Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет43/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Мектептегі туған өлке тарихын ұйымдастыру, жоспарлау. Туған-өлке 
деген атаудың қамтитын аумағы бірыңғай бола бермейді. Кейбір мектеп өз 
ауылы мен оның төңірегін, мектеп орналасқан қаланы, не оның белгілі бір 
ауданын, енді бір мектеп аудан, тіпті облыс аумағын зерттеуді мақсат етеді. 
Сондықтан мектептегі өлкетану жұмысын әу бастан дұрыс ұйымдастырып, 
жұмысты мұқият жоспарланған дұрыс. Әдетте өлкетану жұмысының жоспары 
мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрамды бөлігі болып 
саналады және көбіне сыныптан, мектептен тыс жұмыстар жоспарымен бірге 
жасалады. Демек сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде 
байқағанымыздай, бұл жұмысты көбіне тарих, география, әдебиет пәндері 
мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырады, мұның өзі жұмыс жүргізу үшін қолайлы. 
Туған өлкенің жадығатын жинағанда алдымен мектептің оқу-тәрбие 
жұмысына, тарих және басқа да пәндерді оқытқанда қандай жадығаттардың 
қажеттігі ескеріледі және оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға 
болатыны анықталады. Осыдан кейін барып тарихи өлкетану жұмысының 
мақсаты мен міндеттерін белгілеуге болады. 


100 
Алдымен өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың 
төмендегідей талаптарға сәйкес келгені дұрыс: 
а) алынған жадығаттың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және 
оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуіне ыңғайлы, қиындық 
келтірмейтін болуы; 
ә) анық, айқын эмоциялы фактілері бар оқиғалар оқушылардың санасына 
да, сезіміне де әсер ететіндей болуы; 
б) мүмкін болғанынша оқушыларды қарапайым болса да зерттеушілікке 
қатыстыруға жағдай жасауы; 
в) оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігін қалыптастыруы және 
оларда күнделікті қажетті істерге қатысу қабілетін дамыта алуы; 
г) оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметті оята отырып, сол арқылы 
туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы керек.
Тарих пәнінің жүргізілетін сыныптан тыс және өлкетану жұмыстарын 
мұғалімдердің басшылығымен жоғары сынып оқушылары жүргізеді. Ол үшін 
оқушылардан арнайы қоғам құрылады. Ол жұмыс жоспарын жасайды, жоспар 
оқушылардың белсене қатысуымен талқыланып, ұсыныстар мүмкіндігінше 
ескеріледі. Осы жоспардағы мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың көбі 
туған өлкені зерттеуге қатысты. 
Төменде көпшілік мектептерде өлкетану жұмысына қатысты жоспарларда 
жиірек кездесетін іс-шараларды атап өтейік: 
1. Туған өлкені зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары; 
2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру; 
3. Тарихи-өлкетану экскурсиялары; 
4. Тарихи-өлкетану ескерткіштерін зерттеу үшін алыс жерлерге жорықтар 
ұйымдастыру; 
5. Археологиялық жұмыстар жүргізу, археологиялық экспедицияларға 
қатысу; 
6. Тарихи-өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыру; 
7. Тарихи-өлкетану кешін дайындау және өткізу; 
8. Экспедиция қорытындысы бойынша есеп беру және тақырыптық көрме 
ұйымдастыру; 
9. Тарихи-өлкетану тақырыбына конференция, пікір-сайыс, талқылаулар 
ұйымдастыру; 
10. Тарихи-өлкетану жұмысының барысы туралы бюллетень, қабырға 
газетін, қолжазба журналдарын шығару т.б. 
Тарихи-өлкетану 
жадығаттарын 
жинақтау. 
Оқушылар 
экспедицияларда, жорықтарда көргендерін, байқағандарын, кездесулерде 
естігендерін, олар туралы жазып алған жадығаттарын, археологиялық 
қазбаларға қатысып, тапқан заттарын т.б. мектепке әкеледі. Олар: біріншіден, 
өлкедегі тарихи ескерткіштер (археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген 
жерлерден табылған заттар, тарихи, мәдени орындар т.б.); екіншіден өлкенің 
тарихын баяндайтын түрлі әдебиеттер; үшіншіден өлке тарихына байланысты 
баспасөзде жарияланған жадығаттар; төртіншіден, тарихи оқиғаларға 


101 
қатысушылардың естеліктері (көбіне жорықтарда, экспедицияларда кездескен 
куәгерлердің естеліктері); бесіншіден, өлкетану музейлеріне экскурсия 
жасағанда жинақталған жадығаттар. 
Жинақталған жадығаттардың бәрі уақытылы талданып, сарапталып, 
мектептегі арнайы бөлінген орынға қойылғаны дұрыс. Осыдан барып бірте-
бірте өлкетану бұрышы, залы, бөлмесіне музей ұйымдастырылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет