Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет31/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Ақ сүйек (2 нұсқа)
Ойын жарық айлы түнде немесе кешқұрым жүргізіледі. Бұл ойынды жазық алаңда, көк майсада өткізген қолайлы. Қатысушылардың саны 10 немесе одан көп болуы да мүмкін. Ойынға күн көзінде жатып әбден қурап кепкен (әппақ болған) мал сүйегі пайдаланады. Сүйек болмаған жағдайда қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы, арнаулы белгісі бар ақ таяқ та қолданылады.
Ойынның ережесі: ақсүйек ойнаушылар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өз жетекшілерін сайлайды. Одан соң екі жағы да арнайы сызылған дөңгелекке орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол топтың қарулы жігіті ақ сүйекті құлаштап алысқа лақтырады. Бұл сәтте қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң ойыншылардың бәрі сүйекті іздеуге жүгіреді. Сүйекті алғаш тапқан адам: «Ақсүйек, ақсүйек!» деп айқай салады да, белгілі межеге қарай жүгіре ұмтылады. Ақсүйегі бар адамның соңынан басқа топтың ойыншылары қуса, оған өз ойыншылары көмектеседі. Олар ақсүйекті бір-біріне лақтырып қақпалдап, мәреге жеткізуге тырысады. Ақсүйек ұстаған ойыншыны қарсыласы қуып жетсе, қолындағы сүйекті беруге міндетті, ол қуып келе жатқан адамның қолы тиіп үлгергенше ақсүйекті әріптесіне лақтырып үлгеруі де мүмкін.
Қай топ ақсүйекпен мәреге бұрын жетсе, сол топ қажетті ұпай алады, не ақсүйекті тағы да лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі. Кім көп ұпай жинаса, немесе ақ сүйекті қай топ көп лақтырса, солар жеңіске жетеді.
Ақ сүйек (3 нұсқа)
Бұл ойын нұсқасы Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабынан алынды. 9 том.
Балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы «хан» сайлайды. Екі «ханды» арасы алшақ жерге отырғызып, ол араны «орда» деп атайды. Ар жағындағы тәртіп ақ сүйек ойнау. Онысы екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған малдың қу сүйегін (әдетте жілік болуы керек) алысқа апарып лақтырып келуі керек. Ол баланы өзге балалар қуғанда, қашқан баланың жақтастары, екінші топтың балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі қағып әкете береді. Жеткен балаға қай топтың баласы болса да, сүйекті қарсыласпай береді. Сүйек келген «орда» жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат баланы көп ұту. Егер бір «орда» балаларын түгел ұтқызса, ол «орданың» «ханын» балалар түйебас қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет