§1.4 Қазақстан туралы археологиялық деректер
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер
орта
ғасырлардағы
ғалымдар
мен
тарихшылар,
географтар
мен
саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей
көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар,
бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың
жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары,
сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібір мен Ресейге жапсарлас жатқан
Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл
атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы
С.Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық
деректермен қатар, қазақ даласының археологиялық ескерткіштері туралы
мәліметтер де келтірілген.
Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик
Г.Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның
есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер,
15
И.Фишер, геодезистер А.Красильников, А.Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген
еді.
1768-1774 жылдары Еділ бойының, Оралдың, Сібір мен Қазақстанның
тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерттеу
мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда
археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса
көрнекті ғалымдар П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, П.И. Рычков,
X.Барданес қатысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс
Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтар,
кен инженерлері жол-жөнекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды
сипаттап, жазып отырды, сөйтіп бұл аудандардың ескерткіштері туралы
мәліметтер қорын молайта берді.
ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай негізінен Орталық, Солтүстік және
Шығыс Қазақстан бойынша едәуір жадығат жинақталды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы көненің көздері
Археологиялық комиссияның, Тарих музейінің, Мәскеу археологиялық қоғамы
мен Ресейдің басқа да орталық ғылыми мекемелерінің назарын аудара бастады.
Сырдария (Түркістан) және Жетісу облыстары құрамында Түркістан генерал-
губернаторлығының құрылуына байланысты жаңа өлкеге, соның ішінде оның
өткендегісіне ден қою күшейе түседі.
Талғар қаласының орнын, Шеңгелдінің қираған үйіндісін суреттеп, Ш.Ш.
Уәлиханов Жетісу тарихының археологиялық ескерткіштері туралы маңызды
жазбалар қалдырды.
1862 жылы Қазақстанда В.В. Радлов археологиялық жұмыстар жүргізе
бастады, қола ғасыр көмбелерін алғаш рет ғылыми негізде қазу жұмыстарын
жүргізу ісі соның есімімен байланысты. В.В. Радлов Солтүстік-Шығыс
Қазақстан мен Сібірдің ертедегі ескерткіштерін топтауды және кезең-кезеңге
бөлуді ұсынды. Бұл аудандар мәдениетінің тарихын ол мыс және қола ғасыры,
ертедегі темір ғасыры, жаңа темір ғасыры және ертедегі орта ғасырлар
кезендеріне бөлді. Бұл ғалымның еңбектері Қазақстан археологиясының ілгері
басқан үлкен қадамы болып, оны дамыта түсті.
1867 жылы Археологиялық комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі
шығыстанушысы П.И. Лерх Түркістан өлкесін зерттеді. Ол Сырдария
бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларының орындарын қарап шықты, Талас
алқабының бірқатар қалаларының орындарында болып, Жанкент каласының
орнын қазды. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият
сипаттаумен қоса, олар туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзіндірлерге
талдау жасады және түсініктеме берді. Жазбаша деректемелердің мәліметтерін
өзінің археологиялық олжаларымен салыстыра келіп, ол қираған орындарды
нақты тарихи қалалармен баламалады.
1893-1894 жылдарда В.В. Бартольдтың осы аймаққа іс-сапармен келуі
археология мен шығыстану ісін дамытуда зор рөл атқарған оқиға болды. Ол Шу
және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабьның
16
ескерткіштерін көріп шықты. Ол жазған «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар
туралы есеп» осы кезге дейін тарихи ақпараттың үлгісі болып қалып отыр.
Көптеген жазбаша деректемелерге сүйене келіп, В.В. Бартольд зерттеген
ауданының топографиялық көрінісін суреттеп, археологиялық жағынан
болашағы зор ескерткіштерді анықтады және оларды орта ғасырдағы белгілі
қалалармен салыстырды. Атап айтқанда, ол Таразды Әулиеата (қазіргі Тараз)
орнында деп белгіледі. В.В. Бартольдтың жадығаттары Қазақстанның оңтүстігі
мен Қырғызстан халықтарының өткен тарихының пердесін ашып берді. 1895
жылы Ташкентте кұрылып, жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның
тарихына, сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын өкілдерін, әскери
адамдарды, шенеуніктерді біріктірген археология әуесқойларының Түркістан
үйірмесінің ұйымдастырылуы соның есімімен байланысты.
XX ғасырдың басында құрылған Орыс географиялық қоғамының Батыс
Сібір, Семей және Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми мұрағаттық
комиссиясы Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстанды археологиялық зерттеу
ісінде елеулі рөл атқарды. Соның нәтижесінде ХІХ-ХХ ғасырдың басында
нақтылы, мол жадығат жинақталып, ол кейбір дәрежеде жүйеге келтірілді.
Көненің көздерін қорғау жөнінде де шаралар қолданылды. Сол кездегі
ескерткіштердің көбісі қазір жойылып, қиратылып жіберілген, алғашқы
зерттеушілердің ынта-жігері арқасында ғана бүгінгі танда ғылымда олар
туралы мәліметтер бар.
1917 жылғы төңкерістен кейін археологиялық зерттеулер жалғастырылды,
бірақ олар енді мемлекеттік негізде жүргізілді. 1919 жылы Материалдық
мәдениет тарихы академиясы, ал 1920 жылы Музейлер және өнер, табиғат, көне
ескерткіштерді қорғау істері жөніндегі Түркістан комитеті құрылды. В.В.
Бартольдтың ұсынысы бойынша, комитеттің ең таяудағы міндеті
археологиялық карта жасау болды. Сөйтіп ежелгі ескерткіштерді есепке
алудың, зерттеудің, сақтаудың негізі қаланды.
Төңкерістен кейінгі алғашқы жылдардағы еңбектер ішінде археологтар
П.П. Ивановтың Сайрамда және В.Д. Городецкийдің Жетісуда, Қазақстанның
оңтүстігінде жүргізген зерттеулері, Орта Азияның ертедегі тарихын ең ірі
зерттеуші М.Е. Массонның Сайрам қала жұртына және Түркістандағы Ахмет
Йасауи кесенесіне арналған мақалалары бар.
Батыс Қазақстанда 1926 жылы
М.П. Грязновтың I Киргильд пен ІІ Киргильд қабірлерін, Орал сайды, Құнанбай
сайды ашып, қазба жұмыстарын жүргізуі бай жадығат берді және андронов
мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана тән деп орныққан пікірді өзгертті.
30-жылдары бірқатар ірі экспедициялардың зерттеулері республиканың
көптеген аудандарын қамтыды. Археологияны тарих ғылымының дербес
бөліміне біржола айналдыру ісі жүргізілді.
Олардың ішінде П.С. Рыков, О.А. Кривцова-Гракова, С.С. Черников
басшылық еткен экспедициялар бар.
Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін және әсіресе ертедегі кен ісі мен мыс
балқыту өндірісін зерттеуде Қ.И. Сәтбаев маңызды рөл атқарды.
Осы жылдарда Қазақстан ғылыми мекемелерінің қызметі жандана түседі.
17
Казақстанның Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсоқ табылған
олжалардың есебін алу ісін және шағын қазба жұмыстарын жүзеге асырады.
Баспасөзде Көксу өзеніндегі қаланың орны туралы және Жетісудағы
ескерткіштер туралы мақалалар шығады. 30-жыдардағы археологиялық
жұмыстарды Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялық
зерттеулер жетекші орындардың бірін алады, оларды А.Н. Бернштамның
басшылығымен Ғылым академиясының Қазақ филиалымен бірлесе отырып,
КСРО ҒА-ның Материалдық мәдениет тарихы институты ұйымдастырған еді.
Соғыс алдында далада өткізілген төрт жылдық зерттеу маусымы аралығында
(1936-1940 ж.ж.) Жетісу археологиялық экспедициясы бірқатар қалалардың
орнына кең көлемде барлау және тұрақты қазба жұмыстарын жүргізді.
Ортағасырлық Тараз қаласы орнында жүргізілген кең ауқымды қазба
жұмыстарының және оның округіндегі ескерткіштерді зерттеудің нәтижелері
бойынша осы ауданның археологиялық жадығаттарын кезеңдерге бөлу
ұсынылып, кала дамуының негізгі сатылары белгіленді, оның округінің
қалыптасу жолдары анықталды. Қазақстан археологиясы үшін бұл
ортағасырлық қаланы кешенді түрде тарихи-археологиялық зерттеудің тұңғыш
тәжірибесі болатын.
А.И. Бернштамның мақалаларында жаңа жадығаттар жарияланып қана
қоймай, сонымен бірге ортағасырлық қала тарихының, Қазақстанның оңтүстігі
мен Жетісудың отырықшы және көшпелі халықтарының өзара әрекетінің аса
маңызды проблемалары, қаланың қалыптасу мәселелері мен оның мәдени-
тарихи байланыстары, сондай-ақ тарихи топографиясы белгіленіп, ішінара
шешілді.
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының кұрылуына байланысты
археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих,
археология және этнография институтының археология бөлімі жүргізді. Сол
кезден бастап археологиялық зерттеулер ауыртпалығының орталығы Алматыға
ауысады, Қазақ археология мектебі калыптасады. Жалпы 1946 жыл Қазақстан
археологиясының дамуындағы жаңа кезеңнің басы болды.
Құрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған археологиялық экспедициясы
Орталық Қазақстан экспедициясы (ОҚАЭ) болды, оны сол кезде академик Ә.X.
Марғұлан басқарды. Бұл экспедиция Сарыарқадағы көненің көздерін үнемі
іздестіріп, зерттеді.
Ә.Х. Марғұлан экспедициясының жұмысы жер аумағымен ғана емес,
сонымен қатар зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық диапазонының
кеңдігімен де ерекшеленді. Экспедиция неолит және энеолит дәуірлерінің
тұрақтарын, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің қоныстары мен
зираттарын, б.з.б. VII-І ғасырлардағы жерлеу ғимараттарын, түрік заманы
қорғандарын, ортағасырлық қалалар мен қоныстарды тауып, зерттеді және қазу
жұмыстарын жүргізді. Ә.X. Марғұлан орта ғасырларда Орталық Қазақстанның
көшпелілер елі ғана емес, сонымен қатар отырықшы және қала мәдениеті
орталықтарының да бірі болғанын дәлелдеп берді. Мұнда Нұра және Сарысу
алқаптарында, Ұлытау етегінен қолөнерінің, сауда мен егіншіліктің
18
орталықтары болған ортағасырлық қоныстар мен қалалардың калдықтары
табылды. Олар түсті металдар - мыс, қалайы, күміс өндіріп, балқыту орындары
ретінде ерекше маңызды болды.
Соғыстан кейінгі екінші ірі экспедиция - А.Н. Бернштам мен Е.И. Агеева
басқарған Оңтүстік Қазақстан экспедициясы. Оның жұмысының қорытындысы
Отырар оазисіндегі, Шу-Талас өзендерінің аралығындағы, Қаратаудың
солтүстік беткейіндегі, Сырдария алқабындағы қалалар мен қоныстар
орындарының үлкен тобын зерттеу, картаға түсіру болды. Қала орындарын
зерттеу мен керамиканы топтау түйінді мәдени-тарихи кезендер туралы,
қолөнер мен сауданың даму деңгейі туралы пікір айтуға мүмкіндік берді.
1945 жылдан бастап, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен
және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар дерлік КСРО
Ғылым академиясының С.П. Толстов басшылық еткен Хорезм археологиялық-
этнографиялық экспедициясы Қызылорда облысында да археологиялық зерттеу
ісін жүргізді.
1947 жылдан С.С. Черниковтың басшылығымен Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясы жұмыс істей бастайды. Экспедицияның негізгі
міндеті Өскемен және Бұқтырма су электр станцияларының салынуына
байланысты су астында қалатын аймақта орналасқан ескерткіштерді анықтап,
зерттеу болатын. Мұнда неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі көптеген
ескерткіштер анықталып, Шығыс Қазақстанның тарихи өткендегісін
сипаттайтын жадығат алынды.
1954 жылы Тарих, археология және этнография институты болашақта
Қапшағай су электр станциясының суы астында қалатын аймақты зерттеу
мақсатымен К.А. Ақышев бастаған Іле археологиялық экспедициясы
ұйымдастырылды. Алғашқы бір маусымның өзінде-ақ экспедиция сақтар мен
усундер дәуірінің қорған обаларының үлкен тобын тапты.
Қазақстан археологиясының 1950-жылдардың орта шеніндегі аса жарқын
жаңалықтарының бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ежелгі палеолиттік
тұрғын жайдың табылуы болды. Оларды геолог Г.Я. Ярмак пен археолог X.А.
Алпысбаев тапқан еді. Бұл жаңалық Қазақстан археологиясындағы жаңа
бағыттың - палеолитті зерттеудің негізін қалады.
Қазақстан
археологиясы дамуының келесі кезеңі 1960-70-жылдарды
қамтиды. Жаңа ескерткіштерді анықтап, оларды алғаш суреттеуге байланысты
зерттеулерді кеңейтіп қана қоймай, көп жылдар бойы тұрақты қазуды
ұйымдастыру жолымен терендете зерттей түсу үрдісі жүріп жатты. Ә.X.
Марғұлан, ал одан соң М.Қ. Қадырбаев, С.М. Ақынжанов бастаған Орталық
Қазақстан археологиялық экспедициясы бұрынғысынша қола және ерте темір
дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеуді өзінің басты міндеті деп білді.
Тасмола мәдениетінің обалары, Тасмола және Нұрманбай шатқалдарында
андронов ескерткіштері және қола дәуірінің 30 қонысы зерттелді. Олардың
қатарында Атасу, Ортау, Бұғылы, Ақсу-Аюлы, Байбала, Жамантас, Тағыбай-
Бұлақ қоныстарына жан-жақты археологиялық сипаттама жасалынды.
Солтүстік Бетпақдалада - Ақсай, Сартабан обалары, Атасу алқабында -
19
Қараөзек обасы, сондай-ақ кен орындары зерттеліп жатты. Қарқаралы ауданы
мен Баянауыл тауларында көптеген андронов ескерткіштері табылып, зерттелді.
Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеттері туралы монографиялар Шағалалы
қонысын көп жыл бойы қазу жұмыстарының нәтижесі болды. Ә.X.
Марғұланның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне арналған жұмысы іргелілігімен
ерекшеленеді, ал ол мәдениетті ғалым андронов мәдениетінің жалғасы деп
санаған еді.
Кең көлемді қазу жұмыстары, Солтүстік Қазақстанда қазып алыған
жадығаттарға мұқият талдау жасау Г.Б. Здановичтің оларды жаңа кезеңдерге
бөліп, хронология жасауды ұсынуына мүмкіндік берді. Мол дерек жинап алған
В.В. Евдокимов қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның экономикасы мен
халқының демографиясы проблемаларын зерттеді.
X.А. Алпысбаев Қазақстанның оңтүстігінде, Қаратау шатқалдарында,
Сырдария алкабында тас ғасыр ескерткіштеріне жеделдете зерттеу жүргізді.
1979 жылы жарыққа шыққан монография сол жұмыстың нәтижесі болатын,
онда палеолиттік Бөріқазған, Кемер, Қызылрысбек, Тоқалы, Дарбаза тұрақтары
мен басқаларының жадығаттары жарияланды. Солтүстік Балқаш өңірінің
орталық бөлігіндегі палеолиттік тұрақтарды А.Г. Медоев басшылық еткен топ
зерттеді.
Бұл жылдарда Батыс Қазақстаннан, Маңғыстаудан тас дәуірінің тұрақтары
табылып, зерттелді. Ертіс өңірінде, Павлодар облысында неолиттік тұрақтар
жоспарлы түрде зерттеліп, қазыла бастады. Бұлар - Пенька көлі үлгісіндегі
тұрақтар.
Жетісудағы сақтар мен усундердің ескерткіштерін зерттеу жөніндегі
жұмыстар да 60-жылдары одан әрі жалғастырылды (Жетісу археологиялық
экспедициясы). Іле алқабының сақтары мен усундері мәдениетіне арналған
монографиясында К.А. Ақышев сақтар мен сақ мәдениетінің шығу мәселелерін
қарастырды, жебе ұштарын хронологиялық жағынан топтастырып берді.
Г.А. Кушаев Жетісудағы усун мәдениетін кезеңдерге бөлу сатыларын белгіледі.
«Есік» қорғанындағы көмбенің ашылуы Қазақстан археологиясында
дүниежүзілік маңызы бар оқиға болды, одан табылған олжалар сақтар
мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын, әлеуметтік құрылысын
зерттеуге тың тыныс берді.
Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті деп аталып кеткен сақ
мәдениетінің ескерткіштерін М.Қ. Қадырбаев зерттеді. Ғалым бұл мәдениеттің
ерекшеліктерін көрсетіп, кезендерге бөлу мәселелерін талдап шешті, ежелгі
тайпалардың шаруашылығына талдау жасады. Батыс Қазақстанда, Лебедев
обасынан сармат заманының аса құнды олжалары табылады.
Сырдарияның
төменгі
ағысында
Жосалы
маңындағы Жетіасар
мәдениетінің
ескерткіштерін
Хорезм
археологиялық-этнографиялық
экспедициясы топтарының бірі зерттеді. Жетіасар аңғарындағы жұмыс
жалғастырылып, онда қоныстар мен обалар ашылды. Жаңа деректер мен
бұрынғы жылдар материадарының негізінде біздің заманымыздың I мыңыншы
жылындағы Сырдария керамикасына арналған монография дайындалды.
20
70-жылдарда
Қазақстан археологиясының тағы бір бағыты
-
петроглифтерді зерттеу бағыты айқындалды. Егер бұрын осы бір
археологиялық деректемені зерттеу жүйесіз жүргізіліп келсе, енді олар
М.К. Қадырбаевтың, А.Н. Марьяшевтің, А.Г. Медоевтың арнаулы
зерттеулерінің объектісіне айналуда. Қаратаудың, Маңғыстаудың және басқа да
аймақтардың жартастағы суреттеріне арналған қорытушы ірі жұмыстардың
пайда болуы солардың есімдеріне байланысты.
1969 жылы – Отырар, ал 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді
археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Олар Отырар оазисіндегі
Отырар, Қостөбе, Көк-Мардан, Мардан-Күйік, Құйрықтөбе, Түркістан,
Қаратаудың солтүстік беткейіндегі Ран және Күлтөбе қалаларының қираған
орындарын көп жылдық тұрақты қазба жұмыстарына негізгі объектілер етіп
алды. Қалалар мен қоныстардың орындарына қоса, экспедиция мүшелері түрлі
дәуірлердің обаларын, соның ішінде белгілі және бұрын зерттелген Бөріжар
обасын, Шағаны, Көк-Марданды зерттеді. Отырар төбе қаласының орнында кең
көлемді қазу жұмысы ұйымдастырылды, XVI-XVIII ғасырлар қабаттарының
деңгейінде көптеген тұрғын махаллалары, қыш және кірпіш күйдіру
шеберханалары, қоғамдық құрылыстар – мешіттер, кесенелер, моншалар
қазылып аршылды. Біздің заманымыздағы І мыңжылдықтың бірінші
жартысындағы қоныстарда Көк-Марданға ауқымды қазба жұмысы жүргізілді,
онда да тұрғын махаллалар, үйлер мен ғибадатханалар аршылды.
Құйрықтөбе қаласы орнындағы қамалда VI-IX ғасырлар деңгейінен сарай
құрылысы аршылды, оның салтанатты залынан құдайлардың бейнелері мен
ақсүйектер көрінісі қашап жасалған бірегей тақталар табылды. Қала орнының
шахристанында VI-VIII, IX-XI, XII ғасырлардағы құрылыс кешендері, XIII-XIV
ғасырлардағы темір соғатын шеберханалар және X-XI ғасырлардағы алқалы
мешіт аршып алынды.
Бөріжар обасын қазған кезде жерлеу ғұрпына және ертедегі, орта
ғасырлардағы халықтық діни көзқарастарды көрсететін қызықты жадығаттар
алынды. Экспедиция тобы Отырар оазисінде, Қаратаудың оңтүстік және
солтүстік беткейлерінде, Сауран маңында ирригациялық, одан кейін орта
ғасырлардағы кәріздер жүйесін тапты.
Екінші кезеңдегі археологиялық жұмыстардың қорытындысы бес томдық
«Қазақ ССР тарихының» екі томының шығарылуы болды, онда археологиялық
деректемелерге талдау жасалып, ертедегі және орта ғасырлардағы
Қазақстанның тарихи үрдісі көрсетілді.
Қазақ археологиясы тарихының жаңа зерттеу кезеңі 80-жылдардан
басталды. Бұл кезең археологиядағы ұйымдық өзгерістермен, облыстарда
археологиялық мектептердің пайда болуымен, археологиялық жұмыстардың
кеңеюімен және ең бастысы – монографиялық ірі талдамалардың пайда
болуымен сипатталады.
Қазақтардың этногенезін, археологиялық деректер бойынша Қазақстанның
палеоэкономикасын, атап айтқанда, мал шаруашылығының, металл өндірудің
пайда болу мәселелерін зерттеуге байланысты ірі проблемалар талдап шешіле
21
бастайды. Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағын,
республика аумағындағы барлық ескерткіштердің ғылыми реестрін дайындау
негізгі міндеттердің біріне айналады. Мұндай энциклопедиялық басылым
археология саласында стратегиялық зерттеулер әзірлеу үшін база болуға,
сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісін жақсартуға тиіс еді.
Көшпелілік тақырыбы, егіншілік және көшпелілік мәдениеттердің өзара
әсері негізгі зерттеу тақырыптардың бірі болып аталды.
80-жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Атасу
қонысын қазуды жалғастырып, металл балқытатын орындарды, ертедегі
металлургиялық пештердің орнын тапты. Жаңа деректерге сәйкес, соның
ішінде Орталық Қазақстан қола және ерте темір дәуіріндегі палеоэкономикасы
бойынша мал шаруашылығы, кен ісі және ертедегі металлургия, қыш өндірісі
жөніндегі жадығаттарға талдау жасалды. Бұл жылдарда Қазақстанның далалық
өңірінде жарқын жаңалықтар ашылды. Мәселен, В.Ф. Зайберттің бастауымен
Қызылжар қаласының археологтары Ботай қонысын ашып, энеолит дәуіріне
жататын ертедегі Ботай жылқы шаруашылығы мәдениетін бөліп көрсетті.
Қазақстанда және Орал сыртында ертедегі қала үлгілес кешендерді Арқайым,
Кент қоныстарын ашудың сәті түсіп, олар қола дәуіріндегі мал шаруашылық
және малшы-егіншілік өркениеттің негіздемесін кеңейтіп, тереңдетуге
мүмкіндік берді.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында, атап айтқанда, Шығыс Қазақстанда
тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жалғастырылды. Оның топтары Отырарда,
Құйрықтөбе және Алтынтөбе қалаларының орындарында, Қаратаудағы ертедегі
темір дәуірі мен кейінгі ортағасырлық көшпелілердің обаларында қазу
жұмыстарын жүргізді.
1980-1983 жылдарда Шульба СЭС-ның құрылысы өңірінде Шульба
археологиялық экспедициясы жұмыс істеді. Кең көлемді археологиялық
зерттеулер тас, қола, ертедегі темір дәуірлерінің, орта ғасыр көшпелілерінің
ескерткіштерін қазуды, петроглифтерді (тақтатас, жартастарға салынған
суреттер, бейнелер – Ж.М.) зерттеуді қамтыды.
Қазақстан палеолитін одан әрі тереңдете зерттеу, сенімді хронологиялық
байлам жасау үшін Көшқорған, Ш. Уәлиханов атындағы (Оңтүстік Қазақстан),
Шульба (Шығыс Қазақстан) сияқты стратификацияланған (әлеуметтік бедел,
табыс, билік құрылысына қатысу сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік
теңсіздігі – Ж.М.), қайта қабаттанбаған тұрақтардың зор маңызы бар.
Палеолитті зерттеулердің нәтижелері, жаңа жадығаттар Қазақстан
аумағына алғашқы қауым адамының қоныстанған уақыты мен жолдары туралы
мәселені жаңаша қоюға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстанда мезолиттен Қарағанды-15 және Әкімбек тұрақтары
бар. Алдыңғы неолиттік Тельман-14 тұрағы кремнийден еңбек құралдарын
дайындау жөніндегі тұрақты шеберхана ретінде сипатталады.
В.Ф. Зайберттің «Атбасар мәдениеті» деген монографиясы Солтүстік
Қазақстанның неолитіне арналған. Қазақстанның неолиті мен энеолиті ұзақ
уақыт бойы аз зерттелген күйінде қалып келді. Негізінен жинау нәтижесінде
22
алынған жадығат көршілес аумақтарға ұқсастығы бойынша қарастырылды.
Шағын аудандарға бөлу, олардың салыстырмалы-типологиялық сипаттамасы
және аймақтың неолиттік индустриясына талдау жасау Атбасар мәдениетін
бөліп алуға мүмкіндік берді.
Солтүстік Бетпақдала қоныстары мен обаларынан алынған көптеген жаңа
деректер ғылыми айналымға енгізілді. М.Қ. Қадырбаев пен Ж.Қ.
Құрманқұловтың «Сарыарқаның ежелгі малшылары мен металлургтарының
мәдениеті» атты монографиясында Атасу-1, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая
ескерткіштерінің жадығаттары жүйеленіп, оларға талдау жасалған, олардың
орналасу заңдылықтары анықталған.
Жетісудағы қола дәуірі бойынша жадығаттар жинақтау да жалғастырыла
берді, онда кейінгі жылдарда бұл аймақты Андронов мәдениетінің ірі
орталықтарының біріне айналдыратын ондаған жаңа қоныстар мен обалар
табылды.
Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген кезде
қызықты нәтижелер алынды. Г.А. Кушаев Батыс Қазақстанға екі мәдени
қауымдастық – Андронов және Қима мәдениетінің көршілес болуы тән екенін
атап өтті, оның пікірінше олардың арасындағы шекара Ор және Елек
өзендерінің арасынан өткен.
Маңғыстау облысындағы зерттеулерге қарағанда, онда да сондай жағдай
болған. Бұл орайда көшпелі мал шаруашылығының мұнда б.з.б. ІІ
мыңжылдықтың өзінде-ақ қалыптасқаны атап өтіледі.
Ертедегі көшпелілердің ескерткіштерін және сақтардың, сарматтардың,
усундердің, кангюйлердің, ғұндардың мәдени, әлеуметтік-экономикалық
өмірінің проблемаларын зерттеу әдетте Қазақстандағы маңызды зерттеу
бағыттарының бірі болып табылады.
Атап айтқанда, К.А. Ақышевтың еңбектерінде Алакөлден Таласқа дейінгі
аймақтағы сақ обаларын картаға түсіру жадығаттары бойынша Жетісудың сақ
қоғамы стратификациялау (әлеуметтік бедел, табыс, билік құрылысына қатысу
сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік теңсіздігі – Ж.М.) туралы тезис
дамытылады.
Жаңадан сақ өнері заттарының табылуына байланысты сақ (скиф) өнерінің
шығу тегі жөніндегі мәселелер де қарастырылды. К.А. Ақышевтың пікірінше,
құлан бейнелеген алтын сырғаның табылуы «аң» стилі жергілікті негізде
қалыптасты деуге мүмкіндік береді.
Скифтердің шығу тегі жөніндегі мәселелерге арналған еңбектер пайда
болды. Атап айтқанда, Р.Б. Исмагилов Қара теңіз өңіріндегі «патша»
қорғандары жерлеу ғұрпының кейбір белгілері Жетісудың сақ мәдениетін
таратушы көшпелілер тобының қоныс аударуына байланысты пайда болған
болуы мүмкін деп жазады. Скифтер мен сақтардың бір бөлігі түркілерге тән
тілдерде сөйлеген деген пікір пайда болуда.
Жалпы алғанда, Батыс Қазақстан мен Маңғыстауда ертедегі темір
ғасырының ескерткіштерін зерттеу ісінің жандана түскені байқалады. Бәйте
ғибадатханасын қазудан алынған, діни құрылыстарға және көшпелі
23
тайпалардың көптеген мүсіндеріне байланысты жадығаттар ғылыми әдебиет
пен ғылыми-көпшілік әдебиетте үлкен пікір туғызуда.
Г.А. Кушаевтың «Далалық Арал өңірі ежелгі тарихының этюдтері» деген
бірегей еңбегін сарматтану саласындағы елеулі жетістік деп санау керек. Онда
аса бай жадығат, соның ішінде сармат ескерткіштерін көп жыл бойы қазудан
алынған жадығат жүйеге келтіріліп, олардың исседондармен және
сарматтармен этникалық атрибуциясын (қабылданған, иеленген белгілер –
Ж.М.) анықтауға, сондай-ақ сармат тарихын біздің заманымыздың VIII
ғасырына дейін жалғастыруға әрекет жасалған.
Қазақстан палеоэкономикасын зерттеуде ілгері басқандық байқалды.
Қазақстанның Еуразияда, соның ішінде энеолит және қола дәуірінде мал
шаруашылығы қалыптасып, дамыған ежелгі аймақтардың бірі болғаны
анықталды. Өндіруші шаруашылықтың пайда болуына, жануарларды қолға
үйретуге,
жылқы
шаруашылығының
алғашқы
кезеңдеріне
қатысты
проблемалар ең алдымен қоныстарды қазғандағы остеологиялық (сүйектер
туралы ілім, яғни сүйектер жүйесінің құрылысын зерттеу – Ж.М.) жадығатты
зерттеуге байланысты болатын. Орталық және Солтүстік Қазақстан аудандары
үшін көптеген жылдар бойы осындай жұмыс жүргізілді. Энеолиттік заманның
қоныстары Тұздыкөл мен Ботайдан, қола дәуірінің қоныстары – Атасу, Сарғара,
Ново-Никольское-1 мен Петровка-2 және басқа қоныстардан табылған орасан
көп жадығат электронды-есептеу машинасының көмегімен талданып, жүйелі
түрде өңделді.
Бірқатар жаңа тұжырымдар, атап айтқанда, энеолиттік қоныстарда, сондай-
ақ ертедегі қола дәуірі қоныстарында жылқы сүйектерінің көп екендігі, мұның
өзі бұл жерде жылқы шаруашылығы басым болған деп айтуға мүмкіндік
беретіндігі
туралы
тұжырымдар
жасалды.
Қола
дәуірінде
мал
шаруашылығының энеолит дәуірінде-ақ өріс алған деп сеніммен айтуға болады.
Жабайы жануарлардың сүйектерін зерттеу энеолит және қола дәуірінде аң
аулаудың дамығандығы жөнінде мағлұмат алуға, ауланған ең бағалы аңдарды
анықтауға мүмкіндік берді.
Ертедегі металлургтердің мүмкіндігі жөнінде маңызды бақылау жасалды,
ол
Еуразиядағы
жетекші
металлургиялық
орталықтардың
озық
технологияларынан кем түспеген. Шикізат базасын металлургиялық өндіріспен
және нақты объектілермен байланыстыру мәселелері шешілген. Ертедегі (б.з.б.
VII-III ғғ.) көшпелілер дәуіріндегі металлургияның дамуында прогресшіл
белгілер байқалды. Бұл ең алдымен металл сапасынан көрінді. Металлургия
мен кен ісін, үстемелердің технологиялық ерекшеліктері мен құрамын кешенді
зерттеу нәтижесінде Қазақстанның кен-металлургия аймағында 7 металлургия
орталығы анықталды.
Керамика кешендеріне техникалық-технологиялық зерттеулер жүргізу
қола дәуірінде Орталық Қазақстандағы қыш-құмыра ісінің даму деңгейі туралы,
әр түрлі халық топтарының байланыстары туралы, тайпалардың көшіп-қонуы
туралы қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
24
Жартастағы бейнелер археологиялық ескерткіштердің жалпы тобын
құрайды. Жоңғар Алатауының батыс сілемі болып табылатын Ешкіөлмес
жотасының петроглифтері (жартастағы суреттер, бейнелер – Ж.М.)
хронологиялық белгісі бойынша үш топқа: қола, ертедегі темір және орта ғасыр
бейнелеріне бөлінген. Бірінші топ бейнелерінің стилистикалық (көркемдік –
Ж.М.) ерекшеліктері Ешкіөлмес петроглифтерін соған ұқсас басқа да бірқатар
ескерткіштерден ерекшелейді. «Ешкіөлместің ежелгі петроглифтерінің едәуір
бөлігінің діни сипаты» айқын көрінеді.
З.С. Самашевтің «Жоғарғы Ертіс өңірінің жартастағы бейнелері» деген
монографиясында Шығыс Қазақстан петроглифтері жайлы жадығаттар
топтастырылған.
Еуразияның далалық өңірі халқының энеолит дәуірі мен қола кезеңіндегі
қоныс аудару үрдісінің мәселелері қарастырылған.
Түрлі аймақтар арбаларының бейнелерін зерттеу б.з.б. IV мыңжылдықтың
аяғы – ІІІ мыңжылдықтағы Еуразия аумағында доңғалақты көліктің таралу
бағытын анықтауға мүмкіндік берді.
Доңғалақты көлік қолданылып, дамытылған екі орталық – Қосөзен мен
дала аймағы тұжырымдамасы ұсынылды.
Археологиялық институтының аса маңызды ғылыми бағдарламаларының
бірі халықаралық «Ұлы Жібек жолы: мәдениеттердің сұхбаты» болып
табылады. Ол Қазақстанда дәстүр бойынша зерттеліп келген, айтарлықтай
табыстарға қол жеткізіліп, қызықты жұмыстар тындырылған ертедегі және
ортағасырлық Қазақстанның өркендеуіне, қала мен даланың өзара әрекетіне
байланысты мәселелерді қамтиды.
Қазақстанның отырықшылық мәдениеті мен өркендеуін зерттеу
шеңберінде көшпелі және жартылай көшпелі малшылар арасында
отырықшылықтың, егіншілік пен қала мәдениетінің дамуындағы заңдылықты
айқындауға, аридті аймақтардың тау бөктерлері мен өзен аңғарларының
халықтары шаруашылығының қалыптасуындағы географиялық ортаның рөлін
анықтауға, материалдық және рухани мәдениеттің эволюциясын (дамуын)
ашуға, этникалық факторларды, мәдени дәстүрлерді айқындауға мүмкіндік
беретін жадығаттар алуды мақсат етіп қоятын зерттеулер жүргізілуде.
Қала құрылымын, қалалардың атқарған міндеттерін, құрылысты, сәулет
өнерін, Қазақстан халқының рухани өмірін көршілес елдермен және
халықтармен өзара байланысты Отырарды және Отырардың қираған жұрты
алқабын, Талас аңғарындағы Қостөбені, Шу аңғарындағы Құлан мен Іле
аңғарындағы Талғарды (Талхирды) қазу жұмыстары жалғастырылды.
Ортағасырлық қираған қалалар, құрылыстар топографиясының (әуе және
ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға түсірген
бейнесі – Ж.М.), қала тұрғын жайлары сипатының мәселелері Қазақстан
медиевистикасында (орта ғасырында – Ж.М.) дәстүр бойынша кеңінен мәлім.
Отырар туралы, Отырар тұрғын жайлары, оның эволюциясы (өрлеуі, өркендеуі
– Ж.М.), белгілі бір хронологиялық кезеңде пайда болған жаңа үлгілер туралы
бірқатар мақалалар жарық көрді.
25
Отырар алқабында тұрғын үйдің пайда болу және қалыптасу негіздерін
іздестіру әрекеттері қызықты. Соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан
тұрғындарының этникалық тегін анықтауға байланысты, тұрғын үйлер мен
жазба деректерді талдау жадығаттары негізінде жасалған мәселелер ден қоюға
лайық. Сарттар, олардың этногенезі мен тағдырлары туралы шыққан бірнеше
мақала бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін дәлелдейді. Алайда
Қазақстан сарттары ертедегі және ортағасырлық қала халқының бөлшегі, қазақ
этносының қалыптасуында айтарлықтай рөл атқарған кангюйлер мен
кангарлардың ұрпақтары деген пікір басым болып отыр. Қыш-құмыра ісінің,
ыдыстың, соның ішінде жер суару құралдарын дайындау технологиясының
дамуы туралы зерттеулер мен бақылаулар да қызықты.
Ортағасырлық Отырардың орта ғасырлардағы көркем керамикасы
альбомының басылып шығарылуын Қазақстан археологтарының жетістіктері
қатарына жатқызу керек, оған көркем қолөнер және өнер туындылары
енгізілген.
Ортағасырлық Қазақстандағы, республиканың оңтүстігі мен Жетісудағы
егіншілік пен ирригация (жерді қолдан суландыру – Ж.М.) мәселелері зерттеліп
жатыр.
Нумизматика (ақша тарихы – Ж.М.) жөніндегі зерттеулер жандана түсті.
Хорезмнің бақылауында болғанымен, XIV ғасырдағы Жент, Баршыкент
(Баршын) қалаларының Еділ бойындағы Алтын Орда қалаларына бейімделген
сауда аймағында жатқаны анықталды. Женттен табылған XIV ғасырдағы екі
теңге қаланың Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғанын және сол
кезде қаланың өрлеу кезеңін бастан кешіргенін көрсетеді.
Жетісудың қираған қалалары орнын қазған кезде нумизматикалық (ақша
тарихына қатысты - Ж.М.) жаңа деректер алынды. Зерттеушілердің пікірінше,
Қостөбеден табылған VII-VIII ғасырлардағы теңгелер Жамукеттің Шашпен
сауда байланыстарын жасағандығын дәлелдейді, бұл орайда Жамукет қаласы
Талас аңғарындағы саудаға зор ықпал жасаған.
Қала өмірі көбінесе саудамен, соның ішінде халықаралық саудамен
анықталды. Қалаларда жергілікті, аймақтық және халықаралық сауда тоғысып
отырды. Қала өмірі, оның аман сақталуы, гүлденуі көп жағынан саудаға
байланысты болды. Бірқатар зерттеулерде сауда байланыстары, сауда
жолдарының сипаты және қалаларды қазған кезде табылған тауарлар
сипатталған.
Қазақстан археологиясында соңғы жылдары дамыған жаңа бағыт
археологиялық сәулет өнері болды. Археологтар аршыған іргелі құрылыстар
мен жай тұрғын үйлер қалдықтарының сәулеті тұңғыш рет тарих тұрғысынан
зерттеле бастады. Олардың ішінде ертедегі ортағасырлық Кедер және Жамукет
қалаларының сарай кешендері, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың
мұсылмандық діни сәулет өнері бар. Олардың жоспарлану ерекшеліктері,
салыну тәсілі және сәнделуі – ағаштан ойылған өрнектер, ойып жасалған заттар
және түрлі оюлармен сипатталады. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени
байланыстар мен сәулет өнері таралуы көрсетілген.
26
Жаңа жадығаттар орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының
идеологиясы проблемаларымен қоса, олардың шешілуін ілгері бастыруға,
мұнда буддизмнің, зороастризмнің, шаманизмнің және әр түрлі діндердің
таралу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Ислам дінінің таралу уақыты мен
орталықтары айқындалуда.
Ортағасырлық археология жөнінде іргелі зерттеулер пайда болды.
Олардың бірі Іле аңғарындағы ірі аудандардың бірі – Іле Алатауының солтүстік
беткейлерінің (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) отырықшылық мәдениетіне
арналған. Еңбек «VIII-XIII ғ.ғ. Іле Алатауының солтүстік беткейлерінің
отырықшы мәдениеті» деп аталады. Авторы – Т.В. Савельева.
Зерттеудің негізіне Х ғасырдағы кім жазғаны белгісіз парсы тіліндегі
«Худуд әл-алам» шығармасында айтылуы бойынша мәлім ортағасырлық
Талхир қаласы деп саналатын ірі Талғар қаласының қираған орнын қазудан
табылған жадығаттар алынған. Атап айтқанда, мұны Талғар қаласының малға
арналған үлкен аулалары және аулаларында киіз үйлер болуы дәстүрге
айналған тұрғын жайлар дәлелдейді.
Ертедегі
және
ортағасырлық
тарих
пен
археология
жөнінде
қорытындылаушы еңбектердің пайда болуы Қазақстан археологиясының
тарихнамасындағы маңызды, сапасы жағынан жаңа өзгерістердің бірі болып
табылады.
Бір кезде жалпыодақтық және республикалық тақырып бойынша
дайындалған «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері
жинағы» томдарының сериясынан бірінші томы – «Шымкент облысы» басып
шығарылды.
Тарихтың кеңістік жиегін кеңейтіп және өткеннің көрінісін жүз есе
ұлғайтып, археология тарих ғылымында төңкеріс жасады. Ол бірқатар
себептерге байланысты жазбаша деректемелер саны көп емес елдер мен
халықтар үшін ерекше маңызды. Бұл Қазақстанға да қатысты. Мұнда табылған
жазбалар б.з.б. IV ғасырға жатқанымен, тарих өмір шындығының тұтас
көрінісін алуға жазбаша құжаттар, хроникалар, заң құжаттары, тарихи
шығармалар, әсіресе олардың ертедегі және алдыңғы ортағасырлық кезеңдерге
арналғандары жеткіліксіз. Ал тарихтың жазу шыққанға дейінгі орасан үлкен
кезеңі археологиялық деректердің арқасында ғана мәлім, еліміздің ежелгі,
ертедегі және орта ғасырлардағы тарихы жөніндегі бөлімдері дайындау мен
жазуға негіз болған да сол деректер. Қазақстанда археологиялық деректемелер
жинақталуының, оларды түсіндірудің өз тарихы, даму кезеңдері, өз жетістіктері
бар.
Қазақстан археологиясы дамуының бастауында аса көрнекті орыс және
қазақ шығыстанушылары мен тарихшылары – В.В. Бартольд, В.В. Радлов,
П.И. Лерх, Ш.Ш. Уәлиханов, сондай-ақ алдыңғы қатарлы орыс
интеллигенциясының өкілдері болды.
Республиканың
археологиялық
ғылымының
қалыптасуында
М.Е. Массонның, С.П. Толстовтың, А.Н. Бернштамның, М.П. Грязновтың,
С.С. Черниковтың рөлі зор. Алайда Қазақстан қоғамтануының дербес ғылыми
27
бағыты ретінде археология Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
академиясы
жүйесінде
қалыптасты.
Қазақстан
археологиясы
үздік
жаңалықтарымен дүниежүзілік ғылымды байытып қана қойған жоқ, сонымен
қатар ертеде және орта ғасырларда Қазақстандағы қоғам дамуының негізгі
кезеңдерін анықтауға да мүмкіндік туғызды.
Оның ең маңызды жетістіктерінің арасында Қазақстан аумағында осыдан
миллион жылдай бұрын адам мекендегенін дәлелдеген ежелгі палеолиттік
тұрақтардың ашылуы болды. Қазақстан мен Еуразияның төменгі палеолитінде
бірқатар ортақ белгілердің болуы Қазақстанның төменгі палеолиттік мәдениеті
адамзат мәдениетінің жалпы тізбегіндегі буындардың бірі екенін дәлелдейді.
Еуразияның қола дәуірі тайпаларының палеоэкономикасын дамытудағы
Қазақстан металлургиялық орталығының атқарған рөлі анықталды.
Қазір Қазақстанның малшы-егінші тайпалардың ертедегі көшпелілерге
айналу үрдісі болып өткен аймақтардың бірі болғанын анықтау мүмкін болып
отыр. Жаңадан ашылған археологиялық жаңалықтар, атап айтқанда, Іле
жағалауларындағы және Сырдарияның төменгі ағысындағы сақ қорғандарын
қазу жұмыстары Қазақстанды сақ тайпаларының маңызды орталығы болған
деуге мүмкіндік береді.
Урбанизациялық (қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің
үстемдікке ие болуы – Ж.М.) үрдістердің, отырықшылық және қала мәдениеті
дамуының серпінділігін анықтау Қазақстан археологиясының ірі жетістігі
болды. Дүниежүзілік өркениеттің ғажайып жетістіктерінің бірі – Ұлы Жібек
жолының Қазақстан жері арқылы өткені анықталды.
Қазақстан мәдениетінің көп қырлылығын археологиялық жадығаттар
дәлелдеп отыр. Оның қалыптасуына Қытаймен, Таяу және Орта Шығыспен,
Орта Азиямен, Еділ бойымен, Орал өңірімен, Сібірмен саяси, экономикалық
және мәдени байланыстар зор ықпал жасады. Әр түрлі мәдениеттің, әр түрлі
мәдени аймақтардың өзара әрекеті мен өзара ықпалы этногенездің дамуында да
аса маңызды фактор болды. Орталықтары Қазақстан аумағында болған Батыс
Түрік қағанаты, ал одан кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттары және кейініректегі
Қарахандар мемлекеті өз мәдениетіне әр түрлі этникалық дәстүрлерді
жасампаздықпен жинақтаған ортағасырлық мемлекеттік құрылымдар болғаны
анықталды.
Отырарды, Кедерді, Таразды, Түркістанды, Сарайшықты, Талхирді
археологиялық
зерттеулердің
көрсетіп
отырғанындай,
қазақтардың
мемлекеттілігі,
Қазақ
хандығының
мәдениеті
ежелгі
түріктердің,
қарахандардың, қыпшақтардың мемлекеттілігі мен мәдениетіне ұштасып
жатыр.
Көшпелі және отырықшы өркениетті зерттеу әр түрлі халықтар
мәдениетінің өзара әсері мен өзара байытылуы дүниежүзілік прогрестің сара
бағыты болды. Қазақстан мен Орта Азияның қазіргі халықтары этногенезінің
бастауы да сондай өзара әсерде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |