Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5.4 А.Байтұрсынов және оның тарихи еңбектері



Pdf көрінісі
бет72/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§5.4 А.Байтұрсынов және оның тарихи еңбектері. 
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 25 қаңтарда Торғай уезінің Тосын 
болысында қарапайым шаруа отбасында туған. Қарқаралыда мұғалім болып 
жүргенде әділетсіздікке, патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық 
білдіргендер қатарында болғаны үшін А.Байтұрсынов бақылауға алынды. 1909 
жылы шілдеде Семейде түрмеге қамалды. Жер аударылып, 1910-1917 жылдары 
Орынбор қаласында тұрған. 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер мен 
аударма мысалдар жинағы басылды. 1913 жылдың наурызынан бастап «Қазақ» 


174 
атты апталық газет ұйымдастырды. 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның 
редакторы болып істеді. А.Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі» мақаласында 
(«Айқап», 1911, №2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан 
қарайтындығы көрінеді. Қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес 
мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары 
деген мәселелердің жауабы айтылды. «Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, 
ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз 
бәрі надандық кесапаты», дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін 
ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қойды. 
Алаш қозғалысы көшбасшылары алашордалықтардың әрекетін басқаша 
пайымдады. РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар жөніндегі басылымы 
«Жизнь национальностей» газетінің 1919 жылдағы «Революция және 
қырғыздар» деген мақаласында «Қырғыздарға (Қазақтарға – Ж.М.) Ақпан 
революциясы қалай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы 
соншалықты түсініксіз болып көрінді... олар алғашқы революцияны қандай 
қуанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен 
қарсы алуларына тура келді», - деп жазды. Мұны ол Ақпан революциясы 
қазақтарды «патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті, - деп 
түсіндірді және ... олардың өздерін дербес басқару жөніндегі қасиетті арманын 
жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның 
қырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен 
түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ, тіпті оларда 
меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну 
бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет