Жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогқа өту үшін –курсор рамкасын панельдердің жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” қойып <ENTER> - басылады.
Белсенді панельдің бір жолы курсор рамкасымен ерекшеленген. Курсор рамкасын (↑, ↓, →, ←) немесе End, Home, PgDn и PgUp клавишаларымен қозғалтуға болады.
Функционалдық пернелердің қызметі: F1 - көмек - экранға NC анықтамасын шығарады;
F2 – шақыру - экранға қолданушы менюін шығарады;
F3 – оқу - экранға файл мазмұнын шығарады; Одан шығу үшін F10 немесе Esc.
F4 – түзету -экранға файлды NC редакторында мазмұнын түзетуге шығарады;
F5 - көшіру - файл немесе каталогты көшіреді;
F6 - aт өзгерту- файл және каталогтың атын өзгертеді немесе баска жерге орнынауыстырады;
F7 – каталог - жаңа каталог кұруға қолданылады; Экранда каталогтың атын сұрайтын диалогтық терезе шығады. Esc клавишасымен жұмыстан бас тартуға болады. Ішкі каталог жасау үшін, каталоггқа кіріп, F7 клавишасын басу қажет..
F8 - өшіру - файл немесе каталогты дискіден өшіреді;
F9 - меню шығару - NC бес бөліктен тұратын бас меню жолы шығады: Left (солжақ), Files(файлдар), Commands (командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ);
F10 - шығу - NC жұмысын аяқтайды.
Панельдерді басқару Панельдерді басқаруға арналған клавишалар конфигурациялары:
TAB – басқа панельді белсенді етеді;
Ctrl+O – екі панельді де экраннан алып тастау немесе шығару.
Ctrl+P - экраннан белсенді емес панельді алып тастау немесе шығару;
Ctrl+U – панельдердің орнын ауыстыру;
Ctrl+F1 – сол жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару.
Ctrl+F2 - оң жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару.