек. Ойыншылар топқа бөлініп, белгіленген межеге бір аяқтары бүгілген түрде секіре жүгіріп бір-біріне аяқтары байланған белбеуді бере отырып жетулері керек. Әр ойыншының бір-бірінен арақашықтары ойыншылар саны мен ойын алаңының ұзындығына байланысты өзгеріп отырады. Қай топ ойыншылары белгіленген межеге бірінші келеді солар жеңімпаз аталады.
239. Қысқа қайтармалы жүгіріс
Бұл ойында жүгіру барысында төзімділікті көрсетуі маңызды. Қашықтық келісім бойынша 30-50 метр аралығында болады. Сөре мен межеге жалаушалар қойылады. Ойын мақсаты неғұрлым көп уақыт қайтармалы жүгіріске шыдау. Барлық қатысушылар жалаушадан, жалаушаға дейін жүгіреді. Жүгіріске шыдамаған ойыншы шыға береді осылай жүгірушілердің саны азая береді, соңында бір ғана жүгіруші қалады сол жеңімпаз атанады.
240. «Жылжымалы нысана»
Әр ойнаушылар тобы 8-10 адамнан бөлініп екі топ құрайды. Дайындық: Алаңға диаметрі 10-15 метрлік шеңбер сызылады. Бір топ ойнаушылар шеңбер ішінде тұрады, ал екінші топ шеңбер сыртын айнала тұрады және оларға бір доп беріледі. Ойын шарты: Шеңбер сыртында тұрған ойыншылар іштегі ойыншыларды доппен ұрып тигізіп ойыннан шығару. Шеңбер ортасындағы ойыншылар өздеріне допты дарытпау мақсатында доптан қашып секіреді, жүгіреді, айналады, бұрылып жалтарады. Доп тиген ойыншы ойыннан шығады. Осылайша барлық ортадағы ойыншыларды доппен ұрып шығарғанға дейін ойын жалғаса береді.
241. «Ордағы қасқыр»
Алаң ортасына ұзындығы 10 метр және ені 1 метр болатын қасқыр "іні" сызылады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі "інге" тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалған ойыншылар “қозылар” мен “лақтар” болып алаңның бір жағына жиналады. Жүргізушінің белгісі бойынша “қозылар” мен “лақтар” қасқыр "інінен" секіріп алаңның басқа жағына өтулері қажет. Осы уақытта “қасқырлар”, “қозылар” мен “лақтарды” ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша “қасқырларға” іннің сызығынан шығуға болмайды. Ал “қозылар” мен “лақтар” бұл сызықты баспаулары керек. Егер “қозылар” мен “лақтар” сызықты басып кетсе, онда ұсталынған болып саналады. “Қасқырлар” мен “қозылар, лақтар” саны теңелгенде, ойын тоқтатылады. Қасқыр «ініне» ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет