Мұсаева әлия алтай-қызы көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру принциптерін зерттеу



бет10/15
Дата19.05.2022
өлшемі3.2 Mb.
#457380
түріАвтореферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру

Қорытынды

Ұлттық киім – көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерген жөн. Оған барысынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап зерттеу қиынға соқтырады. Мысалы, ұлттық этнографиялық жолмен, яғни далалық экспедициялар арқылы іздестіріліп, киім-кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, жазу қажет. Біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен шектеледі. Қазақтың киім-кешегінен халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіптеп табиғаттың әсерін, сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса ел игілігіне қызмет ететін даусыз. Қазақы киімнің қонымдылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондағы киім табиғатымен біте қайнасқан келбет пен әшекей бірлестігін қазіргі киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді. Қазіргі кезде заман талабына сай көркем өнер негізінде бұйымды ою-өрнекпен, әрлеу әдістерін қарастыру, жастардың талғамын артырып, көркемдік білім деңгейін көтереді. Орындалған жұмыс нәтижесінде, қорытынды тұтастығы өзімен киімнің көркемдік жобалау принциптерінің, қазіргі заманға сай үлгілердің композициялық икемділік түрленуінің жетілдірілуі теориялық бағытта ғылыми ұсыныстармен қалыптастырылған.


Жұмыстың зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар:
1. Жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша костюмнің тарихи пішін құруының қалыптасуымен қатар, ұлттық костюмнің пішін құруы талданды.
2. Зерттеу нәтижесі бойынша костюмнің симметриялық және асимметриялық безендірілу заңдылығы анықталынып, костюмнің ішкі мүшелену сызықтарының безендіріліп бөлшектенуі жүйелендірілді. Бұл мәліметтер келешекте киімді көркемдік жобалауда бастапқы мағлұмат ретінде қолданыла алады.
3. Зерттеу нәтижесінде костюмнің ішкі мүшелену сызықтарының көркейтілу матрицасы жасалды. Мүшелеулердің позициялық орналасуы пішіннің композициялық құралымының құрамына байланысты, ал орналасу принципі пішіннің құрастыру мүшеленуіне бағынышты болып композициялық әдістер арқылы анықталады.
4. Қазіргі таң ұлттық нақыштағы костюмдерде қолданылатын симметриялық заңдылықтар зерттелініп, жетілдіру ұсыныстары берілді.
5. Қазақ ұлттық костюм элементтерінің безендірілу зерттелініп топтастырылды. сәндік элементтердің орналасу ережелерімен заңдылықтары бұйымға өзіне тән көркемдік айқындықпен, композициялық шындыққа және қойылған мақсатқа бағынышытылық келісімділік арқылы пішінмен сәндік элементі, сәндік элементпен бөлшектердің пішінін байланыстырып жалпы бұйымын пішін құруына әсер етеді. Олардың кейбір элементтерін үлгі бөлшектеріне қолдана отырып түрлі сәндік шешімдерді іздестіруге болады.
6. Қазақ ұлттық костюм элементтерінің құрылымдық талдануы нәтижесінде үйлесімді композициялық пішіндер аппроксимациясы ұсынылды. Тұжырымдай келе, пішін бетіндегі құрамы болып табылатын құрылым мен безендіру костюм элементтерінің бірігу үрдісі ғана болып қана қоймай, сонымен бірге, оның үйлесімділігі мен әр түрлі кезеңдегі құрылымыдық-морфологиялық костюмнің пішін құруына қатысады. Ұқыпты безендіру әдістері қазіргі таң бас киімдерінің ассортименттерін ұлғайтуға қол жеткізеді.
7. Копьютерлік бағдарлама негізінде әйелдер костюмінің композициялы-безендірілуінің оңтайлы үлгілерінің табылу әдісі жасалды. Костюмді жобалауда ұлттық нақыштағы стилизацияланған өрнектерді қолдану үлгілер түріне жаңа дәстүрлі эстетикалық бейнені береді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей ұлттық өрнектер өзінің орналасу мен қоладнулуында өзінше бір заңдылыққа бағынып, ұқыпты пайдалануды талап етеді. Алуан түрлі киім пішіндер мен оны безендірудегі жетілдірілген тәсілдері қолдану, үлгілеушінің жұмысын жеңілдетіп, жаңа костюмнің пішін құру үлгілеріне қол жеткізеді. Инновациялық технологиялар көмегімен өнеркәсіп үлгілерінің пішін құру тәсілдерінің түрлері еселене түсіп, костюм үлгілер ассортиментінің ұлғаюына өз септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет