Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§2.3 Орал қаласының архитектура (сәулет өнері) ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§2.3 Орал қаласының архитектура (сәулет өнері) ескерткіштері. 
 
Пединститут. 
1932 жылы Орал пединституты ашылып, кейін бұрынғы қыздар 
гимназиясына орналасты. Осы ғимараттың құрылысы 1937 жылы басталып, 
1939 жылы аяқталды. Авторы Рогальский. Қазіргі кезде М.Өтемісов атындағы 
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас корпусы орналасқан. 
Ғимарат Достық-Дружба даңғылында. 


39 
Чапаев дивизиясының саяси бөлімшесі орналасқан Ғимарат. 
Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Төңкеріске дейін «Илюзион» 
кинотеатры орналасты. Орал қаласын ақгвардияшылардан азат еткеннен кейін 
1919 жылы 6 шілдеде 25-ші Чапаев дивизиясы 73-ші бригадасының саяси 
бөлімі жайғасты. Ғимарат Ғ.Қараш көшесінде. 
М.В. Фрунзе тоқтаған ғимарат. 
ХІХ ғасырда салынған. Патша әскерінің полковнигі Завьяловқа тиесілі 
болған. 1919 жылы 10 ақпанда Орал азат етілгеннен кейін Шығыс майданның 
қолбасшысы М.В. Фрунзе орналасып, партияға көмек көрсетіп, Орал 
гарнизонының басшысы қызметін де атқарған. Қазақ халқына арналған 
үндеухатында билікті өз қолдарына алып, Қызыл Армия қатарына өтуге 
шақырған. Үндеухаты 1919 жылы 16 ақпанда жергілікті «Яицкая правда» 
газетінде жарияланған. 1919 жылы 1 сәуірде Оралда жұмысшы солдаттардың 
қалалық Кеңесіне 1-ші сайлау өткізілді. 1919 жылы 13 сәуірде осы үйде 
қалалық Кеңестің отырысы ашылып, өз жұмысын бастады. Ғимарат Достық-
Дружба даңғылы мен Ғ.Қараш көшесінің қиылысында орналасқан.
Ерлер гимназиясы. 
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың 80-жылдардың аяғында Орал әскери 
гимназиясына арнап салынған. Орал әскери училищесі 1870 жылы ерлер әскери 
гимназиясы болып, ал 1890 жылдың ІІ жартысында Орал әскери 6-сыныпты 
реалды училищесі болып қайта құрылды. Азамат соғысы жылдарында бұл 
ғимаратта 30-шы дивизияның госпиталі, губерниялық партия мектебі, Ұлы 
Отан соғысы кезінде Орал пединститутының биология факультеті, соғыстан 
кейін ұжымшар кадрларын дайындайтын мектеп, ауыл шаруашылығын 
механикаландыру техникумы, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты 
орналасты. Қазіргі кезде Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педколледжіне 
тиесілі. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында орналасқан. 
А.Н. Островский атындағы Орыс Драма театры. 
ХІХ ғасырда Оралда құрылған алғашқы театрлардың бірі. ХХ ғасырдың 
30-жылдары бұл ғимарат қайта қалпына келтіріліп, театрға А.Н. Островскийдің 
есімі берілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь мемлекеттік драма театры мен 
Карелофин опера театры қызмет жасады. Ғимарат қазіргі Д.Нұрпейісова 
көшесінде. 
Мешіт. 
Бұл мешіттің құрылысы 1897 жылы Мұртаза Абдуллиннің қаражаты 
есебінен салынды. Авторы белгісіз. 1930 жылы мемлекеттік мекемеге 
айналдырылды. Әскери трибуналдың байланыс бөлімі орналасты. 1944 жылы 
бұл ғимарат мешітке қайтарылды. Ғимарат қазіргі Ж.Досмұхамедов көшесінде. 
Құтқарушы Христос храмы. 
Бұл храмның негізі 1891 жылдың маусымында Жайық (Орал – Ж.М.) 
казактарының Ресей әскеріне қызмет ете бастағанының 300 жылдығы (1591-
1891 ж.ж.) құрметіне байланысты қаланды. Қайырымдылықтан түскен ақшаға 
салынған. Храм қоңырауына 10500 рубль, иконаға 14000 рубль жұмсалған. 
Сәулетшілер В.Н. Чагин, Железнов және Тецтің жобасы бойынша салынған. 


40 
Храм XV-XVIII ғ.ғ. жаңа мәскеулік сәулет стилінде салынған. Храм Достық-
Дружба даңғылында орналасқан. 
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. 
Бұл ғимарат 1887 жылы салынды. Төңкеріске дейін орыс-қырғыз (қазақ – 
Ж.М.) мектебі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Орал кәсіби мектебі болды. 1963 
жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының кітапханасы 
қызметін атқарды. 1973 жылы 12 сәуірде Орал облыстық атқарушы комитетінің 
шешімімен Орал облыстық тарихи-өлкетану музейіне айналдырылды. Ғимарат 
Достық-Дружба даңғылында орналасқан. 
Карев үйі. 
1901 жылы салынып, көпес Каревке тиесілі болған. Төңкеріске дейін 
дүкен, офицерлер клубы, қонақүй болған. Оралды Қызыл Армия алғаннан кейін 
«Еңбек сарайы» болды. ХХ ғасырдың 20-жылдары «Красный Урал» 
типографиясы, кәсіподақтар кітапханасы қызмет жасаған. Осы үйде 1923 жылы 
қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы С.Сейфуллин тұрып, жұмыс жасаған. 
1929 жылы жазғы бақшасында Л.Тостой, Л.Сейфуллина, В.Правдухин өз 
шығармаларын оқыған. Қазіргі кезде 1-ші қабатында дүкен, дәріхана, 2-ші 
қабатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапхана, 3-ші 
қабатында облыстық филармония орналасқан. Ғимарат Достық-Дружба 
даңғылында. 
Михаил-Архангел соборы. 
Михаил-Архангел соборының негізі 1740 жылы қаланған. Жайық (Орал – 
Ж.М.) казактары салған. Құрылысы 1751 жылы аяқталды. 1773-1775 
жылдардағы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінде қамал қызметін 
атқарған. Собор өзінің тарихилығымен Оралда болған А.С. Пушкиннің, В.А. 
Жуковскийдің, В.Г. Короленконың, Л.Н. Толстойдың назарын аударған. 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жаратылыстану-география факультеті. 
Бұл ғимарат 1836 жылы 1-ші қыздар гимназиясы болып ашылды. 1910 
жылға дейін гимназия жанынан пансион жұмыс жасаған. Азамат соғысы 
жылдарында Орал бригадасының жылжымалы госпиталі, 1930 жылдан 
Орынбордан көшірілген халық институты, 1932 жылдан Орал пединституты 
болды. 1938 жылдан қазіргі кезге дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 
мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультеті орналасты. 
Ғимарат Достық-Дружба даңғылында. 
М.Мәметова үйі. 
Бұл үй 1917 жылғы төңкеріске дейін салынған. 1932-1934 жылдары 
М.Мәметова ата-анасымен бірге тұрған. 1982 жылы Орал қалалық атқарушы 
комитетінің шешімімен М.Мәметова атындағы музейге айналдырылады. 
Ғимарат қазіргі Сарайшық көшесінде. 
Ипмағамбетов үйі. 
ХІХ ғасырдың аяғында салынған. Көпес Губайдуллинге тиесілі болған. 
М.Ипмағамбетов 1-ші облыстық Кеңес атқарушы комитетінің мүшесі, 1918 
жылы денсаулық сақтау комиссары, 1919 жылы Орал облыстық революциялық 


41 
комитетінің ұлттық істер жөніндегі коллегиясының мүшесі. 1919 жылдың 
сәуіріне дейін осы үйде отбасымен тұрған.
Ә.Айтиев осы үйде 1920 жылдың қаңтарына дейін тұрған. Ол 1917 жылы 
большевиктердің жасырын жиналыстарына қатысып, облыстық Кеңестің 
құрамына сайланады. 1919 жылы Оралды азат етуге қатысады. Әкери 
Революциялық Комитеттің Қырғыз (Қазақ – Ж.М.) өлкесін басқару жөніндегі 
комиссары, азамат соғысынан кейін Қазақ АКСР-нің ішкі істер халық 
комиссары болды.
Макаров диірмені. 
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында құрылған. ХХ ғасырдың ортасында 
астық сақтайтын қоймаға пайдаланады. 1941 жылдың 20 желтоқсанында 
Землячка атындағы Мәскеу тері зауытын Оралға көшіріп, бұрынғы Макаров 
диірменіне орналастырады. 1991 жылға дейін зауыт ретінде пайдаланылды. 
22-атқыштар дивизиясының штабы орналасқан ғимарат. 
Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Төңкеріске дейін бұл ғимаратта 
бастауыш мектеп және әскери музыка мектебі орналасты. Ақгвардияшылардан 
Орал қаласын қорғау кезінде 1919 жылы 22-ші атқыштар дивизиясы орналасты. 
Ғимарат қазіргі Лев Толстой көшесінде орналасқан. 
«Уралец» газетінің баспаханасы. 
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында бір қабатты кірпіштен салынды. 1905 
жылы медресені тәмамдағаннан кейін Ғ.Тоқай жұмыс жасаған. Ғимарат қазіргі 
Ә.Кердері көшесінде. 
Мұғалімдер семинариясының бұрынғы ғимараты. 
Мұғалімдер семинариясы 1913 жылы құрылды. 1919 жылы осы 
семинарияда Орал қаласындағы комсомол ұйымдастырушысы В.Е. Савичев 
оқыған. Ол Оралдағы жастардың коммунистік қозғалыстарына белсенді 
қатысып, бүкілхалықтық жиналыста Орал қалалық комсомол комитеті 
Президумының төрағасы болып сайланды. Ғимарат қазіргі Ғ.Тоқай көшесінде. 
«Приуральная правда» облыстық газетінің редакция ғимараты. 
ХХ ғасырдың 50-жылдарында осы ғимаратта журналистермен кездесу 
барысында М.А. Шолохов екі рет болған. Ғимарат қазіргі Достық-Дружба 
даңғылында орналасқан. 
Е.Пугачев болған ғимарат. 
1751 жылы «Шилихин өртінен» кейін орташа дәулетті казак П.М. 
Кузнецовтың бастауымен салынған. Осында «Жайық патшайымы» атанған Е.И. 
Пугачевтің екінші әйелі Устинья Петровна Кузнецова тұрған. 1774 жылы 
Жайық қалашығын (Орал қаласы – Ж.М.) қоршау кезінде Е.И. Пугачев осы 
үйде болған. Қазіргі кезде Е.И. Пугачев атындағы музей ретінде 
пайдаланылуда. Ғимарат қазіргі Достық-Дружба даңғылында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет