Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет126/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
оперативтік хир 8 н

Өнештің дивертикулы, diverticulum esophagi (diverticulum, rp. 
oisopbagos өңеш) - өңештің қабырғасы бір шетті ілгері шығуы. 
Өңештің тығындалуы, obstructio esophagi (лат. Obstructio тығындалу, 
жабылу, бітелу, гр. oisophagos өңеш) - өңештің тесігі азықпен немесе бөтен 
заттармен жартылай немесе толық жабылуы.
Операция алдындағы кезең, period us praeoperabilis (гр. periodos 
уақыт кесіндісі, лат. praeoperabilis операция алдындағы) - операцияға қажетті 
аспаптарды, фармакологиялық құралдарды, ауруды және операция 
орындалуына арналған қызметшіні дайындауға арналған операцияға дейінгі 
уақыт. 
Операциядан кейінгі кезең, period us postoperativa (гр. periodos уақыт 
кесіндісі, лат. операциядан кейінгі postoperativus) - операция аяқталған 
уақыттан кейін толық жазылуға дейінгі кезең. Шиеленіскен және 
шиеленіспеген болады. 
Плевротомия, pleurotomia (гр. pleura бүйір, жақ, қабырға + tome кесу) - 
плевралық қуысты ашып, жүрек жанындағы дорбадан немесе кеуде 
қуысынан экссудатты, сирек бөтен денелер алуға арналған операция. 
Певроцентез, pleurocentesis (гр. pleura - kentcsis тесу) - плевраны тесу. 
Потенциалдаған наркоз наркозға қолданған есірткілердің мөлшерін 
азайту мақсатымен, есірткілік емес заттарды қосымша қолдану.
Пішу, castratio (лат. отау, кесу), еркек және ұрғашы малдардың жыныс 
бездерін операция жолымен алып тастау, экономикалық немесе емдік 
мақсатпен жасалады. 
Пункция, punctio (лат. шаншу, тесу ) - мүше қабырғасын тесу немесе 
организмнің қуыстарын қуыс ине немесе троакармен диагноздық не болмаса 
емдік мақсатпен тесу. 
Резекция, resectio (лат. жарым-жартылай кесіп алу)- операция 
барысында мүше бөлімін жарым-жартылай кесіп алу. 
Реоперация, reoperatio (лат. re - қайталау, қайтадан + operatio, әдетте 
хирургиялық қанды кірісу) – алғашқы операция нәтижесі аз болғанда немесе 
операциядан кейін асқыну оқиғасында қайта операция жасау. 
Стерилдеу, sterilisatio (лат. sterilis бедеу): 1) зарарсыздандыру - әр 
түрлі субстраттарда немесе заттарда физикалық және химиялық әдістер 
арқылы микроорганизмдерді жою. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет