Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§6.2 Мерзімді басылымдарды сыныптау проблемасы



Pdf көрінісі
бет24/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§6.2 Мерзімді басылымдарды сыныптау проблемасы. 
Деректердің аса бір үлкен тобын белгілі бір формаға ие болған , қоғамдық 
мәні бар, әлеуметтік-мәдени міндеттер атқаратын мерзімді басылымдар – газет 


57 
пен журналдар құрайды. Газет-журналдардан тарихшылар кез-келген 
тақырыпты зерттеу барысында өздеріне қажетті мәліметтер таба алады деп 
айтуға болады. Дегенмен, тарихшы-деректанушы деректің осы тобына жататын 
түрлерінің әр қайсысы әр түрлі уақытта және әр түрлі тарихи жағдайларда 
пайда болып қалыптасқан өзіндік ерекшелігі бар дерек екенін білуі қажет. 
Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі мәтін деректер әр 
алуан деректер түрлеріне де жатуы мүмкін екендігін де зерттеуші ұмытпауы 
керек. Газет-журнал беттерінен заң актілерін, іс-қағаздарын, хаттамаларды, 
естеліктерді, заманхаттарды, т.б. кездестіруге болады. Әсіресе, соңғы жылдары 
еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты қазақша басылымдарда ұлт тарихына 
қатысты жәдігерлердің алуан түрлері көптеп жариялана бастады. 
Басқа деректер сияқты мерзімді басылым мәліметтерін де тарихи «сынды», 
басқаша айтсақ, деректанулық талдауды қажет етеді. Сол арқылы ғана 
баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады. 
Мерзімді басылымға ең басты белгісі мерзімділігімен ерекшеленетін әр 
түрлі басылымдар: газеттер, журналдар, белгілі бір уақытта шығып тұратын 
жинақтар, ғылыми еңбектер және жазбалар жатады. Олардың ішінде 
мерзімділік принципіне сай екі негізгі түрін ерекше айтуға болады. Олар: 
1. Газет – жиі шығып тұратын (әдетте күнделікті) мерзімді басылым түрі, 
оның басты міндеті – болып жатқан оқиғалар ағымы туралы мәліметтер жеткізу 
және түрлі ақпараттық мазмұнды жадығаттар жариялау; 
2. Журнал – жиілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын 
шығатын) мерзімді басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси, ғылыми, әдеби 
жадығаттармен жарық көреді.
Газеттер мен журналдарды әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ 
топтарға бөлуге болады: 
- мерзімділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық 
немес тоқсандық журналдар); 
- территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті); 
- тіліне қарай (қазақ, орыс, ағылшын, т.б.); 
- баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жеке меншік, 
қоғамдық, ұйымдық, т.б.); 
- цензурасына қарай (жария, жасырын); 
- әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер, т.б.); 
- мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, сатиралық, т.б.). 
Мерзімді басылымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 
дамуы туралы айтқанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенденциясын байқауға 
болады: 
а) саласына қарай: 
- экономикалық; 
- әкімшіл-саяси және заң; 
- ағарту және мәдениет мәселелері бойынша; 
- тарихи; 
- әдеби-көркем және театралдық-музыкалық; 


58 
- әскери-патриоттық;
- сықақ және мысқыл
- діни-шіркеулік, т.б., басылымдар. 
ә) таптық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай: 
- ұлттық газеттер және журналдар; 
- пролетариаттық-марксистік; 
- әртектілік-демократиялық; 
- либералдық-буржуазиялық; 
- консервативтік және реакциялық; 
- бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет