Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§6.3 Жергілікті басылымдар тарихы



Pdf көрінісі
бет25/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§6.3 Жергілікті басылымдар тарихы. 
1866 жылдың 1 қаңтарында Орал қаласында «Уральские войсковые 
ведомости» атты апталық газет жарық көрді. Алғашқы редакторы, есаул 
П.Назаров болған газет алғашқы нөмірінен Ресей патшасына қызмет еткен 
казактарының әскери құрамаларын реформалау, олардың үлесіндегі жер-су 
көлемін өзара реттеу, әскери қамалдардың орталықпен почта байланысын 
күшейту, Жайықтан балық аулау кәсібін жетілдіру және т.б. жазып, отарлау 
саясатын ұстанды. Өңірде 1891 жылы «Уральский листок», 1897 жылы 
«Уралец» атты шағын газеттер шыға бастады. Дегенмен, Жайық бойындағы 
нағыз халықтық-демократиялық нышандағы баспасөздің тұсауы 1911 жылдың 
16 наурызында «Қазақстан» газетінің жарық көруімен кесілді. Бұл газет «Дала 
уалаяты» газетінен (1888ж.) басталған жалпықоғамдық баспасөздің алғашқы 
қарлығаштарының бірі еді. Жайық бойындағы тарихи, мәдени орталықтардың 
бірі, кезінде Бөкей хандығының орталығы болған Ордада шыға бастаған 
«Қазақстан» газетінің жарық көруіне – Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин 
(редакторы), Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев атсалысты. «Газет – біздің 
бастаушымыз, газет – біздің күрес қаруымыз» деген ұран – басылым өзінің 
алғашқы данасынан бастап-ақ бұқара халықтың сауатын ашуға, саяси-
әлеуметтік жағдайын өзгертуге, ұлт және бас бостандығын беруге, дін және 
өнер тазалығына, қазақты құнарлы алқаптарға қоныстандыруға, егін егуге 
үйретуге, ауыл тұрғындары арасында медицинаның қарапайым әдістерін 
енгізуге, әйел теңдігін орнатуға т.б. сол заманның көкейтесті мәселелеріне баса 
назар аударды. Саяси-қаржылық қыспаққа шыдай алмаған газет 1913 жылы 18 
нөмірі шыққаннан кейін жабылды. 
1917 жылы 17-ші қарашада «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік 
комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен Ордада екі тілде тұңғыш 
кеңестік газеттің бірінші саны жарық көрді. Басылым атауы бірнеше рет 
өзгерді. 1963 жылдан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері 
болып аталынды. Сондай-ақ, 2002 жылдың мәліметі бойынша облыста 12 
аудандық, 2 қалалық газет, жеке басылымдар - «Надежда», «Талап» т.б. 
шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет