Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет76/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Ескерту -[7] негізінде құрастырылған. 
міндетінде. Мемлекеттік жоғары білім 50 штатпен басқарылады. Федералды 
үкіметтің жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарында бірдей 
қолданылатын екі негізгі қызметі бар: студенттерге қаржылық көмек көрсету; 


237 
зерттеу қорларын қамтамасыз ету, әсіресе, биомедициналық және физикалық 
ғылымдар саласында пайдаланылатын.Америкалық жеке жоғары оқу орындары 
«қамқоршылар кеңесімен» басқарылады. Қамқоршылар кеңесі жоғары 
лауазымдарға ие және жеткілікті жағдайы бар, қайырымдылықпен айналысатын 
азаматтардан құралады.
Мемлекеттік жоғары оқу орындары министрліктің емес басқармалардың 
иелігінде. Бұл басқармалар штаттың заңды органымен немесе губернатормен 
сайланады. 
Норвегияда білім саласында мемлекеттің қатысу қағидасы өзінің 
ерекшеліктеріне ие. Университеттік қорларлардың көп бөлігі әр түрлі 
мемлекеттік гранттар базасы негізінде құрылады. Қоғамдық немесе жеке 
қорлармен, өндірістік, мемлекеттік немесе муниципалды агенттіктермен 
бөлінетін гранттар университеттегі зерттеу жұмыстардың негізгі бөлігін 
қаржыландырады [9, 28-31 б.]. 
Парламенттік гранттар әрбір университетке жалпы грант ретінде бөлінеді. 
Гранттар университеттің барлық қызмет шығындарын жабады. Оның ішінде: 
негізгі басқару, кітапханалар, қымбат құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары 
және басқа да күрделі қаржы шығындары. Гранттар бірыңғай бюджеттік 
схемадан құралады. Әрбір оқу орындарына бюджет парламентпен бекітілген 
жылдық бюджеттің бір бөлігі ретінде құралады. 
Норвегияда жоғары білім барлық студенттерге тегін, бірақ студенттер 
баспанаға жауап беретін әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында мүше 
болғаны үшін төлеуге міндетті болып табылады. Студенттерге көрсетілетін 
қаржылық көмек шәкіртақы және мемлекеттік банктен оқуға алынатын 
қарыздарға негізделген. 
Оқу орындарына бюджетті есептеу кезінде Министрлік өзінің шешімін 
алдынғы жылдың бюджетіне негізделеді, яғни қаржыландыруды көбейтеді, 
қосымша студенттерді алуға немесе басқа да шығындарға қаржы бөледі және 
оларды баға мен еңбекақының өзгеруіне бейімдейді. Сонымен қатар, үкімет 
қажет болған жағдайда қысқартуларды жасайды. 
Норвегияда ресурстар қол жеткізген нәтижелер негізінде бөлу маңызды 
болып табылады. Университеттер бюджеттің қаражатын әр түрлі шығындар 
арасында еркін бөле алады. Қаржылық шектеулерді алу және табыстың сыртқы 
көздер маңыздылығының өсуі университеттердің қаржылық басқаруы түбегейлі 
өзгертті.
Сөйтіп, университет бюджеттік схеманы пайдалануда еркіндіктің жоғары 
дәрежесіне ие. Алайда министрлік негізгі саяси және стратегиялық шешімдерді 
өзі қабылдайды. Мысалы, мамандықтарды және жаңа студенттердің санын, 
сондай - ақ әр факультеттегі студенттер санын анықтайды. 
Жаңа Зеландиядағы қаржыландыру моделінің ерекшеліктеріне қаржылық 
автономия және оқу орындардың жаһандық бюджет, сондай – ақ ЖОО-ғы білім 
берудің төлем жүйесі жатады [10, 4-9 б.]. Мемлекет тікелей емес, студенттер 
арқылы әсер етеді. 
Бюджеттік қаржыландыру үрдісі келесі схема бойынша жүргізіледі:
1) мемлекет басым бағыттар мен курстар туралы хабарлайды;


238 
2) оқу орны белгілі бір курсқа қанша студентті қабылдай алатыны 
жөнінде ақпарат береді;
3) мемлекет қанша студетті қаржыландыра алатынын хабарлайды.
Студенттердің күндізгі оқу түрі моделі жоғары оқу орындарына өзінің 
шығындарын анықтауда өкілеттік береді. Бұл барлық сферада бюджетті тиімді 
пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет тікелей әсер етпейді, бірақ 
белгіленген қаржылық шарттар арқылы әсер ете алады. Басқару элементтерінің 
бірі - студенттер жағынан сұраныс болып табылады.
ЖОО қызметін төлеу жүйесі келесі элементтер мен механизмдерден 
құралады:
1) төлем оқудын жалпы құнының 25% көлемінде орнатылады, 75%-н 
мемлекет төлейді;
2) білім беру ұйымдары төлем көлемін өздері анықтау керек;
3) әрбір азамат білім алуға мемлекеттік несие алуға құқылы. 
Білім берудің құнына жеке және мемлекеттік үлестің орнатылған 
байланыс маңызды болып табылады. Несиенің капиталды құны мемлекетпен 
емес, студентпен төленеді. Бұл жүйе бюджеттік шектеулер кезінде де жұмыс 
істейді.
Жапонияның жоғары білімі әлемдегі халықты жоғары біліммен қамту 
деңгейі бойынша жетекші орындардың бірін алады [11, 70-79 б.]. 
Жапонияда өмір бойы жұмыспен қамту жүйесі негізінде және қызмет 
бабында көтерілуде жасы үлкендікке акцент және қызметкерлердің еңбегіне 
төлем кезінде қызметкерлер сол компанияда зейнетке шыққанға дейін жұмыс 
істейді деп күтілуде. Сондықтан бизнес өзінің оқу бағдарламаларына 
айтарлықтай қаржы бөледі. Кейбір жағдайда компанияның жаңа мамандарға 
қажеттілігі бір университетте қанағаттандырылады.
ЖОО, білім беру ұйымдары мемлекеттің экономикалық жүйесінің 
субъектісі және мемлекеттің ресурстарын тұтынушысы ретінде бола тұра білім 
беру қызметін тауар өндіруші ретінде болады. Білім беру қызметі жүйесінің 
жағдайына тікелей әсер ететін негізгі көрсеткіштерінің бірі қаржыландыру 
көлемі болып табылады. Қажетті қаржыландыру көлемінің бар болуы білім 
беру жүйесін еңбектік, материалды, ақпараттық және әлемдік стандарттарға сай 
басқа да ресурстар түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
ЮНЕСКО-ның 
ұсыныстары 
бойынша 
білім 
беру 
сферасын 
қаржыландыруға бағытталған қаржылық ресурстардың көлемі елдің ЖІӨ-нен 6-
7% ды құрау керек [12]. Елімізде бұл көрсеткіш тек 3,1%-ды құрайды. 
Көрсеткіштің мұндай деңгейіне жету үшін келесі шараларды қолдану керек: 
елдің ЖІӨ не пропорционалды түрде мемлекеттік қаржыландыру көлемін өсіру 
керек; мемлекеттік бюджеттен тыс қаражаттын білім беру сферасына тартуды 
көздейтін мемлекеттік саясатты енгізу; қаржыландырудың қосымша көздерін 
дамыту және т.б.
Осылайша, қаржыландырудың қосымша көздерін тарту, білім беру 
сферасында рационалды қаржыландыру түрлері мен әдістерін енгізу сияқты іс-
шараларды жүзеге асыру білім беру ұйымдарының бәсеке қабілеттілігін 
арттыруға, білім беру қызметі нарығында позициясын нығайтуға ықпал етеді. 


239 
Қолданылған әдебиеттер: 
1 Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарлама, http://adilet.zan.kz сайты. 
2 «Интеллектульная нация 2020» бағдарламасы. Астана, 2009. 
3 Кузьмина Н.Г. Зарубежный опыт финансирования образования в условиях 
восстания автономии вузов// Вестник Волгоградского Государственного 
Университета. – 2008.- 56 с.
4 Н.Барр Высшее образование: способы и источники финансирования// 
Вопросы образования. – 2005. – №2. – 59-62 с.
5 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика 
комитетінің статистикалық жинағы, 196 – 197 б.
6 Ломакина 
Т.Ю. 
Современный 
принцип 
развития 
непрерывного 
образования. М.: Наука, 2006. 
7 Рубин 
Ю.Б. 
Рынок 
образовательных 
услуг: 
от 
качества 
к 
конкурентноспособным бизнес-моделям. // Высшее образование в России. 2011. 
№3. 
8 Джонстоун Д.Б. Сокращение финансирования высшего образования: 
стимулы и ограничения диверсификации доходов// Университетское 
управление: практика и анализ. 2002. №2. 
9 Стром Г.А. Национальная система финансирования вузов Норвегии // 
Университетское управление: практика и анализ. 2000. №4. 
10 Ройтер В. Финансирование образования: Международные модели, пути, 
опыт и мышление // Университетское управление: практика и анализ. 2000. №4. 
11 Дронишинец Н.П. Проблемы управления системой высшего образования
в Японии // Университетское управление: практика и анализ.- 2002. №1. 
12 SianesiB., VanReenenJ. Отдача от образования: обзор эмпирической 
макроэкономической литературы//JournalofEconomicSurveys. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет