Өтілетін жарыстың мақсаты



Дата22.12.2022
өлшемі22.4 Kb.
#467722
әке ана және мен отбаслық эстафета


Тақырыбы: «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорттық ойын
Өтілетін жарыстың мақсаты:
Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.
Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасы – бақыт мекені» апталығына орай 1-5 – сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Жүргізуші: «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорттық ойынды ашық деп жариялаймыз
Гимн
Жүргізуші: Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 5 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Жүргізуші:
Отбасылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын отбасыларды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға сайысқа түскелі тұрған бес отбасын шақырайық:
1 топ:
2 топ:
3 топ:
4 топ:
5 топ :


(Әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Дене шынықтыру мұғалімі Токов Мухит Касымович
2. Орыс тілі пәні мұғалімі: Барбосынова Жұлдыз Маранқызы


Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші: Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорттық ойынымыз 6 турдан тұрады.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Олар:
1. Топты таныстыру
2. Торға доп лақтыру
3. Гір көтеру
4. Арқан тарту
5. Эстафеталық ойындар
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар! Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І. Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.
2 топ:
3 топ:
4 топ:
5 топ :
Жүргізуші:
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.
Жүргізуші:
Құрметті отбасымыз!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Шәкіртеріміз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет