Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет28/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Арынды арқан

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға ұзындығы 2—3 метрдей арқан керек. Ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар жүргізуші топ ортасына шығады да, «Ойынды бастадым», – деп дауыстайды. Содан арқанның түйілмеген басынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, орындарында секіріп тұрып арқанды баспай аяқтарының астына өткізіп жібере береді. Кімде-кім арқанды аяғының астынан жібере алмай басып ұстап қалса, сол ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді немесе ойын жүргізушімен орнын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.
Ойынның басқа түрінде секіре алмай арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша соңында қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

  1. Тобық жасыру

Көнеден келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – «Тобық жасыру» ойыны. «Тобық жасыру» ойыны келісімге келу, оны бұлжытпай орындауға тәрбиелейтін ойындардың бірі.
Мұны көбінесе ересек жігіттер мен қыз-келіншектер ойнайды. Ойынның мерзімі қысқа не ұзақ болуы мүмкін. Ол алдын ала келісуге байланысты.
Тобық ойыны өте сақтықты керек етеді. Бәс тігісу, келісім шарты, тобықты сұрау уақыты әр түрлі болуы мүмкін.
Әдетте тобықты беруші (тобық иесі) жігіт те, ал тобықты алып сақтаушы қыз-келіншек болады.
Ойын малдың тобығын қолдану арқылы ойналады. Тобыққа ерекше белгі салынуы да мүмкін. Ойын той-домалақ, қонақ кезіндегі ас үстінде замандас, дос-жолдастар арасында кенеттен басталуы ықтимал. Оған себеп болатын кәдімгі қойдың тобық сүйегі. Ас, той-томалақ үстінде екі адам (құдашалар немесе құрбылар, т.б.) белгіленеді де, қалғандары (яғни отырғандар) ойын шартына куә болады.
Шарттың орындалуы қатаң ескертіледі. Оған серт, бәске бару сияқты жоғары жауапкершілікпен қарайды. Барлық куә болушылар ойынның немен тынарына құлағдар болып жүреді.
Ойын мерзімі бір айдан бастап, бір жылға дейін де созылуы мүмкін.
Ойынға екі адам қатысады. Ойын құралы – тобық сүйегі. Сүйек кішкентай болғандықтан, ойнаушының ұстап жүруіне қолайлы. Оны қажетіне қарай тесіп алып, жіппен байлап ұстауға да болады.
Ойын басталғанда тобық, келісім бойынша, алдымен ойнаушының біреуінде болады. Оның мерзімі белгіленеді. Тобықты сұраушы адам тобыққа ие болған адамға кездескен жерде «Тобығым! Тобығым! Тобығым!» деп үш рет айтқан кезде, тобықты ұстаушы адам сұраушының қолына тобықты бере қою керек. Шарт бойынша талап еткен жерінен (қалтасынан, алақанынан, құлағына ілулі, шашына түюлі, ұртына сақтаулы күйінде, т.т...) алып бере қою керек. Егер алып бере алмаса, жеңілгені. Ал тауып бере қойса, жеңгені.
Осы ойынды бастау кезіндегі келісім-шарт, бәс кезінде жеңілген адамға айып салу мәселесін де шешеді. Ол айып заттай немесе басқа да санқилы ойластырылған күлкілі, қызық, қиындау талаптар болуы да мүмкін. Бұл да көпшіліктің таңдауы арқылы айтылып шешілген.
Ойынды, көбінесе жастар ойнайды. Ойын жылдамдықты, ұмытпауды, сақтықты талап етеді. Ойнаушылардан, әсіресе, тобыққа ие болған адамнан тапқырлықты, аса сақтықты, жылдамдықты, жүректілікті, сергектікті қажет етеді. Тобықты сұраушы адам кез келген жерде, кез келген, ойламаған сәтте сұрау арқылы қарсы ойыншыны жаңылдыру үшін алдын ала айлакерлік, барлау жасауы да мүмкін. Сол арқылы қалай да жеңіске жету жолын іздейді.
Бұл ойынның жазылмаған ережесін сақтап білетін ауыл адамдары ойынмен байланысты өте қызықты оқиғаларды әңгіме етіп жүреді немесе ол әңгімелерде ойын шартын бұзған адамдарға реніш пен өкініш айтылып, шартты орындамай, бәске шыдамағандығы бетіне басылып, олай жасауға болмайтыны ескертіледі. Бұл ойын ойнау кезіндегі адамдардың этикасы, олардың қарым-қатынасындағы әділеттілік, сыйластық белгілері, сөзінде тұра білу нышандары көрністері болып табылады. Яғни, жалпы басқа ойындар ережесіндегі басты талаптар да осы ойыннан көрінеді. Ол – алдамау, ойын шартын бұзбау, егер ойын ережесі бұзылса, ойынбұзар айыбы салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет