Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет12/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129
оперативтік хир 8 н

Аминазин (Aminazinum). Басқа атаулары: хлорпромазин гидрохлорид
хлоразин, хлорпромазин, фенактил, плегомазин, пропафенин, контомин, 
амплиактил, ампликтил. 
Сипаттамасы. Ақ немесе әлсіз ақ сары түсті ұсақ кристалдық ұнтақ. 
Сәл ылғалды, суда жеңіл ериді. Ұнтақ түрі және судағы ерітінділері жарық 
әсерінен қараяды. Түйірн түрінде 0,025; 0,05 және 0,1 г; ампулаларда 1, 2, 5, 
және 10 мл 2,5% ерітінді түрінде шығарылады. Сақтық шаралары - Б тізімі 
бойынша, қараңғыда, шыны ыдыстарда, құрғақ жерде сақтайды. 
Әсері және қолданылуы. Аминазин - транквизаторлардың негізгі 
топтарының бірне жатады. Оның химио-терапевтикалық әсері бар, орталық 
жүйке жүйесіне ерекше күшті седативтік әсер етеді. Аминазинді 
наркотикалық және анальгетикалық препаратардың әрекетін күшейту үшін 
қолданады. Организмге суық өткенде, аллергиялық ауруларға қарсы
қышытатын дерматоздарда, асқазан - ішек түйілуінде, ит обасының жүйкелік 
түрінде және басқа ауруларда қолданады. 
Терінің астына жібергенде аминазин сол аумақтың ұлпаларын 
тітіркендіреді, сондықтан оны терінің астынан қолдануға тыйым салынған. 
Қалың еттен инъекция жасағанда, тітіркенуді азайту үшін 0,25 % новокаин 
ерітіндісімен бірдей көлемде арластырып жібереді. Аминазинді күре 
тамырдың ішіне 40 % глюкоза ерітіндісімен 1:3 - 1:5 қатынаста арластырып 
жібереді. Аминазин әрекеті 10-15 минуттан кейін басталады.
Мөлшері. Жылқыға, ірі және ұсақ мүйізді малға, иттерге және 
мысықтарға бұлшық етке 2,5-3 мг/кг; тамыр ішіне 1-2 мг/ кг. 
Пропазин (Propazinum). Басқа атаулары: ампазин , промазин.
Сипаттамасы. Ақ немесе әлсіз сарғыш түсті кристалды ұнтақ, суда 
ерігіш. Жарыққа ұнтақ және ерітінділері көк - жасыл түске боялады. Ұнтақ 
түрінде (0,025 және 0,05г) және ампулаларда (2 мл 2,5%) шығарылады. 
Қараңғы жерде Б тізімі бойынша сақтайды. 
Әсері және қолданылуы. Аминазиннен айырмашылығы екінші 
фенотиазинан сақинасында хлор жоқ. Әсері аминазинмен бірдей, бірақ оған 
қарағанда пропазиннің улылығы азырақ. Организімді тітіркендіруі төмен, 
қосымша құбылыстардың және аллергиялық реакцияларды шақырмайды. 
Дәрі күшті седативті, гипотермиялық әсер көрсетеді, қимыл 
реакциясын кемітеді, наркоздың, анальгетиктердің, жансыздандыратын 
препараттардың әрекетін күшейтеді. Пропазиннің аминазин мен гистаминге 
қарағанда әсері біршама мол.


31 
Қолдануы пропазинді ішке, қалың еткен және тамырдың ішінен 
қолданады. Қалың етке жібергенде пропазинді хлорид натрийдің немесе 
ерітіндісі 0,25% новокаиннің ерітіндісін қосуы ұсынылады. 
Мөлшері. Жануарларға 2,5-3 мг/кг таза салмағына бұлшық еттке. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет