Жергілікті билікті ұйымдастыру туралы білімнің теориялық негізін Алексис де Токвил, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады. А.Токвил «ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды» деп атап көрсетсе, француз саясаткері Ги Сорман «орталыксыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту - ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз» болады деген ой айтады. Осындай идеялар жергілікті басқару туралы ұсыныстардың қалыптасуына арқау болғаны рас. Ел экономикасының бәсекеге кабілетін арттырудын маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру. Бұл сапаның тиімділігін кетеру - шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін барынша тереңірек өндеу және экономиканың өңдеушісалаларымен өндірістік тізбек орналастыру арқылы агроөнеркәсіп кластерлерін қалыптастыру болып табылады. Қазақстанда 2015 жылға дейін индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға байланысты бірнеше кластерді құру міндеттері күн тәртібіне қойылған. Қазіргі кезде еліміздің экономикасы шикізаттық сипатта болғандықтан, кластерлерді енгізу және дамыту барысында Үкімет (оның жергілікті баскару органдары) пен жеке сектор арасында тиісті қарым-катынас орнығуы керек. Сондықтан жергілікті мәселелерді жедел шешу қажетгілігі туындап отыр. Қауым еркіндігінің идеясы жергілікті басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына айнала бастады және бұл теорияның негізгі белгілері төмендегідей болды (оның негізін салушы ресейлік ғалымдар Н.М. Коркунов, П.П. Гронский, Н.И. Лазаревский, М.Д. Загряцков және т.б) Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы» Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс істеді. Іс жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі бағытқа негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық негізін кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашылық байланыстар және қоғамдық сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл субъектілердің рөлдері әр түрлі. Кәсіпорындар өз пайдасын немесе тауарын, қызметін қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытгаса, кейбіреулері нормативті (занды негізде) және қоғамдық (өз еріктерімен) негізде халықтың мүддесін қорғауға қатысады, ал жергілікті басқару органдарының міндеті аталған екеуінің іс-әрекетін халық мүддесі реттеу болып табылады. Осындай жіктеудін құндылығы сол - жергілікті мәселелердің шешімін табуында субъектілердің рөлі мен орнын анықтау, жергілікті шаруашылықта басқару үрдісінде оның атқаратын іс-әрекетгерінің мақсатгарын белгілеу, ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |