Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)


 Еңбек нарығында жұмыспен қамтылу және жұмыссыздықты реттеуде



Pdf көрінісі
бет32/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

 
1.9. Еңбек нарығында жұмыспен қамтылу және жұмыссыздықты реттеуде 
мемлекеттің саясаты 
Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде еңбек нарығында қалыптасқан 
жағдайды тиімді шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек 
потенциалын дұрыс қолдануға жағдай жасайтын алдын болмаған «Жұмыспен 
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама ел 
арасында оң қабылданып, экономиканың дамуына, оң жетістіктерге жетуіне 
ықпалын тигізуде. 
Халықты жұмыспен қамту саясатының негізгі мақсаты – мемлекетте 
жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытталған құқықтық, ұйымдық және 
экономикалық шаралар жиынтығы.
Бұл саясат келесі іс-шараларды жүзеге асырады: қоғамдық жұмыстар 
бойынша жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды 
дамыту үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру мақсатында оқыту, қайта оқыту, жұмысшылардың ерікті түрде 
жұмыстан шығуына жол бермеу. 
Жұмыспен қамтылу бұл мамандық алу үшін оқуды, әскерде борышын 
өтеуді, үй шаруашылығын жүргізуді, балалар мен қарттарды қарауды қоса 
алғанда халықтың еңбек қызметіне араласуы [1].
Аймақта жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу негізгі әлеуметтік 
басымдықтарының бірі болып табылады.
Жұмыспен қамтуды дұрыс ұйымдастыру – бұл халықты әлеуметтік 
қорғаудың негізі, адам потенциалын өсіру мен оны жүзеге асырудың маңызды 
бөлігі, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру, әл-ауқат деңгейінің 
жақсаруда басты құрал.
Қызметкердің еңбек өнімділігінің деңгейі оның қабілеттілігі мен 
ынтасына байланысты. Алғашқысы оның қандай жұмыс істей алатынын 
анықтаса, келесісі оның не істегісі келетінін анықтайды. Өнімділік пен 
ынталандырудың түрі мен саны арасында тәуелділік бар. Сонымен қатар басқа 
да факторлардың бар екенін ескеру керек. 
Еңбек ресурстарында сапалы білім алудың мәні экономикалық өсу 
мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Білім мен еңбек өнімділігін 
арттыруға қажетті және адамдардың іс-әрекеттерін талдауға, тиімді жазуға, 


87 
мәселелерді шешуге, өндірістің жаңа технологиясы мен әдістерін меңгеруге, 
арнайы бағыттағы пәндерді игеруге көмектеседі.
Еңбекке қабілетті адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі 
мемлекеттік маңызды мәселе. Нарықтық экономика жағдайында бұл 
экономикалық талаптарда өмір сүруге нақты қойылған саяси және әлеуметтік 
мақсаттарға жетудің белгілерінің бірі.
Еңбек потенциалын сақтап, көбейтіп және тиімді қолдану жұмыспен 
қамту мәселесінің басты мәселесі болып табылады.
Бұл шарттар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі алғы 
шарттар болып, өндірістің дамуына мүдделі және тұрақты жұмыспен 
қамтылған, икемді жұмыс күші, халықаралық экономикалық қатынастар 
жүйесіне толық енуге мүмкіндік жасайды. 
Жұмыспен қамтудың белсенді көмегі ретінде келесі бағыттарды атауға 
болады: 
- жұмыс іздеуге көмек беру және жұмысқа орналастыру
- кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру; 
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 
- жұмыспен қамтуды субвенциялау; 
- өзін-өзі жұмыспен қамтуға материалдық жәрдем беру; 
- өзін-өзі жұмыспен қамтуға микронесиелер беру және шағын 
кәсіпорындар құру және т.б. 
Елдегі жұмыскерлерді жұмыспен тұрақты қамтамасыз ету үшін қаржы 
қажет, ал бұл жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты. Ол қызмет 
ету аясына қарай екі бөлек жүйеден тұрады: 
Бірінші бөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға 
материалдық жәрдем беру қызметін атқарады. Екінші жүйе жұмыссыздық 
деңгейінің өсуіне алдын-алу шараларын жүргізеді. 
Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің деректері бойынша 2016 
жылы Астана қаласының экономикасында барлығы 466,1 мың адам жұмыспен 
қамтылған болатын, ерлер – 239,0 мың адам, әйелдер – 227,1 мың адам. 
2016 жылғы жұмыссыз халықтың саны 22,8 мың адам болып, жалпы 
жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. 
Жұмыспен қамтудың аймақтағы қызметі халықты жұмыспен қамту 
мәселесін шешу, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қамтамасыз ету
жұмыссыз адамдарды жұмыспен орналастыруға әсер ету, олардың кәсіби 
даярлығын арттыру үшін қайта оқыту курстарын ұйымдастыру, 
жұмыссыздарға әлеуметтік көмек беретін мемлекеттік органдардың құрылымы 
болып табылады. 
Астана қаласының ірі және орта кәсіпорындарына 2016 жылы 18107 адам 
жұмысқа қабылданып, әртүрлі себептермен 21111 адам жұмыстан босады. 
Жұмыстан босаған қызметкерлер арасында өз еркімен кеткендердің үлесі 
86,9%, персонал санының қысқаруына және кәсіпорынның таратылуына 
байланысты 3,6%, еңбек тәртібін бұзу мен өзге де себептер бойынша 9,5%-ды 
құрады. 


88 
Диаграмма 1. Астана қаласының жұмыссыздық деңгейі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет