Дәріс
З а т е с і м н і ң т ү р л е н у ж ү й е с і
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Жалғаулар, оларға тән белгілер. Жалғаулардың көп вариантты болуының себебі. Жалғаулардың түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.
Көптік жалғау. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Көптік жалғауларының релятивтік және деривативтік сипаттары. Көптік категориясының берілу тәсілдері: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Көптік категорияның тарихы.
Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясының жасалу жолдары: морфологиялық, синтаксистік, аралас – нікі формасы. Оңаша, ортақ тәуелдеу және олардың мағыналық ерекшеліктері. Тәуелді форманың ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп изафеттік құрылыс жасауы, І,ІІ жақта ілік септігі жалғауынсыз қолдануының себебі. ІІІ жақтың қолдану ерекшелігі, мағынасындағы айырмашылықтар. Тәуелдік жалғаудың эмоциональды-экспрессивті және синтаксистік қызметі.
Септік жалғаулары, тарихы, зерттелуі. Септеудің екі түрі:жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер. Септік жалғауының көп вариантты болуының себебі.
Атау септігі, сұраулары, синтаксистік қызметі, сөздерді байланыстыруы: матасу, изафеттік форма. Атау септігінің негізгі, белгісіздік септік аталуының себептері. Атау формалы сөзге тіркесіп, қолданылатын шылаулар. Атау септігінің грамматикалық нөльдік тұлға жасауға қатысы.
Ілік септік, мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Ілік септігінің жалғаулы және жалғаусыз қолданылуының себебі.
Барыс септігі, оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Барыс жалғауының жасырын түрде келуінің себебі.
Табыс септігі және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі
Жатыс септігі және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі.
Шығыс септік және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. –нда, -нде жалғауларының құрамындағы н дыбысының тарихы.
Көмектес септік және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Көмектес септігінің пайда болуының тарихы. Көмектес септігінің жалғауының тек жіңішке вариантта ғана ұшырауының себебі.
Барыс, жатыс, шығыс септіктерінің көлемдік, кеңістік септіктері деп аталуының себебі. Осы септіктергше тән ортақ ерекшеліктер: синтаксистік қызметтері, олардың пысықтауыш жасауға қатысы.
Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Жіктік жалғауының ықшам түрлерінің пайда болу себептері. Жіктік жалғауының болымсыз түрі және жіктік жалғауының қолданылмайтын жағдайлары, өзге жалғаулармен қабаттасып келуі.
Достарыңызбен бөлісу: |