Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет134/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

275. Кім жылдам?
«Кім жылдам?» ойынына екі-екіден бөлініп қатынасады. Ортаға шыққан екі бала бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу немесе жіп тастайды да, «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш» дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, сақтықпен тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға келесі ойыншылар шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.
276. Қабырға доп
Қабырға доп ойнаушыларға ептілік, дәлдік, санау, шыдамдылық, секіргіштік, жылдамдық, ептілік сияқты дене қабілеттерін жетілдіруге үйретеді. Қабырға допты ойнау үшін кішкене алақанға сиятындай доп қажет. Бұрында допты көктем кезінде сиырдың түлеген жүнінен жасап алатын. Ойынды 2 адамнан 4 адамға дейін топталып ойнаған тиімді. Ойнау үшін үйдің қабырғалары тиімді болып келеді. Ойынды бастау үшін ойыншылар арасында өзара санамақ арқылы келісім жасалады.
Ойын мазмұны:
1. Ойыншы қабырғаға қарап тұрған бойда алдымен алдын ала келісілген сан бойынша (мысалы 5 реттен) оң және сол қолымен допты қабырғаға соғып түсірмей орындап шығуы керек;
2. Ойыншы допты қабырғаға соғуды екі қолымен (5 реттен) орындайды;
3. Ойыншы допты қабырғаға соғуды енді маңдаймен (5 реттен) орындайды;
4. Ойыншы допты қабырғаға соғуды енді допты ұстаған қолын артынан орап лақтыру арқылы (оң және сол) 5 реттен орындайды;
5. Ойыншы допты алға қабырғаға соғу барысында қабырғадан қайтқан допты оң және сол аяғын көтеру арқылы астынан өткізіп, допты ұстап алуы қажет.
Ойынды келісім бойынша түрлендіріп өткізуге болады.
277. Сандық толтыру
Балалар арасында жиі ойналатын ойын. Ойын мақсаты қашықтықта тұрған сандық жәшігіне ойыншық заттарды алыстан тұрып лақтырып толтыру қажет. Ойын дәлдікке баулиды. Затты лақтыруды бір немесе екі қолмен лақтыру, қарамай тұрып лақтыру сияқты түрлендіріп өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет