Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5.5 Ә.Бөкейхановтың қызмет-қайраткерлігі мен зерттеулері



Pdf көрінісі
бет73/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§5.5 Ә.Бөкейхановтың қызмет-қайраткерлігі мен зерттеулері. 
Ә.Н. Бөкейханов 1870 жылы кешегі Семей облысы Қарқаралы уезі
Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы №7 ауылында дүниеге 
келген. Әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молдаға оқуға 
берген. Бастауыш мектепті бітіргеннен соң Қарқаралы қаласының үш жылдық 
училищесіне түскен. 1890 жылы Санкт-Петербордағы орман институтына оқуға 
түскен. Ол – ормантанушы, ғалым, экономист, 1877 жылы Дала өлкесінің білім 
ордасы, 
мәдени-ағарту 
санатындағы 
Омбы 
қаласындағы 
Орыстың 
императорлық география қоғамы өзінің Батыс Сібір бөлімінің есігін ашты. 
Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларын, ғылым мен өнер 
қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі жылдары қазақ даласын ағарту 
ісінде, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу жолында алдыңғы қатарда болды. 1894 
жылы Орман институтын бітіріп, Омбыға қайта оралған Әлихан осы қоғамның 
ісіне қызу араласты. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 
1896 жылы қоғамның Батыс Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданды. 
1901 жылы басқару комитетіне мүше болып сайланды. Семейлік бөлімшесін 
ашуға атсалысты. Өзі сол Семей бөлімшесінің және А.Құнанбаевпен қатар 
Семейлік статистика комитетіне мүше болды. 


175 
Ә.Бөкейханов география қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған 
қазақ даласының тарихын көп зерттеді. Оның тарих саласында жазып 
қалдырған елеулі мұралары «Қырғыз өлкесінің тарихи тағдырлары және оның 
мәдени жетістіктері», «Қырғыздар» (Қазақтар – Ж.М.) атты монографиялары. 
Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы «Россия. Полное географическое 
описание нашего отчества» атты көптомдық альманахтың «Киргизский край» 
деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. Шығармада қазақ 
өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары
олардың мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Автор 
сондай-ақ Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өнер тарихын сипаттайды, патша 
үкіметінің отаршыл саясатын суреттеген. Ә.Бөкейханов өзінің «Қырғыз 
өлкесінің тарихи тағдырлары және мәдени жетістіктері» деген еңбегінде 
Әбілқайыр ханның Ресей қоластына кіруін былайша көрсеткен: «1730 жылы 
Кіші Орда ханы Әбілқайыр бір жағынан Галдан Церен шапқыншылығынан, бір 
жағынан сұлтандар арасындағы тартыста шайқалған билігін күшейту үшін орыс 
үкіметіне өзінің халқын бодандыққа қабылдауына өтініш жасады». 
Екінші «Қырғыздар» (Қазақтар – Ж.М.) атты еңбегі алғаш рет «Формы 
национального движения в современных государствах» атты жинақпен 1910 
жылы Санкт-Петербордан басылып шықты. Бұл еңбегінде қазақ даласындағы 
саяси-әлеуметтік жағдайды тартымды етіп сипаттай алған. Қазақ халқының 
отаршылдық, қоныстандыру саясатына деген көзқарасын, кең далаға көлдей 
ағылған келімсектермен арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт-азаттық 
күресінің бағытын, мақсат-мүддесін ашып көрсете алған. Шығармада 
халқымыздың көкейтесті мәселелері – тіл, сөз бостандығы, дін мәселесі де 
қозғалады. 
Алаш қозғалысы көсемінің қазақ даласына орыс шаруаларының қоныс 
аударуы, соған байланысты жер мәселесінің шиеленісуі, отырқшы норма алу 
турасындағы пікірлері ұлт мүддесінде ой толғаған арыстың көзқарасын анық 
көрсетеді. Алаш ардақтысының пікірлерін 1911-1915 жылдары үзбей шығып 
тұрған «Айқап» журналының төңірегіне шоғырланған зиялылармен 
салыстырмалы түрде көрсететін болсақ, екеуінің арасындағы айырмашылықтар 
анық байқалады. «Айқап» журналының беттерінде шаруалар отарлауы, жер 
мәселесі т.б. журнал бетінде үнемі жарияланып тұрды. Сонымен бірге патша 
өкіметінің қоныстандыру саясатының мәнін, мақсатын, жай-жапсарын 
түсіндіруде үлкен насихат жұмыстарын жүргізді. Журнал беттерінде 
отырықшылыққа шақыру жайында басылған мақалалармен қатар оған қарсы 
пікір айтушылардың да көзқарастары басылды. Отырықшылыққа көшу, қала 
салу идеясын ұстану бағытында журнал беттерінде «Қазақ өкпесі», «Тағы да 
жер жайынан, «Жер мәселесі», «Біздің бұрынғы һәм қазіргі халқымыз», «Көшіп 
жүру керек деушілердің пікірі», т.б. шағын мақалалар жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет