6
Әр операция малдың өміріне қауіп туғызады, сол себептен операция
тек қана мал иесінің келісімімен жасалады.
Малдың өміріне қауіп туған
жағдайда, операцияның қажеттілігі күмәнсіз болса иесін күтпей, оны хирург
өз жауапкершілігіне ала отырып жасауға болады. Барлық шүбәлі және қиын
оқиғаларда консилиум жүргізу өте маңызды. Операцияны жасар алдында
оның жоспарын жақсы ойластырып алу қажет. Жалпы операцияларды әр
түрлі тәсілдермен жасауға болады. Негізінен операцияға қажеттілік туған
кезде, операцияның нақтылы, ең жарамды түрін таңдайды (modus operandi).
Осыған сәйкес малды бекемдеу,
жансыздандыру әдістерін, қажетті
құралдарды, операция кезеңдерінің ерекшеліктерін белгілейді. Сонымен
қатар, кейде пайда болуы мүмкін асқынуларды ойластырып, оларға жол
бермеу және жою тәсілдерін алдын-ала
ескеру операция жасаушының
тікелей міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: