Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Хирургиялық инфекция туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет14/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Хирургиялық инфекция туралы түсінік 
 
Инфекция деген жануардың организміне патогендік микробтар еніп
инфекциялық ауруларды дамытатын күрделі құбылыс. Инфекция 
қоздырушылары организмге әртүрлі жолдармен енеді, оның бірі 
операциялық жара арқылы болуы мүмкін. Сондықтан хирургиялық ем 
көрсету барысы, операциялық жараны микробтардың түсуінен қандай 
дәрежеде қорғандығына, микробтардың көбейтпеу үшін қандай шаралар 
қарастырылғанына тәуелді. Операция қандай жақсы ұйымдастырылған болса 
да жараға микробтар ену мүмкінділігі шектелмейді. Осы тұрғыда ең үлкен 
қауіп, іріңді және іріңді - шіріткіш қоздырушыларының болуында. Бұл 
инфекциялардың микроорганизмдері көп көлемде әртүрлі заттарда, 
хирургиялық аспаптарда, ауада, суда, және мал мен адамның терісінде
кілегейлі қабықтарында мекендейді. 
Бірақ 
организмге 
енген 
патогендік 
микробтардың 
барлығы 
инфекциялық құбылысты дамытыпайды. Себебі малдың қорғаныс жүйесінің 
механизмдер арқылы, патогендік микробтардың бірталайы жойылады. 
Қорғаныс механизмдері орталық жүйке және эндокриндік жүйемен 
үйлестіріліп, ретелінеді.
Организмнің қорғанысы оны қоршаған ортаға тәуелді болады: 
неғұрлым малдың азықтандыруы мен күтімі жақсы болса, қорғаныс қызметі 
соғұрлым жақсы жұмыс істейді. Керісінше, малды азықтандыру мен күтуі 
нашар болса: шамадан тыс тоңу, қатты шаршау және басқа қолайсыз 
жағдайларда организмнің қорғаныс күштері әлсіреп, инфекция дамуына 
мүмкіншілік туады. Жара инфекцияларына алдын алу шараларын жүзеге 
асыруда, ең алдымен жоғарыда аталған шарттарды еске алып, оларды реттеу 
қажет. 
Микробтардың операциялық жараға ену жолдары
Операциялық жараға инфекция түсуінің экзогендік және эндогендік 
жолдары бар. Бірінші жағдайда микробтар сыртқы ортадан енеді, екінші 
жағдайда организмнің ұлпаларынан, көбінесе алыс орналасқан аумақтардан, 
жараға қанмен (гематогендік жол) немесе лимфамен (лимфогендік жол) 
инфекция келіп енеді (мысалы, фурункулезде). Сыртқы ортада микробтардың 
әр түрі мекендейді. Тәжірибеде инфекция пайда болуына бірінші маңызды 
себептер бар. Олар: малдың жүнінде (1 см

-да 1,5 млн дейін.) және тері 


33 
беттерінде, эпидермис қабаттарында, сонымен қатар май және тері бездердің 
өзектерінде микробтардың көп болуы. 
Операция кезінде микробтардың жараға ену себептері:
а) хирургтың ластанған қолдары, аспаптары, таңғыш және тігіс 
заттарының жарамен түйісуі (контакттық жұғу жолы);
б) операция кезінде сұйықтық тамшыларымен (сілекей, шырыш, тер, 
жөтелгенде) және сол уақыттағы әңгіме барысында жараға микроб түсуі 
(тамшылық жұғу жолы);
в) ауадағы шаңның жараға шөгуі (ауа арқылы жұғу жолы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет