Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет85/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

146. Саусақ шалма
«Саусақ шалма» ойынын екі адам ойнайды. Ойынға ұзындығы екі қабаттағанда 30-40 см келетін жіп алынады. Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында жіптің екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады.
Екінші жағдайда, келесі ойнаушы басбармақ және сұқ қолымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады. Үшінші жағдайда керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші жағдайда шаңырақты екі шынашақпен айқастыра іліп алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» шығады. Енді әрі қарай жалғастырып ойнай берсе – «астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді.
Ойлы ойыншылар бұл бейнелердің жаңа көріністерін өзінше өрнектеп кеңейте беруге тырысады. Бұл ойын жасөспірімдердің тұрмыстағы үй жабдықтарын қалай пайдаланатындықтарын көз алдына елестетіп, соларды өзі жасағандай әсерге түсіреді. Жастардың қиялын қозғап, творчестволық ізденіске, ой-жүйелерін дамытуға бастайды. 
147. Тоспа доп
Ойын далада үлкен алаңда ойналады. Ойынға ұзындығы бір метрге жақын жалпақтау келген ағаш таяқ және кішкене доп қажет. Ойынды бастамас бұрын кім допты ұрушы болатындығын анықтау үшін таяқты бір ойыншы екінші бір ойыншыға лақтырып жібереді, екінші ойыншы таяқты жерге түсірмей қағып алып таяқтың басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Сол қағып ұстаған жерінен бастап басқа ойыншылар қолдарымен тұтамдап ұстай береді, кімнің қолы таяқтың ең ұшына келсе сол таяқпен допты «Ұрушы» болады, оған келесі жалғас болған допты «Беруші» болады. Қалған басқа ойыншылар алаңға бытырап орналасады, олар допты «Ұстаушылар» болады.
Доп «Ұрушы» мен допты «Беруші» ойыншылардың арасы 2-3 метрдей қашықтықта орналасады. Допты «Беруші» 1, 2, 3 деп санайды да допты «Ұрушыға» қарай көтеріңкіреп тастайды. Ал допты ұрушы допты алысқа аспандата ұруға тырысады. Допты «Ұрушы» допты үш рет қатарынан соға алмаса, ол допты «Берушімен» орын ауыстырады. Егер екеуі де ұра алмаса, олар допты «Ұстаушылар» қатарына қосылады. Жеребі қайта жүргізіледі.
Егер доп дұрыс соғылып ұшқан болса, «Ұстаушылардың» бірі допты жерге түсірмей қағып алып, оны «Ұрушыға» қарай тез лақтырады, осы кезде «Ұрушы» допты ұстай алмай жерге түсіріп алса, онда ол «Ұстаушылар» қатарына қосылады да, допты ұстаған ойыншымен орын алмастырады. «Ұстаушының» кері берген добын «Ұрушының» қағып алуына арналған алаң ішіне қарай 2-3 метрдей енген арнайы сызық сызылады, сол сызықтан аспай допты ұстау қажет, егер асып кетсе доп ұсталған болып есептелмейді. Ал кері лақтырған ойыншы допты сызыққа жеткізе алмай лақтырса, онда ол допты «Берушімен» орын ауыстырады. Ойын балаларды дәлдікке, жылдам жүгіруге, лақтыруға, мөлшерлей білуге, дәлдікке, қағып алуға, дұрыс соға білуге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет