- Гибридомды клеткаларды сұрыптаудан кейін,МКАД көбірек алу үшін көбейту керек. Культивациялау басында гибридомды жасушалар баяу көбеюі мүмкін.Сондықтан,жасуша концентрациясы 0,5 млн/мл мөлшерінен аспауы керек.
Антиденелерді тазалау - Егер антиденедерді тек таза күйінде іріктеп алу керек болса,антиденелердің кластары мен класшаларын анықтау керек.Себебі,әр антидене кластары үшін-тазалау әдісі әртүрлі.
- -Ухтерлони бойынша иммунодиффузия
- -иммуносорбент.
Қолданылатын құрал-жабдықтар - 1.Горизонтальды және вертикальды түрде стерильді ауа беретін ламинирленген бокс.Мұндағы стерильдеу фильтрлер көмегімен жүреді,бұл фильтрлер 0,3 мкм көлеміндегі ұсақ бөлшектерді ұстайды.
- 2.Инкубатор-автоматты түрде ылғалдылық температура,СО2 концентрациясын реттейді.
- 3.Төмен жылдамдықты центрифуга.
- 4.Фазоконтрастты микроскоп.
- 5.Тоңазытқыш.
- 6.Су моншасы.
- 7.96,24 лункалы планшеткалар.
- 8.Гибридтерді алу үшін қолданылатын орталар дайын ерітінділер түрінде болады.
- -Дульбек ортасы
- -Иксо ортасы
МКАД қолданылуы - -Жасушаларды идентификациялау:Т- және В лимфоциттерді,басқа жасушаларды және олардың қасиеттерін анықтау.
- -Қазіргі таңдағы антиген және антидене анықтау үшін радиоиммунды,иммуноферментті және иммунолюминесцентті әдістерді орындау.
- -Гендік инженерия,биотехнология.
- -Организдегі антиген локализациясын анықтау,антиденелермен байланысқан дәрілік заттардың жеткізілуі.
- -Антигендерді жою үшін қолданылатын иммуносорбенттерді дайындау үшін.
- МКАД көмегімен басқа әдістермен салыстырғанда 10 есе дәлелді және тез арада адам резус-факторын,қан тобын және ағза трансплантациясы кезінде тіндік сәйкестікті анықтайды.Сонымен қатар ісіктерді диагностикалауда да кеңінен қолданылады.Ісік жасушаларындағы антигендер сипатына байланысты сырқат формасы туралы айтуға болады.
- Мысалы,қазіргі таңда лейкоздың 8 түрі анықталған және әрқайсысының емі әртүрлі.Ол үшін науқастың венасынан алынған қанды МКАД-ы бар пробиркада араластырады,яғни қан құрамындағы антигендерге антиденелер қарсы бағытталады.Содан кейін осы қанның ісік жасушаларынан антигенді анықтаймыз да,ісік түрін табамыз.
- Мысалы,қазіргі таңда лейкоздың 8 түрі анықталған және әрқайсысының емі әртүрлі.Ол үшін науқастың венасынан алынған қанды МКАД-ы бар пробиркада араластырады,яғни қан құрамындағы антигендерге антиденелер қарсы бағытталады.Содан кейін осы қанның ісік жасушаларынан антигенді анықтаймыз да,ісік түрін табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |