8
Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға
операция жасалса оны
«таза» немесе
асептикалық дейді, басқа жағдайдарда операциялар
іріңді деп
саналады.
Пластикалық операциялар – зақымдалған ұлпаларды немесе күйреген
ағзаларды пішінін немесе қызметін қалыптастыру үшін.
Косметикалық операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан
операциялардың бір түрі – оған иттердің құлағын немесе құйрығын кесу,
дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т.б. жатады.
Операциялардың көпшілігі бір сатыда орындалады. Бірақ мал әлсіз
болғанда,
қан көп кету қаупі бар кезде, естен тану, шок дамуы мүмкін
болғанда және басқа асқынуларда операцияны 2 сатыда
(екі кезеңді
операция) жасайды
.
Достарыңызбен бөлісу: