Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет74/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

реализации экспортного потенциала АПК Казахстана
- развитие импортозамещающих производств с целью расширения ее 
экспортного потенциала в перспективе; 


230 
- развитие экспорта мяса КРС, отгонного животноводства;
- развитие продукции растениеводства с целью дальнейшего расширения 
экспорта зерновых культур и продукции растениеводства;
- расширение производства и экспорта масличных, кормовых и других 
видов культур. 
Таким образом, в долгосрочной перспективе развитие отраслей 
агропромышленного комплекса Казахстана будет направлено на повышение 
производительности 
сельскохозяйственного 
производства, 
освоение 
потенциала производственной и перерабатывающей отраслей и расширение 
экспортного потенциала страны со странами СНГ, и в особенности со 
станами ЕАЭС
Список использованной литературы: 
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу 
Казахстана. 31 января 2017 г. «Третья модернизация Казахстана: глобальная 
конкурентоспособность». 
2. Комитет по статистике МНЭ РК. Интернет-ресурс: www.stat.kz. 
3. Департамент статистики Костанайской области. Интернет-ресурс: 
www.kostanai.stat.kz. 
4. Программа развития территорий Костанайской области на 2016-2020 годы. 
Утв. Решением Маслихата Костанайской области от 11.12.2015г. №474. 
5. Стратегический план Министерства сельского хозяйства Республики 
Казахстан на 2017-2021 годы. 
3.7. Казақстан респуликасының білім беру жүйесінің экономикадағы рөлі 
Жаһандық нарықта білімнің, технология мен еңбек ресурстарының 
бәсекелестігі жетіліп жатқан жағдайда білім беру жүйесінің рөлі күшеюде. 
Қазіргі таңда көптеген елдерде білім беру жүйесіндегі реформалар 
жаһанданудың сын-тегеуріндеріне жауабы болып табылады. Экономика 
дамуындағы жетістіктерін көрсететін білім жақын арада адам капиталын 
дамытудағы бәсекелестікті шиеленістіреді. Осы жағдайларда ұлттық бәсекелік 
артықшылықтарды тек қана білім беру сферасына тұрақты қолдау көрсету мен 
қаражатты шоғырландыру негізінде ғана емес сонымен қатар, Қазақстандық 
білім беру жүйесінің бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар 
жүйесін құру арқылы қамтамасыз етуге болады.
Қазақстандық білім беру жүйесі сферасындағы мемлекеттік саясаттың 
келешегі әлемдік экономикада болып жатқан жаһандық үрдістермен 
байланысты. Бұл,экономиканың ағымдағы қажеттіліктерін және білім 
экономикасына жоғары білікті кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін 
ұлттық білім беру жүйесінде көрініс табады [1].
Білімді бастапқы қаржыландыру тиісті тексеріс механизммен үйлесетін 
мүмкіндіктерді қалыптастыруға жұмсалады. Нәтижеге тәуелді қаржыландыруда 
гранттар конкурсқа қойылады, кез келген университет конкурсқа қатыса алады 
және тек ең үздіктері жеңе алатынды білдіреді. Мемлекеттік қаржыландыру 
тікелей емес болып табылады және конкурстық сауда-саттықтың негізіндегі 


231 
зерттеулер мен білімге қаржы бөлетін тәуелсіз институттар арқылы жүзеге 
асырылады. 
Қазақстанның ғылым және технология секторында ғылыми-зерттеу 
институттары әліде маңызды орын алады және мемлекет есебінен 
қаржыландырылады. Университтер инновациялар саласында жетекші білім 
генераторы бола алмайды, бұл өнеркәсібі дамыған елдерге тән болып 
табылады. Технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың унивеситеттермен тығыз 
байланысы әрдайым пайдалы бола бермейді. Өсіп жатқан нарықтық сұраныс, 
бәсеке және инновацияға мудделі басқа да тараптар арасындағы байланыстарды 
нығайту барлық ғылыми-техникалық және академиялық ұйымдардың 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мақсатты бағытталған саясат жетекші 
университеттердің инновациялық потенциалын дамытуға көмектесер еді. Бұл 
жаңа және бар кәсіпорындар арасындағы байланыстарды нығайтуға, 
халықаралық кәсіпорындармен жаңа технологиялардың қарқынды айырбасын 
қамтамасыз етуге ықпал етер еді. Университеттер мен басқа да оқу 
орындарының инновациялық жобаларда идеяларды жүзеге асыру қабілетін 
арттыру есебінен және басқа да мүдделі тараптармен байланыстарды нығайту 
арқылы ұлттық инновациялық жүйедегі рөлін кушейтуге болады. 
Жаңа моделдің басты қағидасы –өмірдің сапасын жақсарту мақсатында 
білім беру жүйесін дамыту, сонымен қатар, жаңа шығармашылық және жоғары 
рухани қажеттіліктерді қалыптастыру. ХХI ғасырдың білім беру жүйесінің өмір 
сапасына бағытталған стратегиясы жаңа сапалы дамуына ие болады. Ол 
лайықты өмір сапасын қамтамасыз ету мақсатында,жеке адамның 
қалыптасуына және оның тұтас дүниетанымын қалыптастыруға, білімнің, 
дағдының, басқару шешімдерінің басымдылығын анықтауға бағытталған. 
Заманауи қоғамның және білім беру жүйесінің жаңа моделінің даму 
мақсаттарының сәйкес келуі олардың өзектілігі мен өміршеңдігінің кепілі 
болып табылады. Адам капиталының жалпы ұлттық қоры және оның ұлғаю 
жылдамдығы елдің экономикалық даму деңгейі мен қарқынына өте маңызды 
болыл келеді. Өйткені адам капиталы ел экономикасының техникалық 
инновацияларды 
қабылдау 
және 
пайдалану 
қабілетін 
анықтайды. 
Экономикалық өсуді жылдамдату үшін адам капиталына салынатын 
инвестицияларадам капиталын ұтымды пайдалануды көздейтін дамудың 
мемлекеттік стратегиясымен сүйемелдену керек. 
Білім беру саясатының тиімді инвестицияларға жағдай жасауын мемлекет 
қадағалау керек. Білім беруге салынатын инвестициялардан қайтарымның 
ұлғаюына келесі шаралар қажет: 
-Елдің экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, бағыттар 
бойынша білім беру дайындығының мазмұнына талаптарды әзірлеу; 
-Әр түрлі әдістемелерді қолдана отырып,мамандыққа сұранысты бағалау 
үшін қажеттілік мониторингін жүргізу; 
-Еңбек нарығындаы кадрлар жағдайын ескере отырып мамандарды 
дайындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру; 
-Түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу; 


232 
-Елдің тұрақты экономикалық даму мақсатында еңбек нарығындағы 
қажеттіліктердің өзгеру динамикасын болжау және әр түрлі кәсіби топтардағы
жұмысшылардың сұранысын қалыптастыру үшін маркетингтік құралдарды 
қолдану; 
-Қабілеттің деңгейін көтеруге, жаңа қасиеттерге ие болуға, еңбек 
нарығындағы өзгерістерде бәсеке қабілеттілігін сақтауға әрдайым ықпал ететін 
үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру. 
Білімнің әр түрлі деңгейінде өсімнің ықпалы елдердің экономикалық 
даму деңгейіне тәуелді, дамыған елдерде жоғары білімнің дамуы өсудің басты 
белгісі болып табылады. Сонымен қатар, білім нақты капиталға 
инвестицияларды тартуға, елдің меншік технологиялық дамуына және басқа 
елдерде 
шығарылған 
технологияларды 
икемденуге 
жағдай 
жасай 
отырыпқосымша жанама пайда әкеледі. 
Бұл тұжырым отандық авторлардың зерттеулерімен дәлелденген. Қандай 
да бір елдегі жан басына шаққандағы адам капиталының өсуі нақты және адам 
капиталына инвестициялардың өсу қарқынының жоғарылауына әкеледі. 
Сондай ақ өндірістің өсу қарқынына, жан басына шаққандағы табыстың және 
жұмыспен қамтылған халықтың табыс деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді. 
Қазіргі таңда Қазақстан халқы сауаттылықтың жоғары деңгейі мен жұмыс 
күшінің салыстырмалы жоғары біліктілік деңгейімен ерекшеленеді. Қазақстан 
халқының білім деңгейінің өзгеру динамикасын талдау жалпы орта, арнайы 
орта және жоғары білімі бар тұрғындардың салыстырмалы үлесінің өсуін, ал 
бастауыш және аяқталмаған орта білімі бар тұрғындар санының азаюын 
көрсетеді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің2014 
жылдың басындағы мәліметтері бойынша жоғары және орта кәсіби білімі бар 
адамдар саны 5,5 млн немесе жұмыспен қамтылған халықтың 64,6%, жоғары 
білімі бар – 29,8%, аяқталмаған жоғары білімі бар – 3% және орта кәсіби білімі 
бар – 31,8%[2].
Бұл интеллектуалды ресуртардың дамуына жағдай жасайды. Алайда, елде 
сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі бар. 
Сондай ақ, басқарушылық қабілетінің жетіспеушілігі Қазақстанның басқа 
дамыған елдерден өнімділік деңгейі бойынша артта қалудың факторы болып 
табылады[3]. Бұл мәселелерді білім беру қызмет сферасын кеңейту мен 
жетілдіру арқылы шешуге болады. Отандық ЖОО түлектерінің біліктілік 
деңгейінің әлемдік талаптарға сәйкес келу үшін жағдай жасау қажет. Бұл 
инновациялық идеяны ұсынуға, іргелі және қолданбалы зерттеулермен 
айналысуға мүмкіндік береді.
Қоғамда және білім экономикасында жоғары кәсіби білім жүйесі және 
осы білім деңгейі бархалықтың саны ең үлкен мәнге ие. Дегенмен, Қазақстан 
басқа елдерге орын бермейтін сандық көрсеткіштер бойынша білім деңгейінің 
сапасын сипаттай алмайды.
Білімге жұмсалатын аз шығындар және әлемдік білім беру 
қызметінарығындағы ұлттық білім беру жүйесінің орны елдің білім 
потенциалының сапалы сипаттамаларының жетіспеушілігі жөнінде қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді.


233 
Білім және ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігі 
интеллектуалды еңбек сферасы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 
зиянды әсер етеді. Ғылымның, ақыл-ойдың және шығармашылық еңбектің 
беделі, сондай ақ ұлттың мәдени және интеллектуалды деңгейі төмендеюде. 
Осының бәрі республикада ғұламалардың жылыстауына әкеледі, бұл елдің 
экономикалық жағдайына жағымсыз әсер етеді.
Мамандардың 
дайындық 
деңгейі 
елдің 
экономикалық 
бәсеке 
қабілеттіліктің 
және 
әлемдік 
шаруашылық 
жүйесіне 
кіріктенудің 
дәрежесінанықтайтын маңызды факторы болып табылады. Адам капиталының 
сапасы экономикалық дамудың ұзақ мерзімді жоспардағы басты факторы 
болып келеді. 
Білім беру, қоғаммен жинақталған білім және экономикалық даму бір-
бірімен өзара байланысты. Демек, қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы 
өсуінің басты шарты болып табылатын білім беру жүйесін жетілдіруге және 
адам капиталын тиімді қолдануға көп көңіл бөлу керек.
Қазіргі таңда әр түрлі қаржыландыру көздеріне қол жеткізудің 
тәжірибесімен алмасу әлемдегі барлық елдердің басты мақсаты болып 
табылады. Білім беру сферасын қаржыландыру үшін жеткілікті мемлекеттік 
қаражаты жоқ елдер де аз емес. Қаржыландыру механизмдерін әртараптандыру 
білім беру жүйесінің мемлекеттің жауапкершілігінде болмайтынын білдірмейді. 
Мемлекеттің жауапкершілігі тек тікелей қаржыландырумен шектелмейді. Білім 
беру сферасын мемлекеттік қолдау жүйесі қаржыландырудың әдістерін, 
ережелерін және түрлерін қалыптастыруды қамтиды, осыған сәйкес 
қаржыландырудың баламалары ұсынылады.
Білім беру сферасын қаржыландыру мәселесін зерттеудің әлемдік 
тәжірибесінде 
білім 
беру 
қызметінің 
шығындарын 
мемлекеттік 
қаржыландырудың әдістері, түрлері және модельдері қарастырылған.
Н.Г. 
Кузьминаның 
мақаласында 
әлем 
елдінде 
қолданылатын 
қаржыландырудың 3 топ моделін көрсетеді.Қаржыландыру моделінің А тобы 
бойынша білім беру қызметін мемлекеттің қамтамасыз етіледі, яғни бюджеттік 
қаржы мемлекеттен тікелей білім беру ұйымдарына беріледі. А моделінің екі 
құрауышы бар: А1 – мемлекеттің қажеттіліктеріне бағытталған, А2 – білім 
қызметтерін мемлекеттің сатып алулары. А моделі бойынша мемлекеттік 
жоғарғы білім тегін болып табылады. А1 моделі қажетті біліктілік деңгейі бар 
мамандарды дайындау міндетін айқындайды. Бұл жағдайда оқудың 
бағасыалдын ала белгіленеді, төлем мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. 
Мұндай модель Оңтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде, Африка, 
Латын Америка, Ресей елдерінде қолданылады. А моделінің ерекшелігі: 
бюджеттік қаражатты қолданудың тиімділігі жоғарылайды және мемлекеттік 
шығындар азаяды. 
Қаржыландырудың В моделі білім беру ұйымдарының дәрежесіне 
бағытталған, мемлекеттік қаражат оның қызметінің нәтижесіне байланысты 
бөлінеді. Қаржыландыру көлемі түлектердің, студенттердің, оқушылардың 
санымен, оқудын қиындығымен анықталады. Бұл модель Руминияда, Дания 
және Ұлыбританияда қолданылады. Модельдің ерекшелігі: білім беру 


234 
ұйымдарының, 
ЖОО-ның 
қаржылық 
және 
әкімшілік 
басқарудағы 
өкілеттілігінің кеңеюі болып табылады. Дәреже көрсеткіші бойынша 
қаржыландыруды мемлекет тиімді басқару құралы арқылы қамтамасыз етеді.
Қаржыландырудың С моделі еңбек нарығының қажеттіліктерін жүзеге 
асыруға, білім ұйымының ішкі қажеттіліктеріне және сұранысына бағытталған. 
Сондай ақ білім беру қызметін тұтынушылардың өздері төлейді. Бұл модельде 
білім беру қызметінің тікелей тұтынушыларына купон, сертификат (ваучер) 
түрінде берілетін мемлекеттік міндеттемелер қолданылады. Мұндағы оқушыға 
маңызды шектеу болып ваучердің қолдану мерзімі табылады. Көптеген елдерде 
С моделінің әр түрлі схемаларын қолдана отырып, білім алу үшін төлемдер 
еңгізілді (Австралия, Австрия, Бразилия, Венгрия, Қытай, Кения, Жаңа 
Зеландия және т.б.). Кейбіреуінде мемлекет оқудың ақшасын толық төлеген 
оқушылардың белгіленген пайызын қабылдауға рұқсат береді [3]. 
Н.Барр 
өзінің 
«Высшее 
образование: 
способы 
и 
источники 
финансирования» 
атты 
еңбегінде 
жоғары 
білімді 
мемлекеттік 
қаржыландырудың тәжірибесін сипаттай отырып, мынайдай қаржыландыру 
түрлерін көрсетеді: 
- Білім мекемелерін трансферттер арқылы қаржыландыру, олардың 
көлемі білім саласындағы қызметтеріне жұмсалатын шығындарға байланысты;-
Білім беру жүйесінің нәтижелері негізінде қаржыландыру; 
- Белгілі бір келісім шарттар және саяси жағдайларға байланысты 
қаржыландыру; 
- Студенттерді ваучерлер және білім беру кредиттері арқылы 
қаржыландыру [4].
Білім беру қызметін қаржыландырудың әдістері мен түрлерін талдай 
отырып, бюджеттік қаражатты бөлудің кеңінен таралған түрлерін атауға 
болады. Олар: 
- Білім беру ұйымдарының ағымдағы және капитал шығындарын тікелей 
қаржыландыру; 
- Ваучерлік жүйе арқылы бюджеттік қаржатты бөлу
- Ұйымдардың қызметінің сапалы нәтижесіне сәйкес қаржыландыру; 
- Гранттар, субсидиялар бөлу арқылы қаржыландыру; 
- Жеңілдіктер; 
- Оқушылардың ата-аналарына салықтық жеңілдіктер беру. 
Қазақстанда айтылған түрлердің ішінен кеңінен таралғаны мемлекеттік 
гранттар бөлу болыр табылады. Елде ең үздің оқушыларға кез келген ЖОО-да 
оқуға мемлекеттік гранттар беріледі. Гранттар «Алтын белг» иегерлеріне, 
халықаралық олимпиада женімпаздарына және конкурстық негізде ҚР білім 
және ғылым министрлігімен беріледі [5]. Мемлекеттік гранттар саны төмендегі 
суретте көрсетілген (сурет 1).
Ұйымдардың шығындарын қаржыландырудың «Білім беру ұйымдарының 
ағымдағы және капитал шығындарын тікелей қаржыландыру» сияқты түрі 
біздің елде мемлекеттік және ұлттық ұйымдарда кеңінен қолданылады. 
Қаржыландырудың бұл түрі ұйым қызметінің шығындарына байланысты 
қаржыландыру механизмін ұйғарады.


235 
Білім беру жүйесін қаржыландырудағы шетелдік тәжірибенің маңызы 
зор. Тәжірибесі көп бес дамыған елдерді – Норвегия, АҚШ, Жаңа Зеландия, 
Жапония, Ұлыбританияны мысал ретінде келтіруге болады. Бұл елдерде 
мемлекеттік және жеке қаржыландыру көздерін оңтайлы үйлестіруде елеулі 
тәжірибесі бар болып табылады. Оның элементтерін Қазақстан жағдайында 
қолдану білім беру жүйесіне пайдалы болуы мүмкін. Төмендегі кестеден білім 
беру жүйесін қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі көрсетілген (2 кесте). 
Сурет 1.  2013-2016 жылдарда бөлінген мемлекеттік гранттар саны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет