Ctri+Q – ағымды (курсор тұрған) каталогтың мазмұнын, көлемін көрші панельде көрсетеді;
Ctri+L – C дискісіндегі, жедел жадыдағы информацияның, қалған бос орынның көлемін көрші панельде көрсетеді;
Home – курсорды панельдің ең бірінші жолына жедел ауыстырады;
Alt+F1 - сол жақ панельде дискіні ауыстыру;
Alt+F2 - оң жақ панельде дискіні ауыстыру;
Кез келген каталогқа кіру үшін, сол каталогқа курсор рамкасын қойып, Enter клавишасын басу қажет.
Каталогтан шығу үшін панельдің жоғары жағындағы ".." жолына барып, Enter клавишасын басу қажет.
Текстік файл жасау үшін Shift+F4 клавишалары басылады. Шыққан терезеде файлдың атын жазып, Enter басу қажет.
Alt+F10 –каталогтар ағашын шығарады. Ол арқылы басқа каталогқа тез өтуге болады.
Зертханалық жұмыс.
Диск таңдау тәртібі:
Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;
Alt + F1 – пернелерін қатар басу (Alt пернесін басып тұрып F1 басыңыз!);
Курсормен А: дискісін таңдап –ді бассаңыз, А: дискісінің мазмұны сол жақ панельде шығады;
Оң жақ панельде А: дискісін таңдау тәртібін дәптерге жазыңыз.
Каталог құру тәртібі:
Ескерту: Міндетті тұрде, құрылатын каталогтың орыны: диск оның ішіндегі каталог ағымды болуын ұмытпаңыз!
Мысалы: Түпкі А:\ дискісінде CLASS деген атпен каталог құрайық.
Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;
Кез келген панельде А: дискісін таңдаңыз (А: дискісі ағымды болғанына көз жеткізіңіз);
F7 - функционалды пернені басыңыз;
Экранға шыққан «Создание папки» диалогтық терезеде CLASS сөзін теріп -ді басыңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |