Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет28/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Список использованной литературы: 
1 . Сарсенбаев М.А. Национальная безопасность Казахстана: иерархия угроз. - 
Алматы. Центральноазиатское агентство политических исследований. - 2000. – 
C. 302.
2 . Лопатников Л.И. Краткий экономико-математический словарь. М., 1979. С. 
107-108. 
3 .Wissenschaftliche 
Zeitschrift 
der 
Universitet 
Rostocks. 
Geselschafts 
wissenschaftliche Reihe. Jahrgang. 22. 1973. 4 Heft. Р. 325-329. 
4 .Массе П. Критерии и методы оптимального определения капиталовложений. 
М., 1971. С. 27. 
5 . Schwarzenberger G. Foreign investments and International Law. L., 1959. P. 17. 
6 . Nwougugu E. The legal Problems of Foreign Investment in Developing 
Countries. Manchester, 1965. P. 4. 
7 . Balekjian W. Legal Aspects of Foreign Investment in the European Economic 
Community. Manchester, 1967. P. 3. 
8 . Воронов Л. Заграничные капиталы в России. М., 1901.- C. 34-36. 
9 . Вознесенская Н.Н. Заграничные инвестиции и смешанные предприятия в 
странах Африки. М., 1975. С. 26. 
10 Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М., 1992. С. 12. 
11 Национальный банк Казахстана: Статистика. [Электронный ресурс]. - 
http://www.nationalbank.kz/?docid=275&switch=russian 
12 Комитет по статистике Министерства национальной экономики РК: 
Инвестиции.
 
1.7. Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері 
Қазақстан экономикасын жаңғырту мен оның құрылымдық негіздеріне 
өзгерістер 
жүргізу 
"Қазақстан-2050" 
Стратегиясының 
қабылдануына 
байланысты мемлекет деңгейінде орындалуға тиісті маңызды мәселелердің 
біріне айналды. Себебі, біріншіден, нарықтық реформалаудың алғашқы 20 
жылдық кезеңінде жүргізілген іс-шаралар экономиканы тұрақтандыру, 
экономикалық өсуді қамтамасыз ету арқылы халықтың лайықты өмір сүру 
деңгейін, экономикалық қауіпсіздікпен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін 
орташа дамығын мемлекеттердің деңгейінде қалыптастыру бағытында 
жүргізілді. Осы кезеңде объективті себептермен инвестициялардың басым 


73 
бөлігі қазба-кен өндірістерін дамытуға бағытталады. Нәтижесінде өңдеу 
саласының дамуында ерекше серпініс орын алып, көптеген жаңа өндірістер 
ашылды (солардың ішінде бұрың-соңды Қазақстанда болмаған). Дегенмен, әлі 
де болса өңдеу салаларының үлесі өз мәресесіне жеткен жоқ деп есептейміз. 
Екіншіден, Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыстарға 
байланысты және жаһандау процестерінен туындайтын қауіп-қатерлерді 
ескеріп, жаңа "Қазақстан-2050" Стратегиясынан туындайтын міндеттерді 
тұжырымдай отырып, экономикалық қауіпсіздікті нығайту және экономиканың 
әлемдік бәсекеге қабілеттілігін жоғарғы деңгейге көтеру үшін «Үдемелі 
индустриалды

инновациялық даму» және кейінгі жылдары қабылданған ұзақ 
мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру барысында құрылымдық өзгерістерге 
үлкен мән беріп, жаңа технологиялық серпінге біртіндеп көшу қажеттілігін, 
бүкіл экономика мен жекелеген өндірістерді терең әртараптандыру арқылы 
қосылған құны мол ақырғы өнім шығаратын өңдеу салаларын және энергия 
үнемдейтін өндіріс технологияларын басым дамыту міндеттерін шеңберлеп 
берді. Мұндай міндеттер объективті себептерден туындап отырғаны қақ. 
Өйткені, Батыс елдері өндірістің өркендеуі мен экономикалық өсуінің жоғары 
технологиялық түріне нақты көше бастады.[1] 
Қазіргі таңда ұлттық экономиканың құрылымдық жаңғырту негіздері 
шикізат пен энергия өндірістері үлестерінің салыстырмалы қысқарумен 
сипаталынып отыр, яғни бұл мәселені құрылымдық саясаттың басты бағыты 
деп түсінбеу керек. Шикізат және энергия өндірістерін күрт қысқартуға, немесе 
оларды талқандауға болмайды, себебі ондай қадам экономиканың ұдайы 
өндірістік базасын тарылтады да, өндірістік байланыстарды ыдыратады. 
Сондықтан, қазіргі таңда ішкі және сыртқы сұранымдарға бағытталған 
экономика секторларының жеке нарықтармен байланысын сипаттайтын 
құрылымдық көрсеткіштер алдыңғы шепте тұр. Яғни, жаңа технологияларды 
ендірумен қатар, ескі технологиялардың әлеуетін толық қолдану керек. 
Сонымен қатар, тауарлардың экспортын потенциалды және нақты қамтамасыз 
ету мүмкіншіліктеріне, ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыратын импорт 
алмастырушы және басқа да бәсекеге қабілетті өнім өндіруге үлкен мән беріліп 
отыр. 
Сондықтан 
экономиканың 
шикізаттық 
бағыттылығы, 
төмен 
технологиялық және ресурстар сыйымдылығы мол өнім өндіру сипаты әлі 
толық жойылған жоқ, керісінше, басым болып отыр. Ол біршама ұзақ уақыт 
аралығында шешілетін мәселе.
Осыған байланысты, орта мерзім аралығында Қазақстан экономикасын 
құрылымдық жаңғырту үш негіз құраушы стратегиялар арқылы жүзеге 
асырылуға тиісті: 
- жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылығы мол салалар мен 
өндірістерді дамыту, ең алдымен жоғары технологиялық өнімдер нарығын 
дамыту, зияткерлік меншікті шаруашылық айналысқа ендіру, инвестицияларды 
инновациялық жобалармен байланыстыру; 
- отандық өнімдердің баға бойынша артықшылықтарын қолдану негізінде 
тұтыну және инвестициялық тауарлары өндірістің бәсекеге қабілеттілігін 
дамыту; 


74 
- икемді салықтық және кедендік-тарифтік саясат жүргізу негізінде ішкі 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру 
мақсатында 
энергиялық-шикізаттық 
өндірістердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге 
қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін өндіргіш күштерді 
транформациялануына, өндірістердің жаңалануына, құқықтық базаны 
жетілдіруге, экономикада сапалы құрылымдық өзгерістер жүргізуге және 
капиталдық базаны дамытуға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүргізілуі 
тиісті. Осының бәрі ұлттық экономиканың ерекшеліктері ескерілген 
экономикалық жаңғыртудың өзіндік үлгісінің қалыптасуы мен дамуын 
анықтайды. 
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін импорт 
алмастыру үдерістерімен қатар терең өңделген экспорттық өнім өндіруді 
дамытуға бағытталған экономиканың құрылымын интернационалдандыру 
саясатын тиімді жүзеге асыру қажет. Мысалы, «жаңа индустриялық елдерде» 
(Қытай, Индия, Мексика, Бразилия) осындай саясат жүзеге асырылып, 
экономикада құрылымдық импорталмастырушы өзгерістер жүргізілді. 
А.Эльяновтың пікірі бойынша импорталмастыру үдерістерімен қатар 
экспортты өсірген мемлекеттер елеулі табыстарға жеткен. [2] 
Сараптамашылардың пікірі бойынша экономиканы жаңғырту, бұл 

құрылымдық өзгерістерді кешенді жүргізу және экономиканы «ақылды 
экономика» үлгісінде инновациялық қайта құру, ауыл шаруашылығын
өнеркәсіпті және қызмет көрсету саласын тиімді дамыту, өңдеу өнеркәсібін 
өнеркәсіптің басқа салаларынан озық дамыту болып табылады. Яғни, ұлттық 
шаруашылықтағы өндірістік активтер ең жаңа технологиялық стандарттарға 
сәйкес толықтай жаңғыртуы тиіс [3].
Қазақстан Республикасы биік экономикалық өсулерді қамтамасыз етіп 
отырған мемлекет қана емес, сонымен қатар жедел өзгерістер жүргізуге бейім 
мемлекет ретінде де бағаланып отыр. Мысалы, Бүкіләлемдік экономикалық 
форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 
өзгерістер жүргізуге бейім алдыңғы қатарлы 20 елдің қатарына қосылған (1 
және 3 орындарды Сингапур, Швеция иеленген, ал АҚШ - 12 орынды). Бұл 20 
мемлекеттің ішінде бұрынғы одақтас республикалардан 17 - орын алған Литва 
ғана бар [4]. 
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының 
саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру 
және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың 
қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1/3 бөлігі ғана жарайды. 
Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді 
халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы 
халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Бұл жерде 
халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстануды жатқызуға 
болады.
Кейінгі кезде пайдаланылмай жатқан жерлер де өндірісті орналастыруға, 
халықты тұрғызуға арналған қорларға жатқызылып жүр. Табиғат байлығының 


75 
шаруашылық салаларындағы пайдалануына байланысты экономикалық 
жіктеулер келесі түрде жүргізілген: 
-өндіріс қорлары-жылу, қуат, металл, агрохимия, құрылыс, су, орман, т.б. 
-ауыл шаруашылығы-топырақ жер қорлары, оның ішінде жыртылған жер, 
суландыру сулары, өсімдік өсу кезеңінің жылу мен ылғал жиытығы, аулайтын 
аңдар, т.б. 
Шаруашылықта пайдалануына байланысты қорларды бір мақсаттағы, көп 
мақсаттағы деп бөледі. Бір мақсаттағыларға қазба байлықтары, қуат көздері 
(өндіріс шикізаттары, жанар май, жылу-электр қуаттары) жатады. Әр 
мақсаттыларға 

ауыл шаруашылығы орман, жөнге келтірілген жерлер, 
өндірістік ауылшаруашылығынан басқа жағдайларға пайдаланылатын жерлер, 
су көздері жатады. 
Экономика ғылымында табиғат қорларын бағалауда үш көзқарас бар. 
1. Қорды игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар, яғни барлау, игеру, 
жақсартуға жұмсалған тікелей шығындар. Бұларды басқа қорлардың 
шығынымен салыстырып үнемдеу жолын табуға болады. 
2. Пайдалануға жұмсалған шығындарды бағалау, ол үшін зерттелген 
жердіңшығынын нашар жердің шығынымен салыстырады. Бұл елді арзанға 
түсетін қормен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Арзан салық, жалдап алуға 
жағдай жасайды. 
3. Қалыпқа келтіру шығынымен бағалау. Бұл қалыпқа келтіру немесе басқа 
қорлармен ауыстыру қажеттілігін анықтайды. Қор пайдаланушылардың 
қатынасын реттеуге, айыппұлдарын шектеуге қолданылады. 
Жалпы Қазақстанда шаруашылықтардың табиғи қормен қамтамасыз 
етілуі жоғарғы деңгейде деп саналады, оның дамуына толықтай мүмкіндіктер 
бар. Мұнай., табиғат газы, түсті металдар, химиялық шикізат, су көздері 
жөнінен дүние жүзінде олар орны айтарлықтай. Жалпы қор көлемі мол 
болғанымен, оның республика жерінде орналасуы тым қолайлы емес. Табиғи 
қорлардың жағрапиялық орналасуының өзіндік ерекшеліктері төмендегідей: 

өндіріс қорлары шығыс, орталық, солтүстік аймақтарға таман, 
ауылшаруашылығы шығыс, солтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарына қарай 
орналасқан; 

Өндіріс күштерінің орналасуы мен тұрғын халықтың тарауы сәйкес 
келмейді. Өндіргіш күштердің 
3
4
бөлігі Азия жерінде, жанар-май, электр қуаты, 
орман, су қоры, түсті металдар батыс, күншығыс жағында орналасқан. 
Өндірістік қорларының орналасуында алшақтық бар, ал ауылшаруашылы
ғында шығымды жерлер санаулы. Ауыл шарушалығының орналасуында 
да сәйкессіздік орын алған, мысалы, дала мен орманды-дала жерлерінің 80% 
жыртылған жер, ал құрғақ дала, жартылай шөлейт, шөлейт жерлердің 65% 
жайылым. Мұнымен қоса жылы, құнарлы жерлерге су қорының 4,4% ғана 
келеді. 
Жылу 
мен 
ылғалдылықтың 
жағрапиялық 
қайшылығы 
ауылшаруашылығына қолайлы жерлердің бөлінуіне қиындық тұғызады. 
Аймақтың дамуына еңбек қорының көлемі оңды әсер ететіні белгілі. 
Еңбек қорымен неғұрлым көбірек қамтамасыз етілсе, соғұрлым жаңа 


76 
өндірістердің орналасуына оңды жағдай туындайды, әсіресе еңбекті көп 
жұмсайтын жерлерде. Еңбек қорын толтырудың басты көзі тұрғындардың өсуі, 
әсіресе еңбекке жарамды жастағылар. 
Еңбек қорының негізгі сапалық көрсеткіші жұмысшы күшінің 
мамандануымен сипатталынады. Бүгіндер де әрбір мың жұмыс істеушіге 174 
жоғары, арнайы орта білімі бар мамандар келеді. Еңбек қорлары орналасуының 
сиректеуі себебі өндірістің тоқтауы, бүгінгі орналасу өндіріске сай емес. Халық 
санындағы аудандардың ара үлесі өзгерді, өйткені жаппай көшу орын алды. 
Көшпенділер көбінесе Алматы, Атырау, Астана қалаларына орналасты. Кейіңгі 
3-4 жылда Қазақстанға қайтып оралу көбейіп келеді. Қоғамдық еңбек бөлудің 
нәтижесінде қала, ауылдық елді мекендер пайда бола бастады. Қала халқының 
3
5
кіші саны жүз мыңдаған адамдардан тұратын қалаларда тұрады.
Қазақстандағы ауылды жерлердің көпшілігі (
9
10
) ауыл шаруашылығымен 
айналысады. Сонымен қатар ең жоғары өнеркәсіптік аудандарды басқа 
жұмыстармен, өндіріс тасымалдау ауыл шаруашылығына жаппай тым жақын 
қала, ауыл істерімен айналысады. 
Қазақстанда тұратын 130 дан астам ұлттар мен жұрттар бар, олардың бәрі 
тең құқықтармен қорғалған, өздерінің шаруашылықтары, мәдениеттері бар, 
ғылым мен басқа да таңдаған істерімен шұғылданады. Ғасыр басындағы 
экономикалық ауыртпашылық елдің өмір деңгейіне, өсіп өнуіне қиындықтар 
туғызды, ол көбінесе тұтыну мәселерінін ауырлатты, ол жетіспеушілікке, 
қымбатшылыққа апарып соқты. 
Экономикалық дамудың жалпы көрсеткіші ұлттық табыс жөніне келетін 
болсақ, ол қоғамдық еңбек өнімділігі өнім өңдіретін саласында жоғарлаған 
аймақтарда өмір деңгейі де жоғары болғанын көрсетеді. 
Экономиканы жаңғырту міндеттерін шешу үшін оған әсер ететін 
факторларының барлық мүмкіншілігін пайдалану қажет. Бұл факторлар 
қатарына келесілерді жатқызуға болады: институционалдық факторлар, 
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық потенциал
өндірістік аппараттың жағдайы, инфрақұрылымның даму деңгейі, қаржылық 
жағдайлар, адами капиталдың сапасы, халықаралық ынтымақтастықтың 
потенциалы. 
Жаңғырту (модернизациялау) факторы ретінде көрінетін экономиканы 
мемлекеттік басқару сапасына талдау жасалған, оны барлық деңгейлерінде, 
Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту Стратегиясының жедел 
бағыттарын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін 
көтеру және құрылымын қайта қарауды ұйымдастырудың ірі бағдарламмалары 
бар болуы анықталды. Бірақ, қойылған міндеттердің күрделілігін есепке алатын 
болсақ, онда олардың орындалуына едәуір уақыт қажет болады. 
Қазақстан Республикасы даму институттарының қызметін жалпылай 
келгенде, 
осы 
ұйымдардың 
жаңғырту 
базисі 
ретінде 
болатын 
микроэкономикалық қызметке мақсатқа сай тура және жанама ықпал ету 
тарапынан, мол мүмкіндіктері бар деп қорытынды жасауға болады [5]. 


77 
Мемлекеттің 
ғылыми-техникалық 
потенциалына 
берілген 
баға, 
сектордағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық құрамы жағынан 
құрылымдық диспропорциялардың бар болуын және ғылым, технологиямен 
өндіріс арасындағы байланыстардың жоқ болуын көрсетті. 
Экономикалық жаңғыртудың аса маңызды факторларының бірі - 
еліміздің өндірістік аппаратының жағдайы. Өңдіруші күштердің осы құрамдас 
бөлігі Қазақстан экономикасының технологиялық құрылымымен тығыз 
байланысты, және келесі көрсеткіштермен сипатталады. Бесінші 
технологиялық құрылымның өндірістік аппараты – статистикалық тұрғыдан 
маңызды үлес алатын жалпы өнім өңдірмейтін жеке ошақтар бар болуы; 
төртінші құрылым ЖІӨ-нің үштен бірінен сәл артық бөлігін береді; үшінші 
және одан төменгілер – жалпы өнімнің қалған бөлігін жасайды. Прогрессивті 
экономикалық құрылымдардың негізгі қорларының және технологияларының
төмен үлестік салмағы индустриалды

инновациялық дамудың тежегіш 
факторына айналды. 
Экономиканың 
инфрақұрылымдық 
факторларын 
талдау 
кезінде 
республикалық инфрақұрылымның даму өрісінде маңызды мәселелердің бар 
болуы анықталды, оның ішінде бәсекені дамыту үшін мемлекет пен жеке 
сектордың кең әріптестігін жасау қажеттілігі, тарифтерді арзандату, қызмет 
көрсету сапасын жақсарту, коммуникациялық жүйелерді қайта құру, сондай-ақ, 
қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымды жасау мәселелерін айтуға 
болады. 
Қаржылық секторға қатысты қызметте жүргізілген талдау нәтижесінде 
оның даму динамикасы жоғары болғаны, қатысушылардың даму мәселелерімен 
болашақтағы мүмкіндіктері нақты айқындалғанын, сондай-ақ, экономиканы 
жаңғырту талаптарына сай жаңа шыңдарға шығудың жолдары белсенді түрде 
игерілуі анықталды. 
Экономиканы жаңғырту мақсаттары үшін халықаралық ынтмақтастықтың 
потенциалына баға беру кезінде Қазақстан Республикасына шетелдік тура 
инвестицияларды тартуда, халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуда, сыртқы 
сауда қарым-қатынастарға және аймақтық интеграцияға түсу өрістерінде зор 
табыстарға 
қол 
жеткізгені айқындалды. Сонымен 
қатар, әлі 
де 
технологиялардың, білім беру және ғылыми бағдарламмалардың трансфертін 
жүргізуге, жоғары білікті кадрларды келтіруге қосымша күш сіңіру қажеттігін 
де атап көрсету керек. 
Экономикалық жаңғырту факторларына жүргізілген талдау көрсеткендей, 
ұлттық экономиканы және мемлекет қоғамын дамытудың орташа 
индустриалды кезеңінен жоғары индустриалды кезеңіне ауысуға қажетті 
алғышарттар қалыптасты. Анықталған трансформациялық потенциалды іске 
асыру мәселесі – бұл, ең алдымен, жүйелі, институционалдық және өңдіруші 
күштерді жаңғырту бағытары бойынша жедел жаңашаландыруды іске асыру 
арқылы экономиканы бейімдеу және ұдайы өндірістің талап ететін 
пропорцияларын қалыптастыру бойынша алдын алу шараларын өз уақытында 
жасау болып табылады. 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет