Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет29/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

11. Қарақұлақ
Ойынға бес-он бала қатысады. Өз араларынан қаламақ айтып, бір баланы «қазық (Қарақұлақ)» етіп, арнайы белгілейді. «Қазық» жатқан жерінен қозғалмай бір орында қала береді. Басқалары алыстап кетіп қалады да қайтып «қазық» ойыншыны алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. Таяп кеп: Мына жатқан кім? – деп шошынғандай бірінен-бірі сұрасады. Біреуі:-Ойбай-ау, бұл «Қарақұлақ» қой! – деп тұра қашады. Басқа ойыншылар да: Қарақұлақ! Қарақұлақ! – деп жан-жаққа қаша жөнеледі. «Қарақұлақ» қашқан ойыншыларды тұра қуады. Қолға түскен бала «қарақұлақ» болады. Ойын қайта басталып, сол ретпен қайталана береді.
12. Шымбике
Ойнаушылардың саны он адамнан кем болмауы керек. Ойын басталмас бұрын арасы бес метрдей екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде ойнаушылар топ басқарушының артына қатарға тұрады, ал екінші көмбеде санамақ бойынша белгіленген «Жалмауыз кемпір» тұрады. Қатардағы ең бірінші ойыншы немесе топ басқарушы «жалмауыз кемпірге» қарап:
– Шым-шым, шымбике, Шымылдығыңды құр бике, ақсақ кемігі тоңқылдақ, бұрама темір солқылдақ, мына судан қайтіп өтейін? – дейді.
«Жалмауыз кемпір»:
Ақсақ кемпір тоңқылдайды, бұрама темір солқылдайды, көйлегіңді салып өт! - дейді.
Мұны естіген ойыншы алға бір секіреді де, тағы да:
– Мына судан қайтіп өтемін? – дейді.
– Тоныңды салып өт!
Ойыншы тағы секіреді. Осылайша төртінші рет секіргенде «жалмауыз кемпір» қолынан ұстап "судан" өткізеді де,
– Неше аяқ көже ішесің? – деп сұрайды да жауабын алған соң өз үйіне отырғызып қояды. (Мысалы ойнаушы алты аяқ көже ішемін деп жауап береді).
Келесі ойыншы да осылай өтеді. Бәрі өтіп болған соң, «Жалмауыз кемпір» нөкерінің бірін шақырып алып:
– Адам баласы жалмауыздың қолына түсті, жазалайсың, – деп бұйрық береді. Нөкер бұйрық бойынша әр судан өткен ойыншы неше аяқ көже ішемін деген болса, сонша рет маңдайынан шертеді. Бәрін жазалап болған соң «жалмауыз кемпір» орын ауыстырады да, ойын жалғаса береді.
13. Алтыбақан
Алтыбақан далада, кең алаңда, көбіне көктем, жаз айларында өтеді. Қатысушылардың санына шек қойылмайды. Алтыбақан үлкен мерекелерде, көңілді жиындарда жастарға арналып құрылады. Оны құру үшін ұзындығы 3,5–4 метр алты бақан (бөрене), бір арқалық және үш мықты арқан керек. Алтыбақан бір шетінен үш-үштен түйістіріп, байлайды, ал екінші жуан ұштарын (арасы 50-70 сантиметр етіп) жерге тірейді. Түйіскен төбелерге (ұштарына) көлденең арқалық (бөрене) тастайды. Осы түйіскен жерлерді арқанмен мықтап байлайды. Үш арқанның ұштарын біріктіріп көлденең арқалыққа екі жерден байлап тұзақ жасайды. Осы арқанның үстіне жалпақ тақтай (аяқ тірейтін) салынады. Сөйтіп тақтай үш жерден арқанмен ілінеді. Қыздар мен жігіттер жұп-жұп болып биіктей тербеледі де, әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар алма-кезек ауысып отырады, өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан құрады.
14. «Бұғнай»
Ойынға 10-20 ойнаушылар қатысады. Ойыншылар шеңбер бойымен жерге малдастарын құрып отырады. Жүргізуші (жеребе бойынша таңдалады) ойнаушыларды: «бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай» деп, соңғы ойыншыға дейін санап шығады. Ойын басталғанда жүргізуші қалауы бойынша бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, “алтыншы бұғнай!”) деп айтылған кезде алтыншы ойыншы орнынан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң малдасын құрып отыра қалады. Келесі айтылған нөмір тұрады және өзі басқа бір нөмірді атайды. Ойын осылай жалғаса береді. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ол жылдам тұрмай немесе оның орнына басқа бір ойнаушы тұрып кетсе, онда қателескен ойыншыға айып ретінде тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Берілген айып тапсырмасын орындағаннан кейін ол өз еркімен жаңа нөмерді атайды. Осылай ойын жалғаса береді. Жүргізуші ойын аяғында қателеспеген балаларды атап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет