109
Трансұлттық корпорациялардың пайда болу мен қалыптасуына,
әдістемесі мен теориясына экономикалық әдебиеттерде үлкен
назар
аударылған. Олардың қатарында трансұлттану үрдісінің халықаралық еңбек
бөлінісінің қызметі ретінде талдауға, оның ұлттық экономикалар мен жаһандық
шаруашылық қатынастардың дамуына әсерін зерттеуге Chandler A., Hymer S.,
Danning J., Vernon R., Kindleberger C., Buckley P., Kolde E., Coase R., Akamatsu
және ТМД елдерінің Хасбулатов Р.И., Кондратьев Н.И., Фальченко О.Д., Пауль
Ф., Додонов В., Мовсесян А.Г., Шагурин С.В., Шимко П.Д. сияқты
ғалымдарының еңбектері арналған.
Біздің елдің
ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік тәжірибені
пайдалануға негізделген өндірістің трансұлттануының дамуына негіз болған
шетелдік инвестицияларды тартудың нақты
формалары мен әдістерін
қарастыруға тікелей қатысты ғылыми еңбектер де аз емес. Атап айтсақ,
Мадиярова Д.М, Хусаинов Б.Д., Багаева Н., Мороз С.П., Нурсултанова Л.Н.,
Орынбасаров Е., Смирнов С., Музапарова Л.М. және тағы басқа ғалымдардың
еңбектері жатады.
Әдістеме. Біздің зерттеуде трансұлттық
корпорациялар мен олардың
бөлімшелерінің әрқайсысын жеке даралап зерттеу мүмкін болмағындықтан
БҰҰ, Әлемдік банк және Forbes, Fortune, Financial
Times журналдарының
арнайы рейтингтік жүйелері қолданалады. Сонымен қатар, базалық мәліметтер
ретінде үкіметтік құжаттар, жылдық есептер,
UNCTAD жариялайтын
Бүкіләлемдік инвестициялық есептері, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің, Инвестиция және даму министрлігінің статистикалық
ақпараттары қолданылды. Аталмыш
жұмыста салыстырмалы талдау,
функционалдық талдау, бағалау әдістері арқылы зерттеу жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: