Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет91/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

157. Сайыс ойыны
Салт атқа отырған екі ойыншы арасында найзаны қолданып сайысқа шығу түрі. Сайысқа ұшы доғалданған найза қолданылады. Ат үстінде найзаны қолданып жарыстар өткізу барысында жарақат алмау, денсаулыққа зиян келтірмеу шараларын қамтамасыз ету басты болып саналады. Сайыс мақсаты бойынша салт атты жігіттер бір-біріне жақын келіп, найзаларын бір-бірінің денелеріне тіреу арқылы қарсыласын ертоқым үстінен аударып түсірулері қажет.
158. Ат ерттеу
Ат ерттеу – атқа ертоқымды жылдам салу. Әр аттың ерекшелігін ескеріп арнайы ертоқымдар жасау дұрыс болып саналады. Ат ерттеу жарыстарына барлық жастағы ер және әйел адамдар қатыса алады. Ат ерттеу жарыстары ас бергенде, келінді көргенде, Наурыз және тағы басқа мейрамдарда өткізіледі.
Кім ертоқымды атқа бірінші дұрыс әрі жылдам ерттейді сол жеңімпаз атанады. Сонымен қатар төрешілер ертоқымның сәндігі және жасалу ерекшелігін де жеке бағалайды.
159. Ат омырауластыру
Ат омырауластыру – аттың күшін пайдаланып, аттарымен итерісу ойыны. Бұл ойынға тек жігіттер ғана қатысады. Ойын алаңда өткізіледі.
Диаметрі 10 метрлік шеңберге екі атты шығады. Ойын мақсаты аттарды омырауластырып итерістіру арқылы атты шеңберден шығару болып табылады. Қай аттың аяғы шеңберден бірінші шығады, сол жеңілген болып саналады. Мінген бір атымен кім шеңберден басқа көп атты шығарады, сол жеңімпаз аталады. Атта отырған адам тек тізгіннің көмегімен атты басқарады, қамшыны қолдануға болмайды.
160. Жігіт қуу
Ойынға 10-12 адам қатысады. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді, топтар аттарын мінген күйде бір-бірінен 20-30 метрлік қашықтықта сөре сызығына қатарға тұрады. Сөре мен көмбенің арақашықтығы 500-1000 метрге дейін келеді. Көмбеге тігілген таяққа бас киімді кигізіп қояды. Ойынды жүргізуші, қадағалаушы екі адам сайланады, бірі сөреде, екіншісі мәреде тұрады. Екеуі де ойынның шартының сақталуын қадағалайды. Сөредегі жүргізуші әр топтан бір-бір салт аттыларды шығарып, бірінің қолына белбеу береді. Жүргізушінің белгісі бойынша бір-бірлерінен алшақ тұрған ойнаушылар бас киім тігілген көмбе белгісіне қарай шабады. Қолында белбеуі бар ойыншы мақсаты екінші аттылыны көмбеге жеткізбей қуып жетіп, оны белбеумен соғуына болады және көмбеге жеткеннен кейін ол белбеуді бас киім ілінген арнайы таяққа іліп кетуі қажет. Екінші ойнаушы мақсаты белбеу ұстаған аттылыға жеткізбей көмбеге жету және таяққа ілінген белдікті алып қайтар жолда өз қарсыласын қуып жетіп белбеудің астынан алу. Қуған аттылы қарсыласына жетсе де немесе жете алмаса сөреге дейін шауып келіп қолындағы белбеуді жүргізушіге береді. Жүргізуші ойынға келесі жұпты қосады. Қай топ ойыншылары белбеуден аз «таяқ жесе» сол топ жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет