Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет90/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

153. Аттан аудару
Ойын алаңда өткізіледі. 3-5 жаяу және бір салт атты қатысады. Ойынға жуас ат таңдалып алынады. Алаң ортасына қатысушылар шығады. Жаяу ойнаушылардың тапсырмасы – салт аттыны ат үстінен жерге аударып құлату. Ойынға 5-10 минут уақыт беріледі. Егер осы уақытта ойнаушылар ат үстіндегі адмды құлата алмаса, ойынға келесі топ ойыншылары кіреді. Жердегі жаяу ойыншыларға ат үстіндегі адмның денесінен, киімінен ұстау арқылы ғана аттан аударуға болады. Ат әбзелдерінен ұстап немесе ағытып аударуға болмайды. Атты итеруге немесе құлатуға болмайды, тек қана ат үстіндегі адамды аттан аударып алулары керек. Ат үстіндегі адамға атпен шауып кетуіне, атпен омыраулатуына, қамшымен соғып жасқауына тыйым салынады.
154. Атты әскерлер ұрысы
Атты әскерлер ұрысы – қылыштасуға арналған бетперде (маскаларымен) қорғанған салт аттылар қатысатын ойын. Атта отырған әр ойыншы ұзындықтары бірдей, ағаштан жасалған қылышпен қаруланады. Ойыншылардың бетпердесінен жоғарғы 30-50 см биіктікте 2 жіңішке шыбыққа екі бір түсті (командалар түсіне байланысты) шарлар байланады. Ойын мақсаты ілінген екі шарды қылышпен жарып жіберу болып табылады. Екі шары жарылған ойыннан шығады, аттан түседі. Аттар белгіленген алаңнан шықпайды. Ойын уақыты аяқталғанда қай топта атқа мінгендер аз қалса, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, атты басқару шеберлігін жетілдіреді.
155. Ат ойыны шебері
Бұл ойын әзіл-күлкі, ермек ретінде ойналатын ойын. Атқа мінген ойнаушылар бірнеше әзіл-күлкілі тапсырмаларды орындау арқылы ептіліктерін, тапқырлықтарын, шеберліктерін көрсетеді.
Мысалы: Топырақ, құм толтырылған жерде жатқан қаптарды жайдақ атқа мінген жағдайда немесе үзеңгілері босатылған ертоқымға отырған жағдайда оң қапталдан алып, сол қапталға көтеріп ауыстыру, жылқыны жетекке жүргізіп бөрене немесе бір тақтай үстінен өткізу, жүріп келе жатқан ат үстінде түрегеліп тұрып, кеседен айранды ішу, атты бірнеше автокөлік резеңке дөңгелегінің тек ортасын бастырып өткізу, суға толтырылған екі шелекті екі қолға ұстап, ат тізгінін тіспен тістеп суды қыз балаға жеткізу, айылдары босатылған ертоқымға мініп, сумен толы шелекті жерден көтеріп келесі бетте тұрған қыздың шелегіне толтыру, екеуі де жайдақ атта отырған жағдайда, бір-бірін ат үстінен көтеріп алып, өз атына өңгеру т.б. ойындарды басқаша да түрлендіріп өткізуге болады.
156. «Түлкішек»
Ойынға атқа мініп екі топқа бөлініп бір топ «аңшылар» және бір топ «түлкішектерге» бөлінеді. Ойын алаңда өткізіледі. Ойынға 5 минут бөлінеді. Аттылы «Түлкішектер» белдіктерінің артына орамал немесе түлкі құйрығын іліп алады. «Аңшылардың» тапсырмасы, «түлкішектің» белдіктерінің артындағы орамал-құйрықтарды атпен келіп жұлып алулары керек.
Егер бөлінген уақытта «аңшылар» белгіленген «құйырықтарды» неғұрлым көп жұлып алса, «аңшылар» жеңіске жетеді. Жеңіс жұлып алынған «құйрықтар» санына байланысты анықталады. Әр 5 минут өткен сайын топтар орындарын ауыстырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет