Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет86/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

148. Күллій
Ойын жылы айлардың тымық күндері кең тақыр аулада ойналады. Ойынға екі немесе одан көп ойыншылар қатысады. Ойынға қажет құрал жіңішке ұзындығы 20-25см келетін таяқша «Күллій»-мен ұзындығы бір метдей келетін кіші таяқшаны ұратын таяқ. Ойынды кім бірінші бастайтыны жеребі бойынша анықталады. Ойынды бастайтын жерден көмбе белгіленеді, сол жерден кішкене шұңқыр қазылады. «Күллій» сол шұңқырға көлденең қойылады. Кезек алған ойыншы «Күллійді» үш рет ұруға тиіс. Үш рет ұрғанда үш түрлі әдіс қолданады. Алдымен шұңқырдың үстінде көлденең тұрған «Күллійді» таяғының ұшымен астынан іліп алып, жоғары қарай серпіп жібереді де, оны жерге түсірмей бар пәрменімен ұрады. Екінші ретте «Күллійді» тегіс жерге қойып, үстінен таяғымен өзіне қарай тартып қалады. Енді «Күллійді» астынан іліп алып, таяқтың үстіне шығарады. Сонан соң дереу жоғары серпіп көтереді де, жерге түсірмей пәрменімен ұрады. Үшінші кезекте «Күллійдің» бір ұшын қазылған шұңқырдың түбіне тіреп қояды да, шығып тұрған басынан ыршыта ұрады. Шұңқырдан ыршып шыққан «Күллійді» жерге түсірмей шапшаң алысқа ұрады. Алысқа аспандай ұшқан «Күллійді» кезектегі ойыншы дереу жүгірген бойы оны түскен жерінен алады да, кері жүгіріп, ұрушыға әкеледі. «Күллійді» алып келген ойыншы өзінің шаршағанын, ентіккенін білдірмеуі керек. Егерде ол ентіккенін, шаршағанын білдірсе немесе «Күллійді» бірден таба алмаса, ұрушы ойыншы ойынды қайта жалғастыра береді. «Күллійді» іздеп әкелуші ойыншы кері келе жатқанда а, а, а,..... деп дауыс шығарып не өлең тақпақ айтып жылдам келеді. Ал ұрушы ойыншы «Күллійді» дұрыс ұра алмаса екеуі орын алмастырады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын көп жаттығуды талап етеді. Ойын адамды таза ауада сергітіп, ептілік, дәлдік, жылдамдық, сабырлылық қабілеттерді дамытады.
149. Мысық пен тышқан (1 түрі)
Ойын алаңда ойналады. Ойнаушылар шеңбер жасап қол ұстасып тұрады. Орталарынан екі адамды шығарып, оның бірін "тышқан", екіншісін "мысық" етіп белгілейді. "Тышқан" шеңбер ішінде қалады, ал "мысық" шеңбер сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Мысық шеңбер ішіне кіріп кетсе, онда ойыншылар тышқанды сыртқа жіберіп, мысықты оған жібермеуге тырысады, ол үшін бір-бірінен ұстасқан қолдарын мысықтың алдына тоса қояды. Айласын асырып бір кезде мысық тышқанды ұстайды. Одан соң мысық пен тышқан басқа ойыншылармен ауыстырылады немесе екеуі орын ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет