Оюдың афиндік симметрия негізінде түрленуі. Созу өзгерістері пішн бөліктерінің мысал, лиф пен юбка ұзартуына ұқсас классификацияның шарты зерттеудегі пішіннің вертикальдық осінің берілуі, оның ағашқы позициясының белгілі болуы, созылу жазықтықтары мен өзөгеріс бағыттарының анық болуы.
Созылу деңгейлері пішіннің конструктивті белдіктерінің сызықтарына сәйкес болады. Кеудеше мен белдемшеде созылу бағыты жоғарыдан төмен қарай болады. Егер кеудешеде созылу жазықтығына, мысалы кеуде деңгейі алынса, ал пішін эталонына – бел деңгейіне дейінгі кеудеше ұзындығы алынса, пішінге жоғарыдан төмен қарай қимыл берілсе, онда жаңадан пайда болған пішін ұзындығы бөксе деігейіне дейін болады және ол созылудың өзгерісі болып табылады.
Созылу өзгерістерінің геометриялық көріністері әсіресе кристаллографиялық модельдерде айқын көрінеді, себебі олар қарапайым геометриялық пішіндерге сәйкес келеді.
Қысылу өзгерістрі кеудеше мен белдемшенің қысқаруына ықпал етеді. топтастырлуының шарты бойынща зерттеудегі пішіннің вертикальдық осі, оның геометриясы, қысылу жазықтығы мен бағыты берілуі тиіс.
Сурет 8. Афиндік симметрияның түрленуі
Егер белдемшеде қысылу жазықтығына, мысалы бөксе деңгейін алса, ал пішін эталонына – тізеге дейігі ұзындық алынса, пішінге төменнен жоғары қарай қимыл беріліп онда жаңадан пайда болған бөксе деңгейіне дейінгі пішін ұзындығы қысылудың өзгерісі болып табылады. Мұнда қысылу деңгейінің шегі кеуде мен бөксе деңгейлері болып табылады.
Костюм пішіндері көлемінің артқа қарай орын ығысуының геометриялық топтастыруын жасау үшін, костюм пішініне орын ауыстыру жазықтығын, мөлшерін және бағытын береді. Белдемшеде орын ауыстыру жазықтығына пішін жазықтығына сәйкес келетін жазықтық алынады, ал кеудешеде – бел сызығымен өтетін жазықтық алынады. Орын ауыстыру бағытына мүсіннің орта сагиттальды жазықтығының солдан оңға қарай қозғалысы алынады. Орын ауыстыру мөлшері киімнің қандай маөсатқа арналғанына байланысты болады. Әсемдік пішіндерде ол максималды болса, күнделікті пішіндерде ол кішірейеді. Берілген пішіннің барлық горизонтальды жазықтықтарын орын ауыстыру жызқтығына параллельді орын ауыстырса, алынған пішін орын ауыстыру нәтижесі болып табылады. Бұл заңдылыққа сәйкес өзінің икемділігін өзгерткен барлық пішіндер симметрияның осы типіне жатқызылады. Бұл өзгерістердің гоеметриялық көріністері көрсеткеніндей, әртүрлі орын ауыстыру бұрыштарын қолдана отырып, әсемдік көйлектер тігуде өте динамикалық силуэттер мен пішіндер алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |