Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет68/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Алексей Николаевич Харузин (1864-1900) – қазақ этногенезі мен этникалық 
тарихына назар аударғандардың бірі. Ол қазақ халқының тайпаларының 
тарихын «туысқандардың одағы емес, қоғамдық-саяси одақ» ретінде 
қарастыруды ұсынды. «Киргизы Букеевской Орды» деген еңбегінде Ішкі Орда 
қазақтарының өмірін жан-жақты сипаттаған. Өзінің жеке көзқарастарымен
жинақтаған деректерімен қатар өзге зерттеушілердің фактілерін келтірген. 
Еңбектің тартымдылығы сонда, автор көптеген суреттерді берген. Зерттеудің 
«К антропологии киргизов» атты бөлімінде статистикалық мәліметтер 
келтіріліп, олар талданған. А.Н. Харузин «К вопросу о происхождения 
киргизского народа» еңбегінде қазақ халқында қыпшақ тайпа бірлестігінің бар 
екендігін көрсетіп, оның құрамына кіретін тайпаларды атап көрсеткен. 
Автордың пікірінше, олар: «торы айғыр, түйішке, кітабақ, бұлтың, қара балық, 
күнделін, тана бұға, ұзын, көк бөрі». Алайда кітапта тайпа атаулары автордың 
естуінше, орысша айтылуынша берілген. Осы орайда оның А.Н. Аристовқа 
жақындығын байқауға болады. Жалпы ол сол бағытты ұстанушы болды. 
Дегенмен Н.Аристовпен салыстырғанда оның өзіндік ерекшеліктері де орын 
алды. А.Н. Харузин көшпелі тайпалардың құрылуының рулық-тайпалық 
теориясын негіздеуге талпынды. Зерттеушінің пікірінше, рулар тұрмыста ғана 
емес саяси өмірде де маңызды орынды иеленеді. Ол жүздердің қалыптасуы, 
кезеңі туралы да өз пайымдауын көрсетті. Автордың төл еңбектеріне «Курганы 
Букеевской Орды», «Заметки о карте Букеевской Орды», «Степной очерк» 
зерттеулері жатады.
Гродеков Николай Иванович (1843-1913 жж.) – генерал-лейтенант
Мемлекеттік кеңестің мүшесі, әскери жазушы. Константинов әскери 
училищесін, Бас штабтың академиясын бітірген. 1873 жылы – Маңғыстау 
отрядының бастығы ретінде Хиуа жорығына қатысқан. 1883 жылы Сырдария 
әскери губернаторы болып тағайындалды. Осы қызметте болған он жылдың 
ішінде Түркістан халқының тұрмыс-салтымен жақын танысып, нәтижесінде 
«Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области» (1889), т.б. еңбектерін 
жазды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет