Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет33/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған [2] 
Диаграмма 2. Астана қаласы еңбек нарығының көрсеткіштері 
Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған [2] 
2016 жылы қабылдау бойынша айналым коэффициенті 8%-ды және 
жұмыстан босау бойынша айналым коэффициенті 9,4%-ды құрады. 
Ал 2017 жылы 22446 адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 
21791 адам жұмыстан босады. Босаған қызметкерлер арасында өз еркімен 
кеткендердің үлесі 74,7%, персонал санының қысқаруына және кәсіпорынның 
таратылуына байланысты 1,6%, еңбек тәртібін бұзу мен өзге де себептерге 
байланысты босағандар 23,7%-ды құрады (кесте 1).
2017 жылы қабылдау бойынша айналым коэффициенті 10%-ды және 
жұмыстан босау бойынша айналым коэффициенті 9,7%-ды құрады.
Жұмыспен қамтудың аймақтағы қызметі халықты жұмыспен қамту 
мәселесін шешу, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қамтамасыз ету, 
жұмыссыз адамдарды жұмыспен орналастыруға әсер ету, олардың кәсіби 
даярлығын арттыру үшін қайта оқыту курстарын ұйымдастыру, 
жұмыссыздарға әлеуметтік көмек беретін мемлекеттік органдардың құрылымы 
болып табылады. 
0,0
1,0
2,0
3,0
4,0
5,0
6,0
7,0
жыл жыл жыл жыл жыл жыл жыл 
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Қазақстан Республикасы 
Астана қаласы 
0
500
1000
1500
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Жұмыссыздар
Өз бетінше жұмыс істейтін 
қызметкерлер 
Жалдамалы қызметкерлер 
Жұмыспен қамтылған 
халық 


89 
Кесте 1- 2016-2017 жылдары Астана қаласы бойынша жұмысқа қабылданған 
және босаған адам саны 
 
Көрсеткіш 
2016 ж. 
2017 ж. 
Жұмысқа қабылданғандар 
18107 
22446 
Жұмыстан босағандар 
21111 
21791 
Соның ішінде: 
Өз еркімен кетекендер, үлесі 
18346 
16278 
Персонал санының қысқаруына 
760 
349 
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін 
2005 
5164 
Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған [3] 
Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жалдамалы қызметкерлердің 
үлесі 94,9% немесе 442,5 мың адамды (соның ішінде, ерлер – 223,7 мың адам, 
әйелдер – 218,8 мың адам), ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 
5,1% немесе 23,6 мың адамды (соның ішінде, ерлер – 15,4 мың адам, әйелдер – 
8,2 мың адам) құрады (кесте 2). 
Кесте 2- Астана қаласы бойынша 2016 жылы жұмыспен қамтылу көрсеткіштері 
Көрсеткіш 
Барлығы 
Ерлер 
Әйелдер 
Жұмыспен қамтылған адамдар 
466,1 
239,0 
227,1 
Жалдамалы жұмысшылар 
442,5 
223,7 
218,8 
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 
23,6 
15,3 
8,3 
Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған [3] 
2016 жылы жұмыссыз халықтың саны 22,8 мың адам болып, жалпы 
жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауда негізгі маңызды 
бағыттың бірі адам капиталын тиімді пайдалану. Қазіргі кезде елімізде осы 
үшін заңды тұрғыдан біршама жұмыстар атқарылып жатыр. 
Әлеуметтік маңызды заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілді, 
мысалы, 
мемлекеттік 
қызметкерлерді 
оңтайландыру 
мен 
автоматтандыру, бюджеттік процестер мен саалық және кедендік әкімшілік 
жүргізуді жетілдіруге бағытталған. Осы шаралардың нәтижесінде соңғы үш 
жылда шағын және орта бизнес 22 пайызға артты. Олар жыл сайын елдің 
жалпы ішкі өнімінің 17-20% өндіріп отыр. 
Шағын және орта бизнесті бірігу мен кооперациялануға ынталандыру, 
жергілікті бизнес бастамаларды көтермелеу жолымен ішкі нарықты дамыту 
бойынша, шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің күшті дамуы мен орта 
бизнеске өтуіне жағдайлар мен алғы шарттар жасау бойынша, бірыңғай 
экономикалық кеңістікте отандық өндірушілердің жағдайларын, сонымен қатар 
қорғау және алға жылжыту механизмдерін жетілдіру бойынша іс-шаралар 
кешенін пайдалану жоспарланып отыр [1]. 


90 
Жұмыспен қамтуды тұрақты өсіріп отыру ғылыми-техникалық 
революция жағдайында өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге 
асады. Оның артуы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген 
шығынының жылдам артуымен және халық шаруашылығының орташа 
көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен қарастырылады. 
Тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында біршама 
өзгерістер, сонымен қатар, кәсіби білікті жұмысшыларға сұраныстың табиғи 
артуын пайда етті.
Мемлекет экономиканың базалық салаларын (мұнай-газ өнеркәсібі, тау-
кен өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (көлік жасау, мұнай-химия 
өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сонымен қатар сервистік секторда 
(туризм, әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету) кадрлық қамтамасыз 
етуде артып отырған қажеттілікті бастан өткеруде. 
Жұмыспен қамту қызметінің біркелкі өсуі үдемелі индустриалды-
инновациялық дамуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұның бәрі мемлекет 
басшысының 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнім құрылымында шағын және 
орта бизнестің үлесін екі есе арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға 
мүмкіндік берді, ал 2050 жылға қарай экономиканың бұл секторы ірі 
басымдыққа ие болуы тиіс.
Еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген 
сұраныстың артуы, ұсынысты оңтайландыру, еңбектің құнын арттырып, 
сапасын жетілдіру сияқты маңызды көрсеткіштер мемлекеттік реттеуден тыс 
қалып келді.
Қазіргі кезде, экономикалық өсу барысында, мемлекеттің жұмыспен 
қамту және еңбек нарығын реттеудегі ролі жаңаша тұрғыдан шешілуге тиіс. 
Бұл салада Үкіметтің өзі негізгі басты реттеуші ролді атқаруға тиіс. 
Жұмыспен 
қамту 
саясатының 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуы 
макроэкономикалық реттеу шеңберінде жүзеге асырылады. Еңбек нарығын 
тиімді бақылау мен жұмысты қамту саясатын жүзеге асыруды мемлекеттік 
органның құзыретіне қалдырған жөн. Ағымдағы жағдайды ескере отырып, 
соңғы бес жыл ішінде жұмыспен қамту саласында атқарылатын жаңа 
міндеттерді жеке құрылымдарға оңтайлы тапсыруды шешу керек. 
Жұмыспен қамту 
бағдарламасының 
талаптарына 
жауап 
беретін 
қаржыларды барынша ұтымды жұмсайтын уақыт келді.
ХХІ ғасырдың басында экономикада ерекше маңыздылығы бар сала 
ақпараттық бизнестің пайда болғаны белгілі. Оның мазмұны ақпаратты қайта 
өңдеуді білдіреді. Ақпарат саласындағы жұмыспен қамту құрылымдарында 
көптеген бағыттар бойынша өріс алуда. 
Ақпараттық технологияның дамуы өндірістегі, саудадағы, коммуналдық 
сектордағы құрылымның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Осымен 
қатар жұмыспен қамтылған жаңа бір категория пайда болды. Олар 
экономиканың ақпараттық емес саласына жұмысқа орналасуда. Жұмыспен 
қамту органдарына жұмыс іздеп келгендердің арасында біліктілігі төмен немесе 
мүлдем жоқ адамдардың саны басым. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерден 
келген 23 жасқа дейінгі, орта білімді әйелдер. Осы адамдардың электронды 


91 
нарықтан жұмыс табуы үшін қазіргі кезде жұмыссыздарды қайта оқыту үшін 
жұмсалып жатқан қаржылар қамтамасыз етілуде. Сонымен бірге бүгінгі таңда 
еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде ақпараттық жүйелердің 
тиімділігін қамтамасыз етуде маңыздылығы артты [3]. 
Қазіргі күнде нақты қолымыздағы бардың өзі уақыт талабына жауап 
бермейді және соған сәйкес қаржыландыруды қажет етеді. Жұмыс 
іздеушілердің келесі тобы 40 пен 50 жастағы адамдар. Осы адамдардың тобы 
жұмыспен қамту органдарына келетіндердің жалпы санының 40 пайыз үлесін 
құрайды. Осы адамдарды өндіріске қайта тарту үшін осы ұрпақтың 
интеллектуалдық күш-жігерін қолдана отырып, мемлекеттің ақшалай 
қаржыларын шоғырландыру керек. 
Дегенмен, жұмыспен қамтуда жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін еңбек 
саласында жиналып қалған мәселелерді жеңіп, жұмыс күшінің ірі ауқымда 
орын ауыстыруын және оларды тиімді қолдану үшін көп қаржы құюды талап 
етеді. 
Мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған құқықтық, 
ұйымдық және экономикалық іс-шаралар жиынтығы жұмыспен қамту 
саясатының негізгі міндеті болып табылады.
Мұндай саясаттың құрамына: қоғамдық жұмыстар жүйесі бойынша жаңа 
жұмыс орындарын құру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту жолымен жұмыс 
орындарын ұйымдастыруға ықпал ету, жұмыс орындарын сақтап қалуға, 
адамдарды оқыту және қайта оқытуға, біліктіліктерін арттыруға, жұмыстан өз 
еркімен босауын болдырмауға байланысты іс-шаралар кіреді. 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне халықты 
жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру 
мәселесі жұмылдырылған.
Жұмыспен қамту мәселесін шешуде келесі ойларды қарастыруға болады: 
- әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан өтіп отырған қоғамға жаңадан 
келген жас буынды тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оның келешектегі 
жағдайларын кеңейті үшін не істеу керек? бұл жердегі негізгі мәселе, 
қоғамдағы қылмыстан, сонымен қатар басқа да қылмыстық жағдайлардан 
заңды тұрғыда қорғай отырып әлеуметтік тәрбиелеу, жастармен осы бағытта 
әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау; 
- жастардың өсіп дамуы үшін еңбек пен жұмыспен қамту саласында 
ыңғайлы жағдайлар жасау, жаңа бітірген жас мамандарды жұмысқа 
орналасуына көмек беру. Бұл жағдайларға мемлекетттің ықпалы керек. Яғни 
нәтижелі бағдарламалар қабылдануы тиіс. Себебі тәжірибесі жоқ жас 
мамандардың қоғамда жұмыс табуы өте қиын және бұл өзекті мәселе; 
- аймақтарда жұмыспен қамту саясатын тиімді жүзеге асыру; 
- жаңа жұмыс орындарын ашып, оны ақпаратпен қамтамасыз ету. Ол 
үшін ғылыми-техникалық прогресті дамыту; 
- шығып жатқан жас дарындарға қолдау көрсетіп, дамыту. 
Ел экономикасын дамытып, қауіпсіздігін нығайту, халықтың әлеуметтік-
экономикалық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету үшін халықты 
жұмыспен қамтамасыз ету керек. 


92 
Жұмыспен қамту концепциясы келесі принциптерге негізделеді: 
- азаматтардың шығармашылық еңбекке, өндіргіш қабілеттерін ерікті 
қолдану; 
- азаматтардың еңбек ету құқықтарын жүзеге асыруда мемлекеттің 
жауапкершілігі мен қолдауы. 
Экономикада еңбек нарығын қалыптастыруда нарықтық бастаулар 
мемлекеттік реттеумен тығыз байланысты. Адамдардың жеке қажеттіліктері 
мен бірге олардың қалауынан тыс объективті жағдайлар орын алуы мүмкін. 
Елде қоғамдық қажеттіліктерді, нақты мүмкіндіктерді, өндірістің анықталған 
құрылымын, жұмыс күшіне деген сұранысты елемеуге болмайды. 
Жұмысшының сұранысы мен оның қажеттіліктері арасындағы алшақтық 
көрініп тұрады. 
Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі төмен жұмысшылардың тобын 
жұмыспен қамтамасыз ету қажет. Осы мәселені қолға алу мақсатында келесі іс-
шаралар бағытын ұйымдастыру керек: аталған жұмыс тобы адамдар үшін 
жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз 
ету; ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы оларды ынталандыру; ақша-несие 
және бюджет-салық саясатының басымдықтарын пайдалану; шағын бизнеспен 
айналасу үшін субсидиялар беру; мамандандырылған кәсіпорындар желісін 
ашып, қабылдау; кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет ететін жұмыскерлерге өз 
жеке ісін ашуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жәрдем беру.
Мамандықтың дұрыс таңдалмауынан қазіргі қоғамымызда жұмыссыздық 
мәселесі белең алып бара жатыр. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұраныс 
пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді.
Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін болашақ мамандық 
таңдау кезінде жас азаматтың аңсаған арманы мен нақты қажеттіліктерін ескере 
отырып, тұлғаның ерекшеліктері мен неге икем екендігін қарастыра отырып 
қадам жасаған дұрыс. 
Еңбек нарығын реттеу элементтерінің бірі азаматтарды кәсіби бағыттау, 
адам ресурстарын дамытуға әсер ету, кәсіптік білімнің кәсіби білікті 
мамандарға нақты қажеттілігімен байланысын қамтамасыз ету. 
Біздегі еңбек нарығында мамандық таңдау мен еңбек сұранысы арасында 
алшақтық сезіледі. Бүгінгі таңда негізгі міндет – әрбір қазақстандыққа 
сұранысқа ие мамандықты таңдау және сол мамандық бойынша білім алу 
тәртібі мен шарттары туралы мемлекеттен толық ақпарат алу мүмкіндігін беру. 
Осы кезде, халықты жұмыспен қамту механизмдері бір-бірімен 
байланысып толық жұмыс жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды жүзеге 
асыру тиімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет