§1.3 Археологиялық жадығаттарды өңдеу және оларды өлкетануда
қолдану
Далада-ақ басталатын жадығаттарды ғылыми өңдеу жұмыстары күрделі де
жауапты. Қазба барысында-ақ барлық олжалар мұқият тазартылады, жуылады,
шифрланады, яғни әр олжаға белгілі бір нөмір беріледі, оны сол нөмірмен
арнайы коллекциялық тізімге енгізеді. Әр затқа тушьпен түсірілген шифр
бойынша кез-келген уақытта қайда және қандай жағдайда оның табылғандығы
туралы ақпарат алуға болады.
Археологияда ескерткіштің жасын анықтау үлкен маңызға ие. Мұнда
классикалық әдістерден (салыстырмалы-түрлік сараптама, картографиялау
және т.б.) басқа ғылымда кеңінен археомагниттік, дендрохронологиялық,
радиокөміртекті (С-14) және басқа әдістер де қолданылады.
Жердің магниттік өрісі ықпалында күн плазмасы радиациялық белдік
түзіп, планетаны айналып ағады. Магниттік өріс жерді ғарыш радиациясының
12
енуінен сақтайды. Бірақ соңғы кездері жердің магниттік өрісі мезгіл-мезгіл
жоғалатыны және белгісін өзгертетіні (инверсия жүреді) анықталды.
Соңғы 4 миллион жыл бойында төрт түрлі полярлы ірі дәуірлер
есептелінді: Брюнес (тік) - 0,7 миллион жыл бұрын басталып күні-бүгінге дейін
жалғасуда, Матулма (кері) – бұдан 0,7 миллионнан 2,43 миллионға дейін, Гаусс
(тік) – бұдан 2,43 миллионнан 3,23 миллион жылға дейін және Гильберт (кері) –
бұдан 3,23 миллионнан 4,45 миллион жылға дейін. Әр дәуір кезеңдерден
тұрады. Кезең, бұл поляр бірашама қысқа уақытқа өзгергенде пайда болатын
кездейсоқ жағдай, уақыт. Ең ертедегі қазылып алынған адамның қалдығы Гаусс
дәуірінің аяғына сәйкес келеді.
Археомагниттік әдіс саз балшықтың магниттеле алуына негізделген, бірақ
оны күйдіргенде Жердің магниттік өрісі тұрып қалады және термостатты
магниттелу қалыптасады. Магниттік өрістің бағыты мен күшін өлшеу және
Жердің магниттік өрістерінің саяхаттауын білу арқылы тастың немесе
керамиканың күйдірілген уақытын анықтауға болады.
Радиокөміртекті әдіс физикадан алынған. Тірі ағзада және атмосферада
бірдей көлемде радиоактивті көміртек (C-14) болады. Ағзаға көміртектің түсуі
ағза өлген кезден бастап тоқтайды, сол кезде ол ыдырайды. Оның жартылай
ыдырауы 5730 жылға тең. Олжа қаншама ежелгі болса, соншама оның
құрамында көміртек аз кездеседі. Нақты қанша екенін арнайы құрылғы анықтап
отырады. Органикалық қалдықтардың жасын дәл анықтауға болады. Жүздеген
ескерткіштер осылайша датталанған. Табиғатта әрқашан тек C-14 көміртек қана
ыдырамайды, сондай-ақ басқа да изотоптар (атом ядролары бір-бірінен нейтрон
санымен ғана ажыратылатын, ал протон саны бірдей химиялық элементтер –
Ж.М.). Осы не өзге де радиоактивті элементтердің қабыршақтағы, маржандық,
теңіздік немесе вулканды шөгінділердегі көлемін өлшей отырып, олардың
жасын және олармен бірге қазылып алынған адамның қалдығы мен еңбек
құралдарының жасын біршама дәл анықтауға болады. Соңғы жылдары
радиокөміртекті датталау ежелгі заттарды жасартатыны анықталды, әсіресе
мың жылдан астамға. Себебі физиктер ғарыштың сәулелер әсерінен
қалыптасатын
C-14
атмосфераны
қалыпты
қарқынмен
үсті-үстіне
бастырмалайды деп ойлады, алайда шындығында ол тұрақсыз. Бұны
дендрохронология көрсетті.
Кезінде Леонардо да Винчи әр жыл сайын ағаштың дінінде бір сақина
шығатынын анықтаған. Ағаш дініндегі әр жылдық сақинаның өзіндік ерекше
суреті бар екендігі анықталды, себебі ауа-райының түрі жылдан-жылға бірдей
емес. 3 мыңнан астам метр биіктікте өсетін Колифорниядағы қылқанды
қарағайдың жылдық сақиналарына қарап К.У. Фергюсон 8,5 мың жылға
арналған даталардың шкаласын құрды. Фергюсонның шкаласын C-14
шкаласымен салыстырғанда айырмашылық анықталды. C-14 бойынша
датталарға өзгерістер енгізілді.
Дендрохронологиялық әдіс дәл ағаш құрылыстарының бір жылға дейінгі
жасын анықтауға мүмкіндік береді.
13
Термолюминесценция әдісі C-14 және дендрохронология бойынша
даталарды анықтауға көмектесті. Бұл былайша жүзеге асады: ежелгі
топырақты, керамиканы және т.с.с. 400
0
-500
0
температураға дейін қыздырса,
онда олар жарқырайды. Зат қаншалықты ескі болса, ол соншалықты жарқырай
түседі (қазіргі керамика мен топырақ қызған кезде жарқырамайды).
Жоғарыда аталған датталау әдістерімен қатар, археологтар датаны күн
радиациясының қарқындылығы бойынша (астрофизикалық әдіс) және ленталық
саз балшық, спора (өсімдіктердің және кейбір бір клеткалы жәндіктердің ұрығы
– Ж.М.), тозаң бойынша биогеологиялық датталау әдісі кеңінен қолданылады.
Ленталық саз балшық суаттың түбінде жазда ашық (жел ұшырып әкелген
құм және тозаңнан) және кең, ал қыста күңгірт (мұздың астында шіріген
балдыр, жәндіктер және балықтардан) және тар тілім есебінен қалыптасқан. Әр
тілім (жазғы және қысқы) бір жыл дегенді білдіреді. Тілімді санау ескерткіштің
датасын анықтауға мүмкіндік береді. Әрине бұл тек мәдени қабат ленталық саз
балшықты қабатпен қайта жабылған жағдайда ғана мүмкін.
Ежелгі тозаңды зерттеу археологқа өткеннің ландшафтын жаңадан
жасауға, ауа-райының тарихын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл
ғалымдардың ауа-райының өзгеруінде қатаң заңдылықтың байқалатынын
анықтауға септігін тигізді: ылғалды мезгіл құрғақшылықпен күн мен түннің
ауысуы секілді кезектеседі. Ауа-райындағы басқа да заңдылық анықталған,
демек жақын жылдардағы ауа-райының қаншалықты өзгеретінін алдын-ала
болжауға мүмкіндік пайда болды.
Экспедиция жадығаттарын өңдеу тек ескерткіштердің датасын анықтаумен
шектелмейді. Ежелгі құралдардың міндетін анықтау, оларды дайындау
техникасын зерттеу, олардың петрографиялық және химиялық құрамын
анықтау да маңызды.
Олжаларды сараптау қалай және неден бұл не өзге зат дайындалғандығын
анықтауға мүмкіндік береді. Ежелгі әдіс затта бағалы металдың бар-жоғын
анықтайды. Металл пробирлы тасқа үйкеледі, кейін реактивпен (басқа бір затқа
қосқанда химиялық реакция туғызып, ізделетін затты сол құрамнан табуға
мүмкіндік беретін зат – Ж.М.) өңделеді. Реактивтің сырының өзгерісі бойынша
бағалы металдың бар-жоғы анықталады.
Археологтарға химиялық сараптама көп нәрсе береді. Бұлардың арқасында
ХІХ ғасырда-ақ француз химигі П.Бертело ежелгі металл заттарды сараптай
отырып, бұрын ойлағандай олардың қоладан емес, мыстан жасалғандығын
дәлелдеген. Осылайша мысты-тас ғасыры – энеолит ашылды.
Алайда химиялық сараптама үшін заттың қандай ма болмасын бір бөлігі
алынады, ал бұл әрқашан тиімді емес. Біршама дәл нәтижені ядролы сараптама
береді. Ядролы реактордан немесе үдеткіштен алынған нейтрондар
пайдалынады. Бұл әдістің көмегімен ежелгі мрамордағы оттегі 16 мен 18-дің
арақатынасын анықтаған және мүсін үшін пайдаланылған мрамордың шыққан
кен орнын анықтаған.
Жадығаттарды археологиялық өңдеудің бірінші сатысы – топтастыру мен
типология.
14
Барлық олжаларды археологтар категория, топ, класс, тип, түрге бөледі.
Жасалған жадығаттарына қарап оларды бес категорияға біріктіреді: тастан,
керамикадан, сүйектен, металлдан, ағаштан және өзге де жадығаттардан
жасалған бұйым. Жадығаттардың алғаш өңделуін есепке ала отырып әр
категорияны өз кезегінде топтарға бөледі. Мәселен, керамика мынадай топтарға
бөлінеді: тек қолмен дайындалатын жапсырылған және қыш шеңберде
дайындалатын қыш. Жадығаттардың екінші рет өңделу сипатына қарай әр топ
кластарға бөлінеді, класстар – типтерге, типтер – түрлерге.
Әр олжаны өлшеу, оның міндетін, оның қандай материалдан және қалай
дайындалғанын анықтау, осы кешендегі қанша ұқсас заттар табылғандығын,
бұлар барлық олжалардың жалпы санына қандай үлес қосатынын есептеу
қажет. Әр ескерткіш бойынша бұл барлық мәліметтер жинақталады және өзге
кешендегі заттармен салыстырылады. Содан соң, картада ұқсас кешендердің,
жекелеген жағдайда жекелеген заттардың таралуын белгілейді. Мұндай
карталар бойынша археологтар тайпалардың, рулардың, халықтардың таралу
шекараларын, сауда жолдарын анықтайды.
Өлкені тану мақсатында археологиялық жадығаттарды ғылыми
ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану төмендегідей формада жүзеге
асады: 1. мектепте және жергілікті өлкетану музейлерінде кабинеттік жұмыстар
– археологиялық коллекциялармен танысу; 2. экспедициялық жұмыстар,
алдымен қазба жұмысына бақылаушы ретінде, кейін тікілей қатысу; 3. өз
өлкеңнің өткен тарихын зерттеу мақсатында заттай деректермен жұмыстану; 4.
ғылыми конференциялар мен кештер ұйымдастыру; 5. мектептік музей
ұйымдастыру немесе музейдің заттай инвентарын толықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |